Мәншүк қазақтың батыр қызы

Сабақ: Әдебиеттік оқу (4-сынып)

Тақырып: М. Хакімжанова — «Бала Мәншүк»

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақ типі

Іздендіру сабағы

Пәнаралық байланыс

Тарих, сурет, музыка

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен таныстыру.
  • Ерлігі туралы түсінікті тереңдету.
  • Әлия Молдағұлова туралы мағлұмат беру, мәтіннің түйінін өздігінен табуға, мазмұнын түсініп, қорытынды жасауға үйрету.

Дамытушылық

  • Сабақ тақырыбын өздігінен талқылап, Мәншүктің ерлігі туралы ойды тұжырымдау.
  • Ой-өрісті дамытып, қорытынды шығаруға дағдыландыру.
  • Тіл байлығын және шығармашылық қабілетті дамыту арқылы сөздік қорды молайту.

Тәрбиелік

  • Туған ел мен туған жерді қорғау — әр азаматтың міндеті екенін ұғындыру.
  • Отансүйгіштікке, елінің патриоты болуға, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері және түйінді идеялар

Оқу нәтижелері

  • Мәншүктің балалық шағы туралы мәлімет алады.
  • Оның ерлігі мен қайсар жүректілігі туралы біледі.

Түйінді идеялар (Білу – Түсіну – Қолдану)

Білу

Мәтінді түсініп оқу, ойды толық жеткізу.

Түсіну

Мазмұнын ұғыну, Мәншүктің мінез ерекшеліктерін тану.

Қолдану

Мәншүктің ерлігін үлгі ету.

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, қызығушылықты ояту, іздендіру, ой қорыту, топпен жұмыс.

Көрнекіліктер мен әдебиеттер

Сабақтың көрнекілігі

  • Интерактивті тақта, online жүйесі арқылы сабақ өткізу.
  • М. Мәметованың портреті, шығармалар жинағы.
  • Слайдтар, бейнефильм, флипчарт.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • «Ана тілі» 4-сынып оқулығы, «Атамұра», 2011.
  • Әдістемелік нұсқаулық.
  • Ғаламтор материалдары.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Тіл арқылы биіктерге жетеміз,
Тіл арқылы қиындықтан өтеміз.
Ана тілді қастерлеп, қадірлесек,
Болашақта самғай ұшып кетеміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап

  • Өткен сабақта қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?
  • Жауап: Әлия Молдағұлова.

Топтастыру әдісі

«Әлия кім?» сұрағына теңеу сөздер:

батыр қайсар ержүрек өжет жауынгер мейірімді білімді әділ өнерлі

Топ атауларын таңдау

Әлияның халық жадында қалуына себеп болған қасиеттеріне сүйеніп, топ атаулары белгіленеді:

I топ

Батыр

II топ

Ержүрек

III топ

Қайсар

IV топ

Өжет

Әлия туралы қысқаша мәлімет

  • Бала кезінде анасынан айырылған (1933), кейін Алматыда ағасының қолында тәрбиеленген.
  • 1938 жылы отбасы Ленинградқа көшкен; кейін №46 мектеп-интернатқа орналастырылған.
  • Соғыс басталғанда балалар үйімен бірге Ярослав облысына эвакуацияланған.
  • 1942 жылы өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірген.
  • Ерлігі ақын-жазушылар шығармаларына арқау болып, көптеген қалаларда ескерткіштер орнатылған.

Сөзжұмбақ (қайталау)

Оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа жетелейді.

  1. Ботаникадан қандай тақырыпқа байланысты «4» алды?
  2. Нағашысының аты кім?
  3. Бөлмесінде өсірген гүлдердің бірі.
  4. Қандай өнермен айналысты?
  5. Әлия қандай?
  6. Әлияға қайда баруға ұсыныс жасады?

III. Жаңа сабақ

Кіріспе сұрақ: «Сөзжұмбақтан қандай сөз шықты?»
Жауап: Мәншүк.

БББ кестесі: «Білемін»

Топтар Мәншүк туралы алдын ала білетін мәліметтерін топтастырады.

