Әрбір күннің шуағында бір теңдеу

Сабақ тақырыбы

Бір айнымаласы бар сызықтық теңдеу

Сабақ түрі

Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Негізгі идея

Теңдеулерді түрлендіру қасиеттерін қолданып, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу.

Сабақ мақсаттары

Білімдік

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік қалыптастыру.
  • Тақырып бойынша білім деңгейін анықтау және алған білімді бекіту.

Дамытушылық

  • Ойлау жылдамдығын арттыру.
  • Ақыл-ойды жан-жақты дамыту және математикалық сауаттылықты күшейту.

Тәрбиелік

  • Ұйымшылдыққа баулу.
  • Тазалық пен ұқыптылыққа үйрету.
  • Шапшаңдық пен батыл шешім қабылдауды қалыптастыру.

Сабақ жоспары

  1. 1Ұйымдастыру
  2. 2Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3Өткен тақырыпты қайталау
  4. 4Жаңа тақырыпты түсіндіру
  5. 5Сабақты бекіту
  6. 6Жаттығулар орындау
  7. 7Сабақты қорытындылау
  8. 8Оқушыларды бағалау
  9. 9Үйге тапсырма

Сабақтың жүру барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш).
  • Журналды толтыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма: №808 есеп.

Оқушылар дәптерлерін бір-бірімен алмастырып, өзара тексеріп бағалайды.

3) Өткен тақырыпты қайталау (сәйкестендіру тесті)

Теңдеулерді шешіп, дұрыс жауаптармен сәйкестендіріңдер:

Теңдеулер

  1. 1)x + 3 = 7
  2. 2)x − 5 = 3
  3. 3)x + 7 = 1

Жауаптар

  1. a)−6
  2. б)4
  3. в)8

4) Жаңа тақырыпқа кіріспе

Анықтама: ax = b түріндегі теңдеу (мұндағы x — айнымалы, a және b — қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

1-қасиет

Теңдеудегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсыға өзгертіп, оны теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіргенде, теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

2-қасиет

Теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде, теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді.

Мысалдар

1) 4x + 3 = x + 5

4x − x = 5 − 3

3x = 2

x = 2/3

2) 7x + 3 = 3x + 5

7x − 3x = 5 − 3

4x = 2

x = 1/2

3) 2x + 4 = 2x − 5,8

2x − 2x = −5,8 − 4

0 · x = −9,8

Бұл теңдеудің түбірі жоқ (ешбір сан 0 · x = −9,8 теңдігін қанағаттандырмайды).

4) 2x + x − 5 = 3x − 5

3x − 3x = −5 + 5

0 · x = 0

Бұл жағдайда кез келген сан теңдеудің түбірі болады.

5) Бекіту сұрақтары

  1. 1.Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеу деп атаймыз?
  2. 2.Бір айнымалысы бар теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
  3. 3.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірін қалай табамыз?

6) Оқулықпен жұмыс

№834 (ауызша)

  1. 1) x + 2,7 = 3
  2. 2) x − 0,6 = 1,4
  3. 3) 2x − 5 = x − 1
  4. 4) 2,7 + 1,3 = x + 3

№835 (жазбаша)

1) 2x + 17 = 22 + 3x

2x − 3x = 22 − 17

−x = 5

x = −5

2) 18 + 3x = x + 14

3x − x = 14 − 18

2x = −4

x = −2

7) Сергіту сәті: теңдеуді шешіп, мақал құрастыру

Төмендегі теңдеулерді шешіңдер. Әр жауапқа сәйкес сөздерді таңдап, мақал құрастырыңдар.

  1. 1) 3x + 2 = 3,5x − 2
  2. 2) 2x − 2,2 = 4x + 4,8
  3. 3) 4x − 5,6 = 3x − 2,7
  4. 4) 7x − 3 = x + 9
  5. 5) −12 − 2x = x − 3
  6. 6) −50 − 17x = −15x − 14
  7. 7) 12x − 14 = 13x

Құрастырылатын мақал:

Бірлік болмай — тірлік болмайды.

8) Қосымша тапсырмалар (ауызша)

Сөзжұмбақ

Оқушылар сабақ тақырыбына қатысты сөзжұмбақты ауызша шешеді.

«Күн шуағы» ойыны

Оқушылар қатар-қатар болып есеп шығарады. Дайын болған қатар жауапты ауызша айтып, магнитті тақтаға «күн шуағын» жапсырады. Әр шуағында бір теңдеу беріледі.

Теңдеулер

  • 2x + 17 = 22 + 3x
  • 18 + 3x = x + 14
  • 13x + 70 = 2x + 15
  • 5x − 8 = 2x + 1
  • 25 − 4x = 12 − 5x
  • 13x + 27 = 16x + 4,5

9) Қорытынды

  • Сабақ мазмұны бойынша қорытынды жасалады.
  • Оқушылар бағаланады.
  • Үй тапсырмасы беріледі.