Кто сильнее

Өмірбаяны

Ескен Елубаев 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында дүниеге келген. 1958 жылы Отар стансасындағы №29 теміржол орта мектебін бітірді.

1966 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін тәмамдады. Сол жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, сондай-ақ «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында қызмет атқарды. «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары болды.

Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жарияланды. Негізінен балаларға арнап жазады.

Драматургиясы және экрандағы туындылары

Автордың «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. «Балабек» және «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында сахналанып келеді.

«Саған күшік керек пе?» кинофильмі автор пьесасы негізінде түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енгізілген.

Марапаттары мен жетістіктері

  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994).
  • Ұлттық «Астана – Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007–2008).
  • Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008).
  • Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл медалімен марапатталған.
  • Мемлекеттік грант иегері.

Қысқаша дерек

Қырықтан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. Қазір зейнеткер.

Негізгі кітаптары

«Көк жейде»

Өлеңдер. Алматы: «Жазушы», 1967.

«Көкпар»

Өлеңдер. Алматы: «Жазушы», 1970.

«Баламысың деген»

Өлеңдер. Алматы: «Жалын», 1981.

«Өжет»

Пьесалар, тақпақтар. Алматы: «Өнер», 1984.

«Кто сильнее?»

Стихи. Алматы: «Жалын», 1984.