БББ кестесі: «Білгім келеді»

Әр топ негізгі 3 сұрақ құрастырып, сыныпқа жариялайды.

Автормен таныстыру: М. Хакімжанова

Мәриям Хакімжанова 1906 жылғы 16 қарашада Қостанай облысының қазіргі Алтынсарин ауданындағы Қызылшоқ ауылында туған. 89 жасқа қараған шағында, 7 ақпанда дүниеден өтті. Соғыс жылдары Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өшпес ерлігін «Мәншүк» поэмасында жырға қосты. Ақын шығармаларының алтын арқауы — аналық сезім. Қазақстанның халық жазушысы атағына ие болып, ордендер мен медальдармен марапатталған.

Тұлғамен таныстыру: Мәншүк Мәметова

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі — Мәнсия) 1922 жылы Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Ол — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). 1942 жылғы тамызда өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-атқыштар дивизиясы құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк Невель қаласы үшін болған шешуші ұрыста соңғы демі қалғанша пулеметтен оқ боратып, ерлікпен қаза тапты (1943 жылғы 16 қазан).

Мәтінмен жұмыс

Оқушылар мәтінді бөлімдер бойынша тізбектей оқиды:

I бөлім

Ауылдан келген қазақ қызы

II бөлім

Мәнсияның байсалдылығы

III бөлім

Мәнсияның жанама аты

Топтарға геометриялық фигуралар арқылы бөліну ұйымдастырылып, жаңа шағын топтар құрылады.

Топтық тапсырмалар (мәтін бойынша)

I топ — «Батыр»

Әңгімедегі кейіпкерлерді атау:

Мәнсия, тәрбиеші Мария Ивановна, Ахмет, Моншақ, апасы Әмина.

II топ — «Ержүрек»

Мәтіннен Мәнсияның тәрбиешіге ұнаған қылықтарын табу:

  • ұстамдылығы
  • табандылығы
  • зеректігі
  • тазалығы
  • қолөнерге бейімділігі

III топ — «Қайсар»

Бес жолды өлең құрастыру:

  1. Зат есім: Мәншүк
  2. Етістік: атысты, шайқасты, ерлік көрсетті
  3. Сын есім: ержүрек, батыр, өжет
  4. Синоним: Мәншүк — Мәнсия
  5. Сөйлем: Мәншүк — қазақтың батыр қызы.

IV топ — «Өжет»

Мәншүк туралы естелік оқып, көрініс көрсету.

IV. Кеңейтілген топтық жұмыс

I топ

Оқулықтағы сұрақтарға жауап іздеу.

II топ

Мәншүкке мінездеме беру.

III топ

Поэзиялық сәт: тақпақтар оқу.

IV топ

Ғаламтор арқылы Мәншүк Мәметова туралы деректер іздеу.

V. Рефлексия және қорытынды

БББ кестесі: «Білдім»

  • Мәншүк — соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз.
  • Мәншүктің шын есімі — Мәнсия.
  • Мәншүк пен Әлия бір-бірімен кездесіп үлгермеген.
  • Мәншүк Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген және 19 жасында майданға аттанған.

Ойтолғау

Сілкінтіп зеңбіректер көктің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қыр қызы орындады берген антты,
Халқына адал болу — ердің салты.
Елі үшін қасық қанын аямаған,
Жүректе мәңгі өшпейді Мәншүк аты.

Еске алу

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.

Ән

«Жойылсын соғыс» әнін орындау.

Бағалау

Сабақ барысына сәйкес бағалау парағы үлестіріліп, сол бойынша оқушылардың білімі бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу, мазмұндау.
  • «Шығыстың қос шынары» тақырыбында шағын эссе жазу.

Кері байланыс (сұрақтар)

  • Сабақтың тақырыбын жақсы меңгердім деп ойлайсың ба?
  • Сабақ ұнады ма?
  • Бүгін алған біліміңді өмірде қалай қолданасың?

Автор туралы

Білім беру ұйымы

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия (мектепке дейінгі шағын орталықпен) КММ

Мұғалім

Сәріпова Раушан Құмашқызы