Мәтінді оқып, түсінгендеріңді әңгімелеңдер
С. Аманбайұлы атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Саякова Нұргүл
Сабақ тақырыбы
Буын және оның түрлері
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: жаңа тақырыпты меңгерту; сөздегі буынды таба білуге және өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
- Дамытушылық: теориялық білімді тәжірибеде қолдануға дағдыландыру; тапқырлықты, шебер сөйлеуді және тілдік қорды дамыту.
- Тәрбиелік: бір-біріне көмектесуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу және ана тілін сүюге баулу.
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Сабақтың әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырмалар, баяндау
Көрнекіліктер
- Кестелер
- Сызбалар
- Үлестірмелі қима қағаздар
- Ребустар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу
- Психологиялық дайындық
2) Үй тапсырмасын тексеру
- Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру
- Өткен тақырып бойынша ережелерді ауызша сұрау
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Буын — сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстың тобынан жасалатын фонетикалық бөлшек.
Мысалдар
ба-ла-лар
мек-теп-ке
кел-ді
Буынның түрлері
Ашық буын
Жалғыз дауыстыдан құралады немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады.
Тұйық буын
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталады.
Бітеу буын
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталады (дауысты дыбыс ортасында келеді).
Кестеден түсінгендеріңді тақтадағы мысалдар арқылы бекітейік.
1-топ мысалдары
а-ға, а-дам, а-та, қа-ла, ба-ла, т.б.
2-топ мысалдары
ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, ас, т.б.
3-топ мысалдары
тал, төрт, бар, жаз, кел, қарт, т.б.
Топтық жұмыс: жаттығулар мен тапсырмалар
Оқушылар 3 топқа бөлініп, төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1-топ — 298-жаттығу
- Өлеңді оқып, неше жетім түрі аталғанын және олардың себептерін айтыңдар.
- Әр сөздің неше буыннан тұратынын анықтап, буын түрлеріне бөліп жазыңдар.
- Сөздің түбірін көрсетіп, буынның қай түріне жататынын айтыңдар.
2-топ — 299-жаттығу
- Мәтін тақырыбы бойынша (өнер туралы) әңгімелеңдер.
- Әл-Фараби туралы не білетіндеріңді және Қазақстанда оның қалай құрметтелетінін, себептерін айтып беріңдер.
- Мәтіннен буын жігі ауысқан сөздерді табыңдар.
3-топ — 300-жаттығу
- Мәтіндегі ұлағатты сөздердің мәнін түсініп оқыңдар.
- Әр сөздегі буын түрлерін ажыратыңдар.
- Ұлағатты сөздердің бірін эпиграф етіп алып, сол мәселе бойынша өз ойларыңды жазыңдар.
5) Ой сергіту сәті
Бұл тапсырма үш топқа да ортақ: төмендегі әріптерден бірнеше сөз құрап, әр сөздің буын санын және буын түрлерін анықтаңдар.
1-топ
А · С · Т
2-топ
Ш · Ә · Н
3-топ
Қ · М · Е
6) «Ойлан, тап!»
Әр топ өздері мақал-мәтел, жұмбақ немесе нақыл сөз құрастырып, оны буынға бөліп жазады.
Мысал
Бі-лім-ді-лік-тің ең бас-ты фак-то-ры ту-ған ті-лін-де сөй-леу мен о-ны сый-лау-дан бас-та-ла-ды. (Г. Гегель)
7) Жаттығуларды талдау
1-топ — 301-жаттығу
- Мәтінді түсініп оқыңдар.
- Ғалым-жазушы М. Әуезовтің пікірін қалай түсінгендеріңді әңгімелеңдер.
- Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді табыңдар.
2-топ — 302-жаттығу
- Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріңдер.
- Мәтіннен өздерің қалаған 3 сөзді буынға бөліп жазыңдар және буын түрлерін ажыратыңдар.
- Көбелектің, тиіннің, құмырсқалардың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?
3-топ — 303-жаттығу
- Мәтінді оқып, түсінгендеріңді әңгімелеңдер.
- Мәтіннен аралас буынды сөздерді тауып, жазып, буын түрлеріне ажыратыңдар.
- Мәтіндегі сөздердің түбірін жазыңдар; негізгі және туынды түбірдің айырмашылығын атаңдар.
Сабақты бекіту: «Мықты болсаң, шешіп көр!»
Әр топқа жеке ребус беріледі. Ребуста жасырылған сөзді тауып, оның буын санын анықтап, буын түрлеріне қарай талдап беріңдер.
Сабақты қорытындылау
Әр оқушыға үлестірмелі қима қағаздар таратылады. Сол тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар жаңа сабақтан түйгендерін жүйелейді және қорытынды жасайды.
Үй тапсырмасы
- 304 және 305-жаттығуларды орындау.
- Буын түрлеріне байланысты мысал сөздерден криптограмма құрастырып келу.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділігі ескеріле отырып, бағаланады.