Сан есімдерді тап

Сабақтың мақсаты

1) Танымдық

Сан есім туралы түсінік беру және оның құрамына қарай бөлінуін түсіндіру.

2) Дамытушылық

Жаттығулар арқылы практикалық дағды қалыптастыру; теориялық білімді нығайтып, сауаттылықты, тіл байлығын, шешендік қабілетті дамыту.

3) Тәрбиелік

Оқушыларды елін, жерін сүюге, құрметтеуге және шешендікке баулу.

Ұйымдастыру: сабақтың рухани арқауы

Сабақ еліміздің Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 20 жыл толуына арналады. Осы ойды ашу үшін сабақ басында М. Шахановтың «Желтоқсан тағылымы» өлеңінен үзінді оқылады.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!

Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!

М. Шаханов

Өлеңдегі ой сабақтың үнімен астасады: еліміздің жалауын биікке желбірететін жас өркен — бүгінгі оқушы. Одан кейін 3 топ ұрандарын айтып, өздерін таныстырады.

Үй тапсырмасын тексеру

I) Теория және жаттығу

  • Сын есімнің мағыналық түрлерін қайталау.
  • 155-жаттығу: мәтінді оқып, неге «Әділетсіздік» деп аталғанын дәлелдеу; сөйлемдердегі сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырату.

II) «Жасырынған сұрақтар»

Оқушылар сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді:

  1. Сын есім дегеніміз қандай сөз табы?
  2. Негізгі сын есім дегеніміз не?
  3. Туынды сын есім дегеніміз не?
  4. Күрделі сын есім дегеніміз не?
  5. Дара сын есім дегеніміз не?
  6. Сапалық сын есім дегеніміз не?
  7. Қатыстық сын есім дегеніміз не?
  8. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
  9. Зат есім: жалпы және жалқы есім дегеніміз не?

Жаңа сабақ: сан есімнің ережесін шығару

Тақырыпқа шығу үшін мақал-мәтелдердегі түсіп қалған сөздерді таптыру ұсынылады:

Білекті ... жығар, білімді ... жығар.

Мақсат: сан есімнің сөйлемдегі қызметін аңғарту.

... ала болса, ауыздағы кетеді, ... түгел болса, төбедегі келеді.

Мақсат: сан есімнің нақтылық беретінін көрсету.

... сомың болғанша, ... досың болсын.

Мақсат: сан есім арқылы мөлшер мен салыстыруды аңдату.

Анықтама

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? неше? нешеу? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөз табы сан есім деп аталады. Құрамына қарай сан есім дара және күрделі болып бөлінеді.

Бекіту: деңгейлік тапсырмалар

Алгоритмдік деңгей: «Кім жылдам?»

159-жаттығу: мәтіндегі сан есімдерді тауып, дара және күрделі түрлеріне ажыратып белгілеу.

Дара сан есім Күрделі сан есім
жүзінші, үшінші, бесінші, он, жиырма, отыз, алты, он үш мың тоғыз жүз қырық екінші, жиырма бесінші, жиырма екінші, үш жүз он алтыншы, жиырма екі

Үзінді мазмұны Ә. Нұршайықов шығармасынан алынған. Тапсырма мәтіндегі тарихи дерек пен санның байланысын байқатады: сан есім сөйлемге нақтылық пен дәлдік береді.

Сергіту ойыны

Ереже: дара сан есім айтылса — шапалақтау, күрделі сан есім айтылса — орнынан тұру.

екінші қырық–елу тоғыз жүз бір жетеу жүздеген үш-үштен бесеу он бүтін жүзден елу бір тоқсан жүз шақты

Поэзия минуты

Оқушылар мәнерлеп өлең оқиды. Мақсат — тілдік сезімді күшейтіп, мәтіндегі көркемдік пен мағынаны талдауға дағдыландыру.

Эвристикалық деңгей: ізденіс және дәлел

1-топ

«Қазақтың қонағы неше түрлі болады?» тақырыбы бойынша шешендік сөздерден сан есімдерді табу, ажырату, көрініс көрсету.

