Тепе - теңдік сақтау жаттығулары
Сабақтың тақырыбы: Тепе-теңдік сақтау жаттығулары
Білімділік
Гимнастикалық бөренеде тепе-теңдік сақтауға арналған жаттығуларды орындау.
Дамытушылық
Ептілікті және қимыл-қозғалыс әрекетін дамыту.
Тәрбиелік
Төзімділікке, өзара достыққа және сыйластыққа тәрбиелеу.
- Сабақтың түрі
- Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
- Сабақтың әдісі
- Баяндау, түсіндіру, көрсету
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
Дене қыздыру бөлімі қозғалысты біртіндеп арттыруға бағытталады: жүру, жеңіл жүгіру және үйлесімділікке арналған тапсырмалар.
- Қолды жоғары ұстап, аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде, өкшемен жүру.
- Екі қол белде, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бірқалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.
- Арқаны алға қарата, оң иықпен қарап жүгіру.
- Алға созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.
- Қол алақанына аяқтың ішкі және сыртқы қырын тигізе жүгіру.
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
- Екі қол тізеде, толық отырып жүру.
- Отырып секіріп жүру.
- Дем алу және дем шығару.
Саптағы бой жазу жаттығулары
Саптық жаттығулар денені созып, буындарды жұмысқа дайындайды және қозғалыстың дәлдігін арттырады.
Ұйымдастыру және мойын-иық белдеуі
- Саппен келіп, бірнеше қатарға тұру.
- Қолды белге қойып, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа қойып, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
Дене, аяқ және буындар
- Бір қол белде, екінші қол жоғарыда: оңға және солға кезекпен иілу.
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды алға созып тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
- Қол белде: отырып-тұру.
- Екі қолды тізеге қойып, тізені ішке және сыртқа айналдыру.
- Дем алу және дем шығару.