Себетпен кәмпит әкелу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні · Сыныбы

Математика, 2-сынып

Тақырыбы

Сандар сыры

Уақыты

Сабақтың басталуы: 5 минут

Оқу мақсаттары

  • Ондықтар мен жүздіктерді құрастыру.
  • 1000-ға дейін жүздіктермен санау және жазу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың барлығы

  • Оқулықтағы және қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Жазба жұмысын орындайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көбісі

  • Топтық жұмысты бірлесе орындайды.
  • Өз бетінше жұмыс істейді.
  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Қосымша үлестірме материалдармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбірі

  • Оқулықтан тыс қосымша тапсырмаларды орындайды.
  • Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

  • Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
  • Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар мен тәсілдер

Ресурстар

  • Оқулық.
  • Суреттер.
  • Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және түрлі заттар.
  • Топтық тапсырмалар.
  • Кері байланысқа арналған стикерлер.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап.
  • Әңгімелеу.
  • Түсіндіру.
  • Ойын.
  • Көрнекілік.
  • Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, көркем еңбек.

Сабақтың басталуы (5 минут)

1) Бағалау парақшасымен таныстыру

Оқушыларға бағалау парақшасының құрылымы мен талаптары түсіндіріледі.

2) Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Аялы алақан»

Мақсаты — жылылық, сенімділік және еркіндік деңгейін арттыру. Қатысушылар шеңбер болып тұрады.

Өлең жолдары

Біздің келер шамамыз,

Бестен үшті аламыз.

Төртті қосып екіге,

Жауабын тез табамыз.

3) Білімді анықтау: «Өрмекші торы»

«Өрмекші торы» әдісі арқылы оқушылардың математикадан алған білім деңгейі байқалады және қысқаша кері байланыс беріледі.

Топқа бөлу және тапсырмалар

Топқа бөлу: «Кәмпиттер себеті»

Мұғалім себетпен кәмпит әкеледі. Оқушылар себеттен бір кәмпиттен алады. Кәмпиттің түсіне қарай 3 топқа бөлініп отырады:

1-топ

Сары кәмпиттер

2-топ

Көк кәмпиттер

3-топ

Қызыл кәмпиттер

1-топ: бір таңбалы сандар

Келесі сандарды жазу:

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9

2-топ: екі таңбалы сандар

Келесі сандарды жазу:

10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90

3-топ: үш таңбалы сандар

Сандар қатарын жазып, постерді қорғайды:

100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 1000

Автор туралы

Байқоңыр қаласы №275 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Халдарова Гүлмира Еркінқызы.