Пысықтауыштың түрлерін ата
Ашық сабақ: «Тұрлаусыз мүшелер» тақырыбын қайталау
Бұл сабақ жоспары 8-сыныпқа арналған және «Тұрлаусыз мүшелер» бөлімінен өткен материалды қайталап, пысықтауға бағытталған. Сабақ құрылымы оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастырып, сөйлеу мәдениетін дамытуға, сауатты жазуға және өз ойын дәлелді жеткізуге үйретуді көздейді.
Сабақтың мақсаты
а) Білімдік
Оқушылардың тұрлаусыз мүшелер туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдандыру, ауызша білімдерін бекіту.
ә) Дамытушылық
Ойлау қабілетін, қиялын дамыту; ой қорытып, нақты шешім шығаруға дағдыландыру; өзіне деген сенімділікті арттыру.
б) Тәрбиелік
Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Қайталау, пысықтау.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, парақшалар, формативті бағалау парақшалары, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс
Әдебиетпен, тарихпен.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Сынып тазалығына назар аудару, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын пысықтау
Сұрақтар
- 1 Пысықтауыш дегеніміз не?
- 2 Пысықтауыштың түрлерін атаңдар.
- 3 76-жаттығу: берілген үстеулерге сөйлем құраңдар, пысықтауыштың қай түрі екенін анықтаңдар.
3) Сабақтың кіріспесі: «Таза бұлақ» желісі
Сабақ Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесінің желісімен басталады. Үш жолаушы бір бұлақтың басында кездеседі. Бұлақ жанында тасқа қашалып жазылған сөз бар:
«Ей, жолаушы, осы бұлақтай бол! Алдыңнан шыққан қиыншылықтарды жеңе білсең, мол байлыққа кенелесің.»
Жолаушылар жазуды оқып, кеңеседі: «Қой, біз үшеуміз бұл қиыншылықтарды жеңе алмаспыз. Одан да анау жердегі балалардан көмек сұрайық», — дейді. Осы тұста оқушыларға ұсынылатын міндет: сұрақтарға жауап бере отырып «қиыншылықтарды» бірлесе жеңу.
4) Тапсырмалар жүйесі
1-тапсырма
Зерттеңіз«Балалар, үш жолаушыға көмектесеміз бе?» деген сұрақ арқылы оқушылардың қызығушылығы оятып, алдағы сұрақтарға жауап беру арқылы қиындықтарды жеңуге бағыттайды.
2-тапсырма
Ой бөлісіңіз- 1 Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
- 2 Толықтауыш дегеніміз не? Түрлерін атаңдар. Қандай сұрақтарға жауап береді?
- 3 Тура толықтауыш дегеніміз не?
- 4 Жанама толықтауыш дегеніміз не?
- 5 Анықтауыш дегеніміз не? Мысал келтіріңдер. Қандай сұрақтарға жауап береді?
3-тапсырма
ҚолданыңызКітаппен жұмыс
75-жаттығу: тапсырмаларды орындаңдар.
-
«Жаңбыр жауып келеді қар аралас,
Бір топ әйел келеді бала аралас.» -
Мақпал 5 сөзден тұратын бір сөйлем құрастырып жазыпты. Шарттары:
- Бастауыш — қазақ халқының атақты ағартушы-ақынының есімі.
- Тура толықтауыш — «кәрі» сөзінің антонимі.
- Жанама толықтауыш — қос сөз; бірінші сыңары «білім» сөзімен қосарлана айтылатын сөз.
- Баяндауыш — «үндеу» сөзінің синонимі.
Мақпалдың жазған сөйлемі: «Ыбырай жастарды оқу-білімге шақырды.»
4-тапсырма
ТалдаңызСөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, тұрлаусыз мүшелерін түрлеріне қарай ажыратыңдар:
- Күлипа жылап жүріп айналадан тас іздей бастады.
- Бүгінде олардың басына ескерткіш белгі қойылған.
- Мұғалімнің тақтаға жазған хаттарын айна-қатесіз тез жаттап алып жүрді.
- Есі кіргеннен бастап Шоқан олардың да сөздерін тыңдауды жақсы көрді.
5-тапсырма
ОрындаңызСемантикалық карта: берілген материал бойынша тұрлаусыз мүшелерді сәйкестендіріп толтырыңдар.