Жаңа сабақты хабарлау
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, М. Жұмабаев атындағы орта мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі: Тұрсынбекова Халида Хамитовна
Сабақтың тақырыбы: 7-ге көбейту және бөлу кестесі
Бұл сабақта оқушылар 7-ге көбейту және 7-ге бөлу жағдайларын қарастырады, есептер мен теңдеулер арқылы жаңа білімді бекітеді. Сабақ ойын элементтерімен толықтырылып, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытуға бағытталады.
Білімділік мақсат
- 7-ге көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыру.
- 7-ге бөлу, кеміту, есе арттыру және есе кемітуге арналған есептер шығарту.
- 7 саны туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық мақсат
- Есептер мен теңдеулерді шешу барысында есептеу дағдыларын жетілдіру.
- Көбейту және бөлу амалдары бар тапсырмалар арқылы біліктілікті арттыру.
- Слайдтар мен ойын элементтері арқылы ой-өрісін, есте сақтау қабілетін және өз бетімен жұмыс істеуді дамыту.
Тәрбиелік мақсат
- Ұқыптылық пен әдептілікке тәрбиелеу.
- Ұйымшылдық пен тәртіптілікке баулу.
- Ата дәстүрді қастерлеуге үйрету.
- Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың ұйымдастырылуы
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілік
- Слайдтар
- Ойын элементтері
- Үлестірмелі қағаз
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың құрылымы
- IҰйымдастыру бөлімі
- IIПсихологиялық дайындық
- IIIҮй жұмысын тексеру
- IVҮй жұмысын бекіту: «Кім зерек?» ойыны
- VЖаңа сабақты хабарлау
- VIКөркем жазу минуты
- VIIОқулықпен жұмыс
- VIIIТақтамен және дәптермен жұмыс
- IXКеспемен жұмыс
- XСергіту сәті
- XIШығармашылық тапсырма
- XIIЛогикалық тапсырмалар
- XIIIСабақты қорытындылау
- XIVҮйге тапсырма беру
- XVБағалау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Құрал-жабдықтарын дайындатып, назарларын сабаққа аударту.
- Топқа бөлу: «Кішкентай зияткер» және «Ақбота» топтары.
II. Психологиялық дайындық
Сонау-сонау алысқа,
Жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа,
Ұшсын десең денелер;
Жасау үшін бәрін де
Математика — ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да
Сол ғылымның тілін біл!
III–IV. Үй жұмысын тексеру және бекіту
Үй тапсырмасы тексеріліп, білімді бекіту үшін «Кім зерек?» ойыны ұйымдастырылады.
V. Жаңа сабақты хабарлау
Бүгін біз санды 7-ге көбейту және 7-ге бөлу жағдайларын қарастырамыз.
Сабақтың ұраны
Саққұлақ бидің нақыл сөздері:
Адамның басшысы — ақыл,
Жетекшісі — талап,
Жолаушысы — ой,
Жолдасы — кәсіп,
Қорғаны — сабыр,
Қорғаушысы — мінез,
Сынаушысы — халық.
Негізгі ой
Осы 7 қасиетті жадымызда сақтайық: істі ақылмен істеп, талаптанып, ой елегінен өткізіп, бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болып, мінезге ие бола білсек — халық алдында жауапкершілігіміз артады.
Ата-бабамыз 7 санын киелі сан деп бағалаған. 7 санына қатысты ұғымдар көп. Ойланып көрейік: өздерің қандай мысалдар келтіре аласыңдар?
VI. Көркем жазу минуты
Дәптерге 369 санын көркем етіп жазу.
VII–VIII. Оқулықпен, тақтамен және дәптермен жұмыс
№6. Теңдеулер
а) Белгісіз санды 253-ке арттырғанда, 609 шығады.
x + 253 = 609 x = 609 − 253 x = 356 Тексеру: 356 + 253 = 609
ә) 63-ті белгісіз санға бөлгенде, 9 шығады.
63 : x = 9 x = 63 : 9 x = 7 Тексеру: 63 : 7 = 9
№8. Есептер
- 35 өрік пен 49 шие 7 тәрелкеге тең бөлініп салынды. Бір тәрелкедегі өріктер шиелерден қанша кем?
- 7 банкаға 3 килограмнан және 6 банкаға 2 килограмнан тосап құйылды. Барлығы неше килограмм тосап дайындалды?
№10. Қалдықпен бөлу
8 : 7 = 1 (қалд. 1) 9 : 7 = 1 (қалд. 2) 10 : 7 = 1 (қалд. 3) 11 : 7 = 1 (қалд. 4) 12 : 7 = 1 (қалд. 5) 13 : 7 = 1 (қалд. 6) 15 : 7 = 2 (қалд. 1) 16 : 7 = 2 (қалд. 2) 17 : 7 = 2 (қалд. 3) 18 : 7 = 2 (қалд. 4) 19 : 7 = 2 (қалд. 5) 20 : 7 = 2 (қалд. 6)
IX–X. Кеспемен жұмыс және сергіту сәті
Кеспемен жұмыс
Үлестірмелі карточкалар арқылы жылдам есептеу тапсырмалары орындалады.
Сергіту ойындары
- «Сиқырлы әлем» ойыны
- «Нысанаға тигіз» ойыны
XI. Шығармашылық тапсырма
8 : 2 = 4 см² 8 : 2 + 1 = 5 см²
XII. Логикалық тапсырмалар
- Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
- Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, оның массасы қандай болады?
- Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?
- Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?
XIII. Сабақты қорытындылау
Сабақ соңында білімді қорытындылау үшін ойындар өткізіледі:
- «Бүлдіргенді тәрелкеге орналастыр»
- «Қоянға көмектесейік»
XIV–XV. Үйге тапсырма және бағалау
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы беріледі.
Бағалау
Оқушылар фишка санына қарай бағаланады.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!