Сын есімнің шырайлары
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні мен сыныбы
4-сынып, қазақ тілі
Тақырыбы
Сын есім және оның түрлері
Жаттығулар
451–455
Сабақ түрі
Модульдік оқыту технологиясы, «Қарлы кесек» ойыны форматында
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу, дүниетану
Көрнекіліктер
Бағыттау парағы, жетондар, топ белгілері, суреттер, оқулық
Топтар
А тобы, В тобы, С тобы (жарыс түрінде)
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Сын есімнің мағыналық және құрамдық түрлерін, белгілері мен ерекшеліктерін еске түсіре қайталау арқылы оқушылардың «сын есім және оның түрлері» тақырыбы бойынша білімін тереңдету. Ой бөлісуге үйрету және белсенді сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
Көпшілдікке, кішіпейілділікке, ынтымақшылдыққа, адамгершілікке, шапшаңдық пен әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Танымдық түсініктерін тереңдету; ой ұшқырлығын, есте сақтауын және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
Ұйымдастыру кезеңі
1) Қатысымды тексеру және психологиялық дайындық
Оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріліп, жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін өлең жолдары оқылады.
Қазақ тілі — өз жұлдызың көктегі,
Қазақ тілі — көгіңдегі шамшырақ.
Қазақ тілі — өмірің де, өлең де,
Қазақ тілі — тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі — болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге.
2) Топқа бөлу және жұмыс тәртібі
Оқушылар үш топқа бөлінеді: А, В, С. Сабақ «Қарлы кесек» ойыны түрінде өткізіліп, әр топ өз топбасшысын сайлайды.
Негізгі қағида
Бір-біріне көмектесу, тыңдай білу, дәлелмен жауап беру және тапсырманы уақытында орындау.
Үй тапсырмасын тексеру (I кезең)
Үй тапсырмасы топ жетекшілері арқылы тексеріледі. Әр жауап үшін жетон беріледі; топ мүшелері пікір алмасып, қажет жағдайда бір-біріне қолдау көрсетеді.
А тобы
- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есімнің негізгі белгілері қандай?
- Сын есімнің түрлерін ата. Туынды сын есім дегеніміз не?
- Бір мақал айт.
- Негізгі сын есім дегеніміз не?
- Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай дегеніміз не?
В тобы
- Дара сын есім дегеніміз не?
- Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
- Сурет (алма) бойынша не айта аласың?
- Күрделі сын есім дегеніміз не?
- Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
С тобы
- Күрделі сын есімді қатыстырып бір сөйлем айт.
- Сын есім түрлеріне 5 сөз ойлап тап.
- Асырмалы шырай дегеніміз не?
- Бір мақал айт.
- Сапалық және қатыстық сын есім туралы не білесің?
- Бір жұмбақ айт.
Оқулықпен жұмыс (II кезең)
Көркем жазу және талдау
Әр топ фонетикалық талдау жасайды: қызыл, өнерлі, қалың — жұқа.
Жұмыс тәртібі
- «Жүру парақшасы» бойынша өз үстеліне орналасу
- Топбасшының тапсырманы қабылдауы
- Оқулықпен бірізді жұмыс
Жаттығулар (452–455)
А тобы
- 453-жаттығу: дара сын есімдерден күрделі сын есім жаса; күрделі сын есімді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
- 455-жаттығу: 1–2-сөйлемді оқып, ауызша талдау жаса.
В тобы
- 452-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп жаз; сын есімдердің астын сыз; екінші сыңарларына назар аудар (тақтада).
- 455-жаттығу: 3–5-сөйлемді оқып, ауызша талдау жаса.
С тобы
- 454-жаттығу: өлеңді жатқа жаз; күрделі сын есімдердің астын сыз.
- 455-жаттығу: 6-сөйлемді оқып, ауызша талдау жаса.
Сергіту сәті
«Ең… Ең… Ең…» ойыны арқылы оқушылар сын есімнің шырайларын қолдана отырып, жылдам жауап береді.
Шығармашылық тапсырмалар (III кезең)
Бұл кезеңде оқушылар сын есімді сөйлеу барысында орынды қолдануға машықтанады: сөйлем құрау, мәтін құрастыру, сипаттау және тілдік ойындар.
А тобы
- Сын есімді қатыстырып өз ойыңнан сөйлем құра.
- Құрған сөйлемді ауызша талда.
В тобы
- Сурет бойынша сөйлем құрастыр.
- «Құм» және «саз» сөздерін қатыстырып шағын мәтін құрастыр.
- Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өлең құрастыр:
… сыйлаймын
… тыңдаймын
… аламын
… баламын
- Күн суретін сипатта.
- Қарсы мәндес сын есімдерге мысал келтір.
С тобы
- Сурет бойынша мәтін құрастыр.
- Бір сын есім ойлап тауып, оны қазақша–орысша–ағылшынша айтып бер.
- Жаңылтпаш айт.
- Қатыстық сын есімге сөз ойлап тап.
- Өзің білетін шешендік сөзден мысал келтір.
Сабақты қорытындылау
«Топтастыру» стратегиясы
Не үйрендік? Не білдік? Оқушылар негізгі ұғымдарды жинақтап, қорытынды жасайды.
- Сын есімнің анықтамасы және негізгі белгілері
- Сын есімнің мағыналық және құрамдық түрлері
- Шырай түрлері және оларды сөйлемде қолдану
Бағалау
- Әр топтың жалпы ұпайын есептеу
- Жеке оқушыларды жетон санына қарай бағалау
Үй тапсырмасы
«Сын есім және оның түрлері» тақырыбын қайталау.