Паскаль тілінде жаз
Сабақ туралы
Сәтбаев қаласының білім бөлімі ММ-нің «№16 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі Муканова Манат Умиржановна.
Сабақтың тақырыбы: Паскаль программалау тілінде геометриялық фигураларды салу.
Сабақтың типі
Өтілген материалды жинақтау, қайталау
Сабақтың түрі
Сайыс
Сабақтың әдісі
Практикалық, сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларға Паскальдің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, геометриялық фигураларды салуды үйрету. Практикалық жұмыстар арқылы бағдарлама құру дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Әртүрлі геометриялық фигураларды салу бағдарламаларын меңгерту арқылы эстетикалық тәрбие беру, әдемілікті көре білуге және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың танымдық және талғамдық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Пәнаралық байланыс
- Латын тілі
- Қазақ тілі
- Математика
- Музыка
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Презентация
- Электрондық оқулық
Сабақтың барысы (сайыс кезеңдері)
-
Бастау
1) Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, назарын сабаққа аудару. Сабақ психологиялық сәттен басталады.
-
2) I кезең — «Ыстық орындық»
Берілген тапсырмаға сәйкес тест сұрақтарына жылдам жауап беру қажет («орындық ыстық»). Үй тапсырмасы Activote тест тапсыру құрылғысы арқылы қайталанады.
-
3) II кезең — «Операторлар сөйлейді»
Операторлардың қазақша атауы беріледі, оқушылар Паскаль тіліндегі (латынша) нұсқасын табады.
Қазақша Паскаль Енгізу Readln Шығару Write Басы Begin Соңы End Егер If Онда Then Әйтпесе Else Үшін For Орындау Do Дейін To -
4) III кезең — «Адасқан сөздер»
Сәйкестендіру тапсырмасы.
Жауаптары: 1–7; 2–6; 3–5; 4–1; 5–2; 6–3; 7–4.
-
5) IV кезең — «Ішіне / сыртына»
Кестенің ішіне Паскаль программалау тілінде қолданылатын операторлар мен қызметтік сөздер жазылады, ал сыртына программалау тіліне қатысы жоқ сөздер жазылады.
Берілген сөздер
Internet Paint Writeln Readln WordPad Integer Real Microsoft Program Var Excel Const PowerPoint Begin End -
6) V кезең — «Ойлан, тап»
Оқушыларға ғалымдардың суреттері көрсетіледі. Тапсырма — олардың кім екенін анықтап айту.
-
7) VI кезең — «Тау шыңына шығу»
Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындай отырып, есептерге бағдарлама құрады.
1-деңгей
Берілген өрнекті Паскаль тілінде жазу.
2-деңгей
Бүтін A санының квадрат түбірін табатын бағдарлама құру.
Program San1; Var a: integer; Begin Readln(a); Writeln('Түбір=', sqrt(a):2:4); Readln; End.3-деңгей
Паскаль графикасы арқылы үйдің суретін салу; сызық түсі мен фон түсін баптау.
Program Uidinsureti; Uses graph; Var driver, mode: integer; Begin driver := detect; initgraph(driver, mode, 'c:\tp\bgi'); {bgi модуліне жол} SetBkColor(1); SetColor(6); {фон мен сурет түсі} Rectangle(100, 200, 300, 400); {үй қабырғасы} Line(100, 200, 200, 100); Line(200, 100, 300, 200); {үй шатыры} SetFillStyle(9, 4); PieSlice(200, 150, 30, 20); {терезе} SetFillStyle(2, 13); Bar(200, 300, 250, 400); {есік} Readln; {кідіріс} ClearDevice; {экранды тазарту} CloseGraph; {графикалық режимді аяқтау} End. -
8) Қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасы
Қорытындылау: сабақ мазмұнын жинақтау.
Бағалау: оқушылардың жұмысын бағалау.
Үй тапсырмасы: әртүрлі стильмен сызылған дөңгелектер салу бағдарламасын жазу.
-
9) Рефлексия — «Алма ағашы» әдісі
Сабақ басында оқушыларға екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оларды алма ағашына іледі:
Жасыл алма
«Мен бүгін бәрін жақсы орындадым. Көңіл-күйім көтеріңкі.»
Қызыл алма
«Мен тапсырманы орындай алмадым. Көңіл-күйім жоқ.»