Дода сайысы

«Жүзден жүйрік» зияткерлік ойынының мақсаты

Мақсаттар

  • Оқушыларды тапқырлыққа, шешендікке баулу; ізденімпаздыққа жетелеу; ой-өрісін кеңейтіп, тіл мәдениетіне сүйіспеншілігін арттыру.
  • Оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу; оқу мен білімге қызығушылығын күшейту.

Көрнекіліктер

  • Тірек-сызбалар
  • Сұрақтар жинағы
  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Ойын 4 кезеңнен тұрады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы үшін 10 ұпай беріледі. Жауапты мүмкіндігінше жылдам беруге тырысыңыздар: алдымен белгі беріледі, аты аталғаннан кейін ғана жауап айтуға болады.

Ойын ережесі

  1. Сұраққа бірінші болып белгі берген ойыншы жауап береді.
  2. Жауап қате болса, белгі көтерген екінші ойыншы жауап береді.
  3. Бірінші ойыншы келесі сұраққа жауап беруге қатыстырылмайды.
  4. Екінші ойыншы да қате жауап берсе, дұрыс жауапты мұғалім айтады.
  5. Ойыншылар ортаға шақырылады, әділқазылар алқасы таныстырылады (ортадан сайланады).

1-кезең: «Бәйге» сайысы

Әр дұрыс жауап: 10 ұпай
Сұрақ Жауап
1 Республикамыздың бас қаласы? Астана
2 Астана қай жылы «Астана» деп аталды? 1998
3 Кітапты неден жасайды? Ағаштан
4 Білім күні қай күн? 1 қыркүйек
5 Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? Абай
6 Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? Н. Ә. Назарбаев
7 Сәуір айының орысша атауы? Апрель
8 Республика күні қашан? 25 қазан
9 Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? Т. Әубәкіров
10 Абылай ханның шын аты кім? Әбілмансұр
11 Қазақтың ұлттық аспабы? Домбыра
12 Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер? Әлия, Мәншүк
13 Қазақтан шыққан атақты суретші кім? Ә. Қастеев
14 Қандай мемлекеттік рәміздер бар? Әнұран, Ту, Елтаңба

Әділқазылар алқасы 1-кезең бойынша ұпайларды жариялайды.

2-кезең: «Жеті жұрттың тілін біл»

Қазақша жауап: 10 · Қазақша + орысша: 20

Бұл кезеңде жұмбақтың дұрыс жауабын табу керек. Егер жауаппен бірге орыс тіліндегі аудармасы да айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауап үшін 10 ұпай беріледі.

Жұмбақтар (1–7)

1) Аяғы біреу, қолы жоқ. Шиыр-шиыр жолы көп. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.
Қалам — ручка
2) Жазу жазып жалықпаған, жаза-жаза арықтаған.
Бор — мел
3) Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады.
Қоңырау — звонок
4) Бұлаңдаған құйрығы, бір алдарлық қулығы.
Түлкі — лиса
5) Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.
Қар — снег
6) Көкшіл айна үйдегі, көрсетеді киноны.
Теледидар — телевизор
7) Өзі кірді ашады, суға салсаң қашады.
Сабын — мыло

Жұмбақтар (8–14)

8) Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.
Пияз — лук
9) Қылдай белі бүгілген, өзінен де жүгі үлкен.
Құмырсқа — муравей
10) Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.
Су — вода
11) Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
Кітап — книга
12) Белі бүкір, алысқа түкір.
Мылтық — ружьё
13) Судан алады, суға салса өледі.
Тұз — соль
14) Кесе-кесе мұқалды, жони-жони жұқарды.
Пышақ — нож

Әділқазылар алқасы 2-кезең бойынша ұпайларды жариялайды.

3-кезең: «Дода» сайысы

Ереже

  • Сұрақтар 4 пәннен беріледі: ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика.
  • Ұпайы аз ойыншы ұяшықты (сұрақты) бірінші болып таңдайды.
  • Жауап қате болса, белгі көтерген келесі ойыншы жауап береді; екі жауап та қате болса, мұғалім дұрыс жауабын айтады.

Ана тілі

  1. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы кім?

