Алтынсарин Атымтай жомарт

Сабақ тақырыбы

Қазақ әдебиеті (5-сынып). Ы. Алтынсариннің «Атымтай жомарт» әңгімесі негізінде жомарттық пен сараңдық ұғымдарын талдау, мәтіндегі салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеуді табу.

Оқу мақсаттары (5.А.И.1)

Әдеби шығармадағы салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді анықтау және талдау.

Сабақ мақсаты

  • Барлық оқушылар: салыстыра және қарама-қарсы суреттеу туралы түсінік алады, өз ойымен байланыстырады.
  • Оқушылардың көпшілігі: әңгімедегі қарама-қайшы ұғымдарды салыстырады, ажыратады, сөз мағыналарын түсіндіреді.
  • Кейбір оқушылар: байлық пен кедейлік, жомарттық пен сараңдық ұғымдарын өмірмен байланыстыра талдап, дәлелді қорытынды пікір айтады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннен салыстыра және қарама-қарсы суреттеулерді нақтылап көрсетеді.
  • Қарама-қайшы ұғымдарды салыстырып, айырмашылығын түсіндіреді.
  • «Жомарттық», «сараңдық» ұғымдарының мәнін ажыратып, өмірмен байланыстыра талдайды және тұжырымды пікір айтады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар «Атымтай жомарт» әңгімесіндегі қарама-қарсы ұғымдарды анықтап, салыстырады және ой қорытынды жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

  • көңілге жел кіру
  • ескі-құсқы
  • жарлы
  • әбірет
  • пұл
  • кем-кетік
  • тұтынсам

Құндылықтарға баулу

Еңбек, жауапкершілік, денсаулық, достық, өмір бойы білім алуға дайын болу құндылықтарын дамыту; жеке, жұптық және топтық жұмыс арқылы білімді шығармашылық тұрғыда қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс және алдыңғы оқу

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі, ұлттық педагогика.

Алдыңғы оқу

Ы. Алтынсариннің «Атымтай жомарт» әңгімесі.

Сабақтың құрылымы

Сабақтың басы

3 минут

Ынтымақтастық атмосферасын орнату: «Мен қандаймын?» (акроним әдісі)

Оқушылар түстер үйлесімділігіне қарай жұптасып, лентаның түсін таңдайды. Лентаның екі ұшынан ұстап тұрып, өз есімдерінің бас әрпіне сәйкес бір жағымды және бір жағымсыз қасиетін айтады.

Мысал

Махмұт — мырзамын. Саят — сараңмын. Қарлығаш — қызғаншақпын. Айда — ақылдымын.

Мақсат

Өзін таныту, бірін-бірі тыңдау, пікір айтуға қауіпсіз орта құру.

«Сен — маған, мен — саған» әдісі: бастапқы сұрақтар

  • Атымтай жомарттың бойынан қандай ізгі қасиеттерді байқадыңдар?
  • Сендердің бойларыңда сондай қасиеттер кездеседі ме?
  • Ы. Алтынсариннің Атымтай жомарты туралы қандай дәлел келтіре аласыңдар?
  • Бүгінгі күннің «Атымтай жомарттары» бар ма? Нақты мысалмен дәлелдеңдер.

Негізгі ұғымдарды нақтылау

Салыстыра суреттеу

Ұқсату арқылы адамның ішкі және сыртқы әрекеттерін байланыстырып, заттар мен құбылыстарды салыстыра сипаттау.

Қарама-қарсы суреттеу

Антонимдік мағына арқылы екі ұғымды қарсы қоя отырып суреттеу.

Оқушылардың пікірлері тыңдалғаннан кейін теориялық түсінік беріледі және сабақ мақсаттары нақтыланады.

Сабақтың ортасы

25 минут

1-топ: «Жылқы сұлбасы» стратегиясы

  1. 1.Жылқының басына әңгімедегі қарама-қарсы суреттеуді жазыңдар.
  2. 2.Жылқының ішкі бөлігіне әңгімедегі салыстыра суреттеулерді жазыңдар.
  3. 3.Жылқының төрт аяғына Атымтай жомарт айтқан төрт себепті жазыңдар.

Дескриптор

  • Дәлелі бар сөйлемдер жазады.
  • Салыстыра және қарама-қарсы суреттеулерді жазып, қорытынды жасайды.

2-топ: «Төрт сөйлем» тәсілі

  1. 1.Пікір: мәтін бойынша өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
  2. 2.Дәлел: пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
  3. 3.Мысал: пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
  4. 4.Қорытынды: тақырып бойынша түйін жаса.

Дескриптор

  • Дәлелі бар сөйлемдер жазады.
  • Пікірін өмірмен байланыстырады.
  • Ойын жүйелі әрі нақты жеткізеді.

3-топ: «Үш жақты күнделік»

Мәтіндегі маңызды ойды, оған қатысты дәлелді үзіндіні және жеке пікірді үш бөлікке бөліп жазады (дәйексөз — түсініктеме — қорытынды ой).

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды: екі ұтымды тұсын атап, бір ұсыныс айтады.