Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар

Сабақтың тақырыбы

Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Өскіннің пайда болуы.

Сабақтың мақсаты

Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлармен және өскіннің пайда болуымен таныстыру, оқушылардың білімін бекіту.

  • Тәжірибе арқылы тұқымның өнуіне қажет жағдайларды анықтау.
  • Сыныптық жұмыс арқылы білімді жүйелеу және жинақтау.

Дамытушылық мақсаты

Таратпа материалдар, тест тапсырмалары және ойын элементтері арқылы ойлау қабілетін дамыту; дұрыс сөйлеуге және сауатты жазуға дағдыландыру.

Тест сұрақтары «Сиқырлы шарлар» «Жапырақ теру»

Тәрбиелік мақсаты

Адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, туған елге және өскен жерге сүйіспеншілікті арттыру, халықтық салт-дәстүр мен санаға тәрбиелеу.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, ойын технологиялары, түсіндіру, пәнаралық және пәнішілік байланыс тәсілдері.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • Тұқым үлгілері, өнген тұқымдар
  • Үрмебұршақ пен бидай дәнінің құрылысы (плакат/сызбанұсқа)
  • Өскін плакаты, тұқымдар туралы буклет
  • «Сиқырлы шарлар», «Жапырақ теру» ойын плакаттары
  • Жемістер мен емен тұқымдарының таралу кестесі
  • Тест тапсырмалары, карточкалар, таратпа материалдар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасып, сабаққа қатысуын түгендеймін. Оқушыларға шағын тәжірибені көрсетіп, назарын жаңа тақырыпқа аударамын.

Бекіту: «Жапырақ теру» ойыны

Оқушыларға сұрақтар қойылып, өткен білім қысқаша қайталанады.

  1. Тұқымның өнуі үшін не қажет?
  2. Тұқымның өнуі дегеніміз не?
  3. Су, жылу, ауа не үшін қажет?
  4. Тұқым өнгенде қандай өзгерістер болады?
  5. Тұқымға ауа жетіспесе, өне ме?
  6. Тұқымға ыстық су құйылса, неліктен өнбейді?
  7. Күз мезгілінде қандай тұқымдар себіледі?

Үй тапсырмасын тексеру: «Сиқырлы шарлар» ойыны

Оқушылар екі топқа бөлінеді: қыздар және ұлдар. Үй тапсырмасы ойын арқылы сұралады.

Үй тапсырмасы

  • Тұқым тақырыбы
  • Қос жарнақты және дара жарнақты тұқым құрылысы
  • Сурет салу, кітапша (дәптер) толтыру
  • Өздері өндірген тұқым үлгілерін көрсету

Қосымша жұмыс

Тест тапсырмалары мен карточка берілген оқушылармен жеке және жұптық жұмыс жүргізіледі.

Қыздар тобына сұрақтар

  1. Қос жарнақты тұқымның құрылысын талдап беріңдер.
  2. Дара жарнақты тұқым құрылысының ерекшеліктері қандай?
  3. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдарды салыстырып, сызбанұсқа арқылы түсіндіріңдер.
  4. Дара жарнақты өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?
  5. Тұқым қай өсімдіктерде өте көп түзіледі?

Ұлдар тобына сұрақтар

  1. Тұқым дегеніміз не?
  2. Үрмебұршақ тұқымында қоректік заттар қайда жиналған?
  3. Бидай тұқымында қоректік заттар қайда жиналады?
  4. Жеміс және тұқым ұғымдарын түсіндіріңдер.
  5. Дәнек дегеніміз не?

Жаңа сабақ: тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар

Өсімдіктер тіршілігіндегі құбылыстарды түсіну үшін олардың мүшелері мен жасушаларының құрылысын ғана емес, тұқымның өнуіне қажет жағдайларды да білу маңызды. Толық пісіп-жетілген тұқымдар тек қолайлы орта болғанда өнеді.

Негізгі шарттар

Су Жылу Ауа Жарық

Қандай жағдайда тұқымның өнетінін тәжірибе арқылы анықтаймыз.

Тәжірибе: 4 стакан әдісі

Төрт стакан алып, әрқайсысына жүгерінің 10 құрғақ тұқымын саламыз. Әр стаканды нөмірлейміз де, төмендегі шарттарды орындаймыз.

1-стакан

Құрғақ орта

Стаканды шынымен жабамыз.

2-стакан

Ылғал + ауа

Түбіне суланған мақта не сорғыш қағаз саламыз, үстіне тұқымдарды орналастырамыз. Ылғалды сақтап, бетін шынымен жауып, мақтаның үнемі дымқыл болуын қадағалаймыз.

3-стакан

Суға бату

Тұқымдар суға толық батып тұратындай етіп су құямыз.

4-стакан

Жылусыз орта

2-стакандағыдай: тұқымдарды дымқыл матаның үстіне қоямыз, бірақ салқын жерде ұстаймыз (жылу жеткіліксіз болады).

Нәтиже (5–7 күннен кейін)

  • 1-стакан: өзгеріс жоқ. Құрғақ тұқымдар ұзақ уақыт сақталады.
  • 2-стакан: тұқымдар өнеді: алдымен бөртеді, кейін қауызы жарылады, ұрық көрінеді.
  • 3-стакан: тұқым бөртеді, бірақ өнбейді — ауа жетіспейді.
  • 4-стакан: тұқым өнбейді — жылу жоқ.

Қорытынды: тәжірибе тұқымның өнуіне су, ауа және жылу қажет екенін дәлелдейді.

Оқулықпен жұмыс

Дәптерге орындалатын тапсырмалар

  • Тұқымның өнуіне қажетті жағдайларды және өскіннің пайда болуын сызбанұсқа түрінде көрсету.
  • Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары бойынша қорытынды кестені сызу.
  • Өскіннің суретін салу.

Білімді тексеру

Оқулықтағы 93-бет: «Біліміңді тексер» тапсырмаларын орындау, кестені толтыру.

Сабақ соңында негізгі ұғымдар қайталанып, қорытынды жасалады. Оқушылар бағаланып, үй тапсырмасы беріледі.