Теориялық тапсырмалар жарысы
Сабақтың тақырыбы
Су, ерітінді, негіздер тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты
- Білімдік: ерітіндідегі массалық үлес, негіз, гидроксотоп, бейтараптану реакциясы ұғымдарын бекіту; судың химиялық қасиеттері туралы білімді қорыту; реакция теңдеулерін жазу біліктілігін жетілдіру.
- Дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
- Тәрбиелік: табиғи байлықтарды тиімді пайдалануға үйрету.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, ой қорыту, іскерлік ойындар
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, карточкалар, схемалар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. «Су, ерітінді, негіздер» тарауы бойынша судың физикалық қасиеттері, еріткіш ретіндегі рөлі, химиялық қасиеттері және құрамы туралы алған білімдері жүйеленеді.
Орындалатын тапсырмалар
- 1 Теориялық тапсырмалар жарысы
- 2 Дидактикалық тапсырмалар жарысы
- 3 «Кім жылдам?» ойыны
- 4 «Заттарды ажырата білесіз бе?»
- 5 Су туралы мақал-мәтелдер жарысы
Топтық жұмыс мазмұны
I команда: судың физикалық қасиеттері
Негізгі сипаттамалар: су — түссіз сұйықтық; иісі мен дәмі жоқ; 100°C температурада қайнайды, 0°C температурада қатады.
Булану: сұйық немесе қатты заттардың газ күйіне ауысуы.
- Сублимация: қатты заттың қыздырғанда сұйық күйге өтпей, бірден булануы.
- Конденсация: будың қайтадан сұйыққа айналуы.
- Транспирация: өсімдіктердің сыртқы беттері арқылы суды буландыруы (мысалы, жапырақ арқылы булану).
Ерекше қасиеттері: дыбысты тез өткізуі, жарықты жақсы шағылыстыруы, көптеген заттарды жақсы ерітуі. Су — үнемі қозғалыста және айналымда болатын сұйық.
II команда: судың химиялық қасиеттері
Тәжірибе жасалып, реакция теңдеулері жазылады. Су металдармен, металл оксидтерімен және бейметалл оксидтерімен әрекеттесе алады.
1-тәжірибе: мырыштың сумен әрекеттесуі
Сынауыққа мырыштың 3–4 түйірі салынып, аз мөлшерде су құйылады. Газ көпіршіктері байқалады.
Реакция теңдеулері
Zn + H2O → ZnO + H2
C + 2H2O → CO2 + 2H2
2-тәжірибе: кальций оксидінің сумен әрекеттесуі
Бұл құбылысты тұрмыста да жиі байқауға болады (әк сөндіру).
Реакция теңдеуі
CaO + H2O → Ca(OH)2
Сайыс кезеңдері
Сұрақ-жауап жарысы
II команда алдын ала тақтаға ілінген сұрақтарға жауап береді:
- 1) Неліктен су жанбайды?
- 2) Қандай металдар судан жеңіл?
- 3) Қандай су дем шығарудан лайланады?
- 4) Мұз неліктен суға батпайды?
Дидактикалық тапсырмалар жарысы
I команда: заттарды класқа бөлу
Төмендегі заттарды класқа бөліп, әр бағанаға сәйкес формулаларды жазыңыздар:
SO2, Ca(OH)2, H2SO4, KOH, HCl, CuO, NaCl, CaCl2
Оксидтер
Қышқылдар
Негіздер
Тұздар
II команда: формулаларды іріктеу
Берілген заттардың ішінен төмендегі кластарға жататын формулаларды бөліп жазыңдар:
- а) негіздер
- ә) бейметалдық оксидтер
- б) қышқылдар
- в) металдық оксидтер
CO2, Mg(OH)2, CaO, P2O5, HCl, BaO, Ca(OH)2, HNO3, Fe(OH)3, Al2O3
Танымдық ойындар сайысы
I команда: «Құпия сөздің құлпын аш»
Ойын химиялық реакция теңдеулері арқылы құбылысты түсіндіруге негізделген:
Фосфор жанса, будақтап ақ түтін түзеді. Сол түтінді су сіңірсе, қандай қосылыс түзіледі?
Жауабы:
Оқушылар реакция теңдеуін құрастырып, алынатын қосылысты атайды.
II команда: «Жоқ формуланы орнына қой»
Нүктелердің орнына жетіспейтін заттарды тауып жазып, теңдеудің дұрыстығын дәлелдеңдер:
а) … + … → H2SO4
ә) … + … → Ca(OH)2
б) … + … → 2KOH
«Кім жылдам?» тапсырмасы
Екі командадан екі оқушы тақтаға шығып, бір-біріне қарамай, өздері білетін негіздердің формулаларын мүмкіндігінше көп жазады. Қай команда көбірек дұрыс формула жазады — сол жеңеді.
«Заттарды ажырата білесіз бе?» тапсырмасы
Оқушыларды берілген заттарды тәжірибелік белгілері бойынша ажырата білуге бағытталған тапсырмалар орындалады.