Домбыра - қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап

Сабақ тақырыбы

Қазақ отбасындағы музыкалық аспаптар

Сабақ түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақ әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздендіру, топпен жұмыс, жинақтау, ой бөлісу.

Сабақ мақсаты

  1. Қазақ халқының музыкалық аспаптары, олардың түрлері, қолдану ерекшеліктері мен құрылымы туралы білімді толықтыру, сондай-ақ септік жалғауы жөнінде мағлұмат беру.
  2. Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін арттыру, іскерлік белсенділігін дамыту, орындалатын тапсырмалар арқылы сөздік қорын байыту.
  3. Бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • «Көңіл-күйлеріңіз қалай?» сұрағын қою.
  • Бір-біріне жақсы көңіл-күй тілеу.

Қызығушылықты ояту

Сыныпты музыкалық аспаптар бойынша екі топқа бөлу. Әр аспаптың ерекшелігін атап, топқа бөлудің мәнін түсіндіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Уақыты: 4 минут.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын күй тыңдатылады.

Сұрақ: «Балалар, бұл әуенді не үшін тыңдадық?»

Бақылау және бағыттау

Сұрақ: «Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?» Осыдан кейін сабақтың қазақтың ұлттық аспаптарына арналатыны айтылады.

Домбыра туралы

Домбыра — қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне сай домбыраның бірнеше түрі бар. Олардың сыртқы пішіні ғана емес, ішек пен перне саны да әртүрлі болады. Негізінен домбыра екі ішекті болып келеді.

Негізгі ерекшеліктері

  • Екі ішекті, 9–16 пернелі түрлері кең тараған.
  • Жұмсақ, қоңыр үнімен ерекшеленеді.
  • Қазақ үйінің төрінде тұратын қасиетті мұра ретінде бағаланады.

Домбыра — қазақ халқының ұлттық болмысын, жан дүниесінің тылсым сырларын сыртқы дүниеге паш ететін таңғажайып аспап.

Археолог ғалымдар тасқа салынған суреттерден домбыра бейнесінің кездесетініне сүйене отырып, оның шығу төркінін неолит дәуірімен (б. з. д. шамамен 4000 жылдық) байланыстырады. Домбыра өте ерте кезеңде пайда болып, уақыт өте келе түрленіп, дамып отырған.

Қазақтың музыкалық аспаптарының түрлері

Қазақ халқының музыкалық аспаптары — ұлт мәдениетінің ұлы мұраларының бірі. Ғалымдар қазақ жерінде сақталған құндылықтарды «жеті қазынаның» қатарында бағалаған деген пікір бар.

Шертпелі аспаптар

Домбыра, адырна, жетіген, шертер.

Ыспалы аспаптар

Қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген.

Үрмелі аспаптар

Сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз.

Ұрмалы-сілкімелі аспаптар

Дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ және т.б.

Сөздікпен жұмыс

Ұлы мұра
великое наследие
Шертпелі аспап
щипковый национальный музыкальный инструмент
Ыспалы аспап
смычковый инструмент
Үрмелі аспап
духовой инструмент
Ұрмалы-сілкімелі аспап
ударный инструмент
Ұлттық болмыс
национальное естество
Тылсым сыр
волшебный, таинственный, загадочный
Таңғажайып аспап
удивительный, восхитительный, поразительный инструмент

Тапсырма: мәтінмен жұмыс

Нұсқаулық

  • Берілген шағын мәтінді түсініп оқыңдар.
  • Аударма жұмысын орындаңдар.
  • Мазмұндап беріңдер және мәтінге тақырып қойыңдар.

Берілген мәтін

Ученые считали, что «семь сокровищ» — это великое наследие, сохранившееся на казахской земле. Мы считаем, что это справедливое решение.

Казахские музыкальные инструменты (домбра, адырна, жетіген, шертер) можно разделить на группы: смычковые инструменты (қобыз, қылқобыз, нарқобыз, сазген), духовые инструменты (сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз), ударные (дабыл, даңғыра, дауылпаз, асатаяқ, тоқылдақ) и др.