Болымсыз етістіктерді тап

Сабақ тақырыбы

Болымды және болымсыз етістік

Мақсаты

  1. Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын және мағынасын меңгерту; етістік туралы білімді тереңдету.
  2. Сөздік қорды, тіл мәдениетін дамыту; сауатты әрі көркем жазу дағдыларын жетілдіру; танымдық-ізденушілік әрекетті белсендіру.
  3. Әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа және ұлттық мәдениетті бағалауға тәрбиелеу.

Әдісі

  • Тірек сызба арқылы оқыту
  • Топтау
  • Венн диаграммасы

Көрнекілігі

  • Тірек сызба
  • Деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз — білім алу.
Міндетіміз — еңбектену.

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Әдебиеттік оқу пәнінен оқыған «Көктем сәні» мәтінін еске түсірейік: көктем сәні нелер деп аңдар айтты?

Неліктен көктем сәнінің бірі — шуақты күн деп ойлайсыңдар?

Барлығыңа күндей шуақты көңіл күй тілеймін.

«Күн не істейді?» — тірек сызба

Күн не істейді? Төмендегі сөздерді сызбаға түсірейік.

Күн

ерітеді

Күн

тірілтеді

Күн

жылытады

Күн

қарайды

Күн

төгеді

Күн

жандандырады

Осы сөздерге сұрақ қояйық: Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Бұл сөздер заттың қимылын білдіреді, сондықтан олар етістік сөз табына жатады.

Үй тапсырмасын тексеру

  • 26-жаттығу: орындалуын тексеру.
  • «Етістік» сөзінен баспалдақ құрастыру: 3 қатар өз баспалдағын құрайды.

Зерделі сұрақ — дәлелді жауап!

Етістік туралы қайталау

Негізгі сұрақ

Етістік дегеніміз не?
Етістік — заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы.

Түрлері

Етістіктің түрлері қандай?
Етістік бірнеше белгі бойынша жіктеледі.

1) Құрамына қарай

  • Дара — бір сөзден тұрады: оқы, жаз.
  • Күрделі — екі-үш сөзден тұрады: келе жатыр.

2) Тұлғасына қарай

  • Негізгі — түбір сөзден болған етістік: жүр, күт.
  • Туынды — түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалады: ақылдас, ақта.

3) Іс-әрекеттің орындалуына қарай

Болымды

Іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Болымсыз

Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

Жаттығу 28: Болымды — болымсыз

Төмендегі жұптарды көшіріп жазыңдар. Қосымшалы етістіктерді талдаңдар.

Жұп

жүз — жүзбе

Жұп

күл — күлме

Жұп

төк — төкпе

Жұп

жаз — жазба

Жұп

бар — барма

Жұп

тақ — тақпа

Неліктен олай топтадыңдар?

  • Бірінші қатар — іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
  • Екінші қатар — іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

Қорытынды (ереже)

Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді.
Болымсыз етістік болымды етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мысалдар:

айт — айтпа, жаз — жазба, кет — кетпе, сөйле — сөйлеме.

Жаттығу 29

  • Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
  • Болымсыз етістіктерді табыңдар.
  • Олардың қалай жасалғанын түсіндіріңдер.

Бастауыш сынып мұғалімі: Аршатай А. Қ.