Желмен айқас тозаңданатын өсімдіктер

Биология • 6-сынып Сабақ: 24 Тақырып: §26. Жемістер

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: жемістердің құрылысын түсіндіру және олардың бір-бірінен айырмашылықтарын ажырата білу.
  • Дамытушылық: жемістердің көптүрлілігі, таралуы туралы білімді кеңейту және бұрынғы білімді толықтыру.
  • Тәрбиелік: әсемдікке, сұлулыққа баулу және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі

Аралас әдіс: жеке жұмыс, топтық жұмыс, топтастыру.

Жеке Топтық Топтастыру

Сабақтың құрылымы

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Үй тапсырмасын тексеру
  3. III Жаңа материалды түсіндіру
  4. IV Бекіту және қорытындылау

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша негізгі ұғымдарды еске түсіру және тозаңдану мен ұрықтану үдерістерін қайталау.

Қайталау сұрақтары

  1. 1. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатысады?
  2. 2. Тозаңдану деген не? Оның қандай түрлерін білесіңдер?
  3. 3. Бунақденелілер арқылы тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
  4. 4. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
  5. 5. Ұрықтану қашан жүреді?
  6. 6. Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.

III. Жаңа материалды түсіндіру

Негізгі ұғым

Жеміс — гүлден кейін түзілетін, тұқымды қорғайтын және таралуына көмектесетін өсімдік мүшесі.

Жіктелуі

Жемістер, әдетте, шырынды және құрғақ болып бөлінеді.

Қолдану

Зертханалық жұмыста жемістердің құрылымын салыстырып, жеміс пен басқа өсімдік мүшелерін ажыратуды үйренесіңдер.

IV. Бекіту

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар. Деңгейіне қарай орындаңдар.

A деңгейі

  1. 1. Жеміс гүлдің қай бөлігінен пайда болады?
  2. 2. Жемістер неше топқа бөлінеді?
  3. 3. Шырынды жемістер неше түрге бөлінеді?

B деңгейі

  1. 1. Неліктен құрғақ жемістер деп аталады?
  2. 2. Құлпынай жемісін не себепті шырынды жемістерге жатқызбайды?

C деңгейі

  1. 1. Бұршаққап пен бұршаққынның айырмашылығын түсіндіріңдер.
  2. 2. Жидек жеміс пен жидек тәрізді жемістерді сипаттап, мысалмен дәлелдеңдер.
№14 зертханалық жұмыс Практика

Шырынды және құрғақ жемістермен танысу

Жемістердің құрылысын қарап, олардың өзіндік ерекшеліктерін салыстыру арқылы анықтау.

Мақсаты

Құрғақ және шырынды жемістердің құрылысын бақылап, айырмашылықтарын зерттеу.

Құрал-жабдықтар

Өрік, шие, қияр, асқабақ, алма, алмұрт, таңқурай; картоп түйнегі, сәбіздің жемтамыры, шалғам (редис); қырыққабаттың бұршаққыны; асбұршақ пен үрмебұршақтың бұршаққабы; үйеңкінің қанатшасы, бидай дәнегі, күнбағыстың тұқымшасы, емен жаңғағы және т.б. (қолжетімді үлгілер).

Жұмыстың барысы

Әр қадамды орындап, бақылауларыңды қысқаша жазып отырыңдар.

  1. 1

    Үлестірілген үлгілердің ішінен шырынды жемістерді бір бөлек, құрғақ жемістерді бір бөлек бөліп алыңдар.

  2. 2

    Шырынды жемістерді сүйекті және жидек түрлеріне ажыратыңдар. Сүйекті шырынды жемісті ұстарамен екіге бөліп, суретін салыңдар.

  3. 3

    Жидек жемісті ортасынан жарып, ішіндегі тұқымдарын санаңдар және оны сүйекті жеміспен салыстырыңдар.

  4. 4

    Картоп түйнегін, сәбізді және қызылшаның жемтамырын жарып көріп, жеміспен салыстырыңдар; олардың жеміс емес екенін дәлелдеңдер.

  5. 5

    Құрғақ жемістердің түрлерін оқулықтағы суреттермен салыстырып, айырмашылықтарын анықтаңдар; ішіндегі тұқымдарын санап, жемістің құрғақ екеніне көз жеткізіңдер.

Нәтижесі

1) Кестені толтырыңдар. (Толық нұсқасын жүктеу.)