2-топ

«Дүниеде не өлмейді?» тақырыбы бойынша сан есімдерді тауып, құрамына қарай талдау, көрініс көрсету.

3-топ

«Он бес жас құйын қуған желменен тең» сөйлеміндегі сан есімнің мәнін ашып, тілдік талдау жасау.

Қосымша: М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңінде «төрт» сөзі неше рет қайталанатынын анықтау.

Мәтінмен жұмыс: түсіну, талдау, табу

1) «Тарихы терең ел»

Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын қысқаша айту. Жалқы зат есімдерді табу.

Арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқары бар сайын дала, жазиралы жерді мекендеген мейірбан халқы бар ел — Қазақстан. Ол — бүкіл қазақ халқының атамекені, кіндік қаны тамған киелі жер. Ол — дүниежүзіндегі барлық қазақтардың Отаны. Қазақстан Республикасы — өз тәуелсіздігін алған, өркениетке бет бұрған егеменді ел. Әр қазақ азаматының парызы мен қарызы — ұлтының ұлықтығы, теңдігі, елдігі үшін тер төгу. Бұл сезім тәуелсіз Қазақстанның азаттығын аялаудан, ұлан-байтақ жерді, ұланғайыр байлықты ардақтаудан басталады. Тарихын, ерлікке толы сахара жұртының ғұмырын тасқа қашап қалдырған Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған бабалардың асқақ рухы — ұлттық мұралардың қайнар көзі. Заманында әлем өркениетімен иық теңестірген салтанатты шаһарлар, сәулетті кенттер қазақ елінің алып мемлекет болғанын айғақтайды.

2) «Тәуелсіз Қазақстан»

Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын қысқаша айту. Сан есімдерді табу.

Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп жүреміз. «Отан отбасынан басталады» дейді халық. Отан дегеніміз — адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен, бүкіл жарандарымен бірге тұратын мекені. Қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны — Қазақстан Республикасы. 1991 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз — Қазақстан тәуелсіз Республика болып жарияланды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы қанша қиыншылықты бастан өткізді. Әр мемлекеттің дербес, тәуелсіз ел болуы — барша бақыттың бастауы. Елдің өз құқы өз қолында, ешкімге тәуелді емес. Бұл күнде дүние жүзінің бірқатар елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр. Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.

3) «Қонақжай халық»

Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын қысқаша айту. Сын есім мен сан есімді тауып, мағыналық түрлерін ажырату.

Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды құрметпен қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге қонақ бола береді. Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу — ұят. Қонақ күту — қазақ халқының ең жауапты ісі. Келген қонақты риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын ұсынылады. Содан кейін шай ішеді. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйші, өнерлі адамдарды шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Халқымызда «қырықтың бірі — Қыдыр» деген сөз бар. Бұл сөздің мағынасы өте терең. Ата-бабаларымыз қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң — құт, ырыс қашып кетеді деп ырымдаған. Бұл дәстүр қазір де бар. Оның дәлелі — шетелден келушілердің: «Қазақ халқы — қонақжай халық» деген пікірі.

Шығармашылық деңгей: «Аяқталмаған ой…»

Әр топ берілген бастаманы жалғастырып, ойды байланыстырып жазады (ауызша/жазбаша):

1-топ

Мен Президент болсам…

2-топ

Менің тәуелсіз елімде…

3-топ

Туған жер…

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  • Сан есім туралы түсінікті қайталау: дара және күрделі сан есім.
  • 161-жаттығу: сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» тақырыбында шағын шығарма жазу.

Бағалау

Топ басшылары топ мүшелерінің белсенділігіне, жауаптарының дәлдігіне және тапсырмаларды орындауына қарай бағалайды.

Негізгі өлшемдер: түсіну, дәлелдеу, талдау, топтық ынтымақтастық.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}