Суреттерді және жазуларды пайдаланып, қосу мен азайту тәсілдерін түсіндіру

Сабақ туралы мәлімет

Орны

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тәжен мектеп-балабақша кешені

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева Бактыгүл Аширбаевна

Пән / Сынып

Математика, 2-сынып

Тақырып

Қосу және азайту: 26 + 30, 56 − 30

Мақсат

  • Қосу мен азайтудың амалдары мен әдіс-тәсілдерін меңгерту арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.
  • 1-ден 100-ге дейінгі сандар жиынын санау және таңбалау дағдыларын бекіту.
  • Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын ояту.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау, бақылау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Амандасу.
  2. 2 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  3. 3 Дұрыс жауап берген оқушыларды 1000 теңгелік «ақшамен» ынталандыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

  • 6-тапсырманы пысықтау.
  • Ондықтармен санату (100-ге дейін).
  • (28, 43, 54) санынан кейін келетін санды атау.
  • (30, 55, 79) санының алдындағы санды атау.
  • (50, 76, 94) санының көршілерін атау.

3) Жаңа сабақ

Сандар қатары арқылы заңдылық табу

Берілген қатар: 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30.

Тапсырма: ондықтары 3 болатын, ал бірліктері алдыңғы қатардағыдай сақталатын жаңа қатар құрыңдар.

Нәтиже

31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40

Зейінділік есебі

Себетте 9 алма бар еді. Оның 2-еуі жерге түсіп қалды. Себетте неше алма қалды?

Жауабы

7 алма

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма: қосу және азайту тәсілін түсіндіру

Қосу

26 + 30 = (20 + 30) + 6 = 56

20 + 30 жазуы ондықтарға ондықтарды қосуды білдіреді.

Азайту

56 − 30 = (50 − 30) + 6 = 26

50 − 30 жазуы ондықтардан ондықтарды азайтуды білдіреді.

2-тапсырма: тақтамен жұмыс (түсіндіре отырып орындау)

Қосу

53 + 30 = (50 + 30) + 3

35 + 40 = (30 + 40) + 5

Азайту

83 − 30 = (80 − 30) + 3

75 − 40 = (70 − 40) + 5

3-тапсырма: өзіндік жұмыс

а) Өрнекті жаз және мәнін тап

(20 + 5) + 60 = 85

(70 + 9) − 40 = 39

(60 + 4) − 40 = 24

(20 + 2) + 50 = 72

ә) Теңдеуді шеш

6 + a = 10

a = 10 − 6

a = 4

Тексеру: 6 + 4 = 10