Сабақта біздің көздеріміз мұқият қарайды және барлығын
Математика (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Фигуралардың қиылысуы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Көрнекілігі
Тақырыпқа сай суреттер
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға геометриялық фигуралармен қатар кесінді, түзу және қисық сызықтарды көрсете отырып, қиылысатын және қиылыспайтын фигуралар туралы түсінік қалыптастыру.
- Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы математикаға қызығушылықты арттыру, «құпия сандарды» табу арқылы логикалық ойлауды дамыту.
- Шапшаң жұмыс істеуге бейімдеу.
- Математикалық тілде сөйлеу дағдысын дамытып, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру
Талдау
Ойын әдісі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Оқу құралдарын дайындау.
Психологиялық көңіл-күй
Балалар көздерін жұмып, мұғалім айтқан сөйлемдердің соңын хормен қайталайды:
Сабақта біздің көздеріміз мұқият қарайды және бәрін (көреді).
Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және бәрін (естиді).
Миымыз өте жақсы (ойлайды).
II. Үй тапсырмасын тексеру
№ 4
10 + 80 = 90
90 − 80 = 10
20 + 70 = 90
90 − 60 = 30
30 + 60 = 90
90 − 60 = 30
40 + 50 = 90
90 − 40 = 50
III. Өткенге шолу (тірек білімдерін жетілдіру)
Оқушыларға таныс геометриялық фигураларды қайталау.
Ауызша есептеу
«Не өзгереді?» ойынын өткізу.
Тақтадағы тапсырма
Тақтада геометриялық фигуралармен қатар кесінді, сәуле және қисық сызықтар шашыраңқы орналасады.
Оқушы әрекеті
- Фигуралардың түрлерін анықтау.
- Әр түрінен нешеу екенін санау.
- Дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтау.
Мұғалімі
Қайролла М. М.