    A) Абай Құнанбаев · Ә) Шоқан Уәлиханов · Б) Ыбырай Алтынсарин

    Дұрыс жауап: Ыбырай Алтынсарин

  2. «Кедейлік үш ағайынды: тұңғышы — кежірлік, ортаншысы — еріншектік, кенжесі — ұйқы». Бұл не?

    A) шешендік сөз · Ә) мақал

    Дұрыс жауап: мақал

  3. Қазақ батырларының аты берілген қатарды тап.

    A) Әбілмансұр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек · Ә) Абай, Шоқан, Ыбырай

    Дұрыс жауап: A

  4. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ғалымы:

    A) Ыбырай · Ә) Абай · Б) Шоқан

    Дұрыс жауап: Абай

  5. «Ауылдың жаны терең сай, тасыған өзен гүрілдеп» деген жолдар Абайдың қай өлеңінен алынған?

    «Желсіз түнде жарық ай»

Қазақ тілі

  1. Дара етістік неше сөзден тұрады?

    A) 2 сөзден · Ә) 1 сөзден · Б) 3 сөзден

    Дұрыс жауап: 1 сөзден

  2. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

    Кім? Не? Кімдер? Нелер?

  3. Сөйлем түрлерін ата.

    Хабарлы, лепті, сұраулы

  4. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?

    Жұрнақ

  5. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата.

    Қатаң, ұяң, үнді

Дүниетану

  1. Мұнай қай өңірден көп өндіріледі?

    A) Маңғыстау · Ә) Екібастұз · Б) Қарағанды

    Дұрыс жауап: Маңғыстау

  2. Каспийде қандай ірі балық бар?

    A) Сазан · Ә) Бекіре · Б) Қорытпа · В) Табан

    Дұрыс жауап: Бекіре

  3. «Ақ алтын» деген не?

    A) Сүт · Ә) Қаймақ · Б) Мақта

    Дұрыс жауап: Мақта

  4. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?

    A) 1995 · Ә) 1999 · Б) 1991

    Дұрыс жауап: 1991

  5. Адам шөлдегенде не қажет?

    A) Ауа · Ә) Тамақ · Б) Су

    Дұрыс жауап: Су

Математика

  1. Оқушылар 9 шелек алма терді, балабақшаға 4 шелек алма берді. Қанша шелек алма қалды?

    5 шелек

  2. Қабырғасы 5 см шаршының периметрін тап.

    20 см

  3. Манар 9 кітап, ал Жанар да сонша кітап сатып алды. Екеуі барлығы қанша кітап сатып алды?

    18 кітап

  4. 6 асықты екі-екіден неше балаға беруге болады?

    3 балаға

  5. 5 жүздік, 4 ондық, 2 бірлік — бұл қандай сан?

    542

Ойын ережесіне сай, ұпайы аз 4 оқушымен қоштасамыз. Қатысқандары үшін алғыс білдіріп, шағын сыйлықтар табыстаймыз.

Финал: «Жорға» сайысы

Әр дұрыс жауап: 10 ұпай

Ақырғы айналымға жеттік. Мұғалімнің қолында 3 нұсқалы конверт бар. Нұсқаны бірінші болып ұпайы аз ойыншы таңдайды.

І нұсқа

  1. Жылдан құр қалмаған жануар: түйе
  2. Басты байлық: денсаулық
  3. Бір жылда неше ай бар: 12 ай
  4. Көру мүшесі: көз
  5. Абайдың әжесі: Зере

ІІ нұсқа

  1. Түн ұйқысын төрт бөлген адам: ана
  2. Жыл басы: тышқан
  3. Орман дәрігері: тоқылдақ
  4. Абайдың анасы: Ұлжан
  5. Есту мүшесі: құлақ

ІІІ нұсқа

  1. Үш биді ата: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би
  2. Абылай ханның шын аты: Әбілмансұр
  3. Сен қай облыста тұрасың?: Қызылорда
  4. 1 тәулікте неше сағат бар?: 24 сағат
  5. Мектебіміз неше қабаттан тұрады?: 3 қабат

Қорытынды

Бүгінгі ойынның жеңімпазы анықталды. Қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпазға диплом және сыйлық табысталады.