Асын жөндеп іше алмай қысылады, Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр
Қараша, желтоқсан мен сол бір - екі ай
Қыстың басы, бірі ерте, біреуі жәй.
Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.
Кедейдің өзі жүрер малы бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап,
Кемпір - шалы бар болса, қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда о да азнап.
Кәрі қой ептеп сойған байдың үй,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да – қылған кедейге үлкен сыйы.
Қар жауса да, таңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.
Бай үйіне кіре алмас тура ұмтылып,
Бала шықса асынан үзіп - жұлып,
Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,
Үйген жүктің күн жағын орын қылып.
Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,
О да өзіңдей ит болсын, азғыр, азғыр.
Асын жөндеп іше алмай қысылады,
Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.
Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір, жалшыдан бейіл де жоқ,
Аңдыстырған екеуін, құдайым - ай!
Алса да аяншақтау кедей сорлы,
Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.
Жас бала, кемпір - шалын тентіретпей,
Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.
Абай поэтикасының Абай жолы эпопеясында әлеуметтік, теңсіздік мәселелері
Абай өлеңдері тілінің зерттелуі
Абайдың барлық өлеңі
Сегізінші өлеңнің өлшеуі
Әкем абай туралы
Еңсеп. Әңгіме
Абай Жолы романының қысқаша мазмұны
АБАЙ ЖОЛЫ РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ
Ұлттық киімдердің түрлері
Бернияз Күлеев поэзиясының көркемдік ерекшеліктері
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Индустриялдық – инновациялық бағдарламасының негізі
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Адамдар арасындағы қарым-қатынастар
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау