Химиялық бәйге
Сайыс туралы
Тақырыбы
«Баспалдақ білім» сайысы.
Мақсаты
Оқушылардың мектеп бағдарламасы пәндері бойынша білім деңгейін анықтау, олардың ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін және өз білімін еркін көрсете білу дағдыларын дамыту.
Көрнекіліктер
- Электрондық оқулық
- Карточка тапсырмалар
- Ребустар
- Мақал-мәтелдер
Ұйымдастыру
Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топтарға бөлінген оқушылардың білім-білігін әділқазылар бағалайды.
Кезеңдер құрылымы
Сайыс 11 кезеңнен тұрады. Төменде кезеңдердің атаулары берілген.
Сайыстың шарттары
- I Танысу
- II Химиялық бәйге
- III Жұмбақтар сыры
- IV Сиқырлы сандар
- V Дода
- VI Электрондық оқулық
Жалғасы
- VII «Тіл сындырайық»
- VIII «Кім жылдам»
- IX Химиялық эстафета
- X Есептер сыры
- XI Қорытынды
II кезең: «Химиялық бәйге»
Бұл кезеңде оқушылар тақтадағы бірнеше сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.
I топтың сұрақтары
Әр тұжырымға «иә/жоқ» деп белгілеңіз.
-
1. Озонның формуласы — O3.
Иә -
2. Темірдің атомдық массасы — 56.
Иә -
3. Судың формуласы — SO2.
Жоқ -
4. Атом-молекулалық ілімнің теориясын негіздеген ғалым — М. В. Ломоносов.
Иә -
5. Сұйық металл — сынап.
Иә -
6. Шынының балқуы — химиялық құбылыс.
Жоқ -
7. Сүттің ашуы — физикалық құбылыс.
Жоқ -
8. Табиғатта ең көп таралған зат — су.
Иә -
9. Судың газ күйі — мұз.
Жоқ -
10. Адамның шашында алтын болады.
Иә