Кремний қышқылының тұздары - силикаттар

Химия • 9-сынып

Сабақ тақырыбы: Силикат өнеркәсібі

Бұл сабақта шыны, цемент, қыш және басқа да силикат материалдарының өндірісі бойынша білім жүйеленеді. Сонымен қатар оқушылардың география мен химия пәндерінен алған білімдері нақтылап, өзара байланыстырылып қолданылады.

Сабақтың мақсаты

Шыны, цемент, қыш және т.б. силикат материалдарының өндірісі туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу; пәндер арасындағы байланыстарды нақтылау.

Сабақ форматы

  • Типі: жаңа білім беру сабағы
  • Түрі: аралас сабақ

Міндеттері

1

Оқулықпен және қосымша әдебиетпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту; танымдық белсенділікті қалыптастыру.

2

Сақталған ақпаратты қайта қолдану, ойды жинақтап айту және қорытынды жасау біліктілігін жетілдіру.

3

Топтық ынтымақтастыққа тәрбиелеу, ортақ нәтижеге бірге жұмыс істеуге бағыттау.

Әдістер

  • Рөлдік ойын
  • Топтық жұмыс
  • Кестемен және оқулықпен жұмыс
  • Жеке және жалпы тапсырмалар
  • Жұмбақтар шешу
  • Көрме ұйымдастыру

Қажетті құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Маркер
  • A1 форматты қағаз
  • Түсті қағаздар
  • Химиялық реактивтер
  • Химиялық ыдыстар

Көрнекіліктер

  • Слайдты көрсетілімдер
  • Қима қағаздар
  • Тақта және бор
  • Шыны, қыш, цемент бұйымдары

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі Архитектура Физика Сурет География

Күтілетін нәтиже

  • Теориялық білімдерін тереңдетеді және нақтылайды.
  • Есеп шығару жолын түсіндіріп, дәлелді түрде қорғай алады.
  • Зерттеушілік қабілеттерін дамытады.
  • Топтық жұмыста ұйымшылдыққа және жауапкершілікке үйренеді.

Сабақ жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сыныпты 4 топқа бөлу.
  • Топбасшыларын сайлау.
  • Бағалау парақшаларын тарату.
  • Бағалау критерийлерін түсіндіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Графикалық диктант

Тұжырым Бағалау белгісі
1 Кремний периодтық жүйеде III периодтың IV тобының негізгі топшасында орналасқан. Дұрыс (^)
2 Кремнийдің сыртқы энергетикалық деңгейінде 3 электрон бар. Қате (_)
3 Жер қыртысында мөлшері бойынша оттектен кейін екінші орында. Дұрыс (^)
4 Табиғатта кремний тек қосылыс түрінде кездеседі. Дұрыс (^)
5 Кремнийдің 3 аллотропиялық түрөзгерісі бар. Қате (_)
6 Кремнийді таза күйінде швед химигі И. Я. Берцелиус 1822 жылы ашқан. Дұрыс (^)
7 Кремний металдармен әрекеттескенде тотықсыздандырғыш болады. Қате (_)
8 Кремнезем (SiO2) — табиғи полимер. Дұрыс (^)
9 Кремний диоксиді — негіздік оксид. Қате (_)
10 Кремний қышқылының тұздары — силикаттар. Дұрыс (^)

Ескерту: графикалық диктантта ^ — дұрыс, ал _ — қате жауапты білдіреді.