Күй тобына
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы
Мәншүк Мәметова атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Саулебек Оспанжан Мырзабайұлы
Сабақтың тақырыбы
Тахауи Ахтанов — “Күй аңызы” әңгімесі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау; шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын ашу; күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
Дамытушылық
Оқушыларды шығарма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасауға, сын тұрғысынан баға беруге және өз ой-пікірін нақты жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Еркін сөйлеуге, ашық пікір айтуға баулу; өнерге деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Диалог
- Түсіндіру
- Жинақтау
Құрал-жабдықтар мен байланыс
Көрнекілік
- Суреттер
- Кейіпкер портреті
- Интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс
- Музыка
- Тарих
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Сабаққа назарын аудару
- Психологиялық дайындық
Психологиялық дайындық
“Бозінген” күйін тыңдату.
Қызығушылықты ояту
Суреттер тізбегі көрсетіледі: күйші қарт, түйе, домбыра.
- Осы үш суреттің арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?
- Жоғарыда қандай күйді тыңдадық?
- “Бозінген” күйінің шығу тарихын білесіңдер ме?
Топқа бөлу
Суреттерді таңдату арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді:
- 1-топ: Өнер тобы
- 2-топ: Күй тобы
- 3-топ: Күйшілер тобы
K-W-L әдісі
Білемін + Білдім + Білгім келеді
II. Жаңа сабақ
1-тапсырма (топтық жұмыс)
Өнер тобы
- “Өнер” сөзінің мағынасы қандай?
- Қазақ халқының қандай өнер түрлерін білесіңдер?
Күй тобы
- “Күй” сөзінің мағынасы қандай?
- Қазақтың қандай күйлерін білесіңдер?
Күйшілер тобы
- “Күйші” ұғымын қалай түсінесіңдер?
- Қазақтың қандай күйшілерін білесіңдер?
Композициялық талдау
Әңгіменің құрылымы
-
Оқиғаның басталуы (экспозиция)
Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілердің әңгімесі.
-
Оқиғаның дамуы
Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.
-
Оқиғаның шиеленісуі
Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.
-
Оқиғаның шарықтау шегі
Жаңа күйдің пайда болуы.
-
Оқиғаның шешімі
Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.
2-тапсырма (үзінді бойынша талдау)
Өнер тобы
Қарт күйшінің Оразымбетке: “Күйімді үлгі етсең де, өмірімді үлгі етпе” деген сөзін қалай түсінесіңдер?
Күй тобы
Естемес күйшінің: “Күйге қыз берген қазақты әлі көрген жоқпын” деген сөзінен нені аңғаруға болады?
Күйшілер тобы
Бозінгенді көргенде Оразымбет қорқады. Естемес оның жан жарасын түсініп, оны “аруана” деп атайды. Бозінген мен Естемес қарттың өмірінде қандай ұқсастық бар?
III. Жаңа сабақты пысықтау
Қайталау сұрағы (барлық топқа)
Суреттер тізбегі көрсетіледі: жылқы, қамшы, домбыра. Бұл суреттерді кімнің өмірімен байланыстырар едіңдер?
Сергіту сәті
Сәкен Тұрысбековтің “Көңіл толқыны” күйін тыңдату.
“Ғажайып баққа саяхат”
Оқушылар көздерін жұмып, күй сарынымен қиялдағы ғажайып баққа “саяхат” жасайды. Көздерін ашқаннан кейін ұнаған көрініс бойынша сурет салады.
3-тапсырма: “Сөздер сөйлейді” ойыны
Өнер тобы
“Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер.” — Жаңылға қандай мінездеме берер едіңдер?
Күй тобы
“Өлімнен ұят күшті.” — Шалға қандай мінездеме бересіңдер?
Күйшілер тобы
“Он алты-он жеті жаста болар...”, “ұзатылар уақыты да жеткен екен ғой...” — қазіргі кезеңмен салыстырғанда не айтар едіңдер? Неліктен?
IV. Жаңа сабақты бекіту
- Жаңыл неге екі күйшіге де “өнерлеріңді бірдей салыңдар” деп айтты?
- Естемес қарт неге өз өмірін өзгертуден бас тартты?
- “Заманым өткен екен ғой”, — деп неге күрсінді?
V. Қорытынды
Білемін
Тақырып бойынша бастапқы білімді жинақтау.
Білдім
Жаңа ұғымдар мен ой түйіндерін нақтылау.
Білгім келеді
Алдағы сұрақтарды айқындау, қызығушылықты жалғастыру.
VI. Бағалау
Оқушылар өздерін критерийлер арқылы бағалайды.
VII. Үй тапсырмасы
“Қазақтың күй өнері” тақырыбында шығарма жазу.