Кім шапшаң. Сабақтың тақырыбы
Сыныптан тыс шара
«Көңілді тапқырлар сайысы»
Мақсаты
- Негізгі курстан алған білімді жетілдіру.
- Эксперименттік тапсырмалар арқылы тәжірибе жасап, қорытынды талдау жасай білуге үйрету.
- Берілген тапсырмалар негізінде теориялық білімді шығармашылық тұрғыда тиянақтап, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
1-тур: «Бұл кім, бұл не?»
Жұмбақ-сұрақтар1) Бұл кім?
Ғылыми еңбектері механикаға, оптикаға, астрономияға және математикаға арналған. Механиканың үш заңын және бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан.
Жауабы: Ньютон
2) Бұл кім?
Математик әрі астроном. Ашқан жаңалығына қуанып, «Таптым! Таптым!» деп айқайлаған.
Жауабы: Архимед
3) Бұл кім?
Өз өмірінде шамамен 40 тонна тамақ жейді. Дүние жүзіндегі ең ақылды «жыртқыш». Қуаты орта есеппен 2,2 Вт.
Жауабы: Адам
4) Бұл не?
Керекті бағытыңды көрсетеді. Алмаз бен қымбат материалды «елемейді», бірақ жолында темір кездессе, бұлқына бастайды.
Жауабы: Компас
5) Бұл не?
Сен оған қарай жүресің — ол да саған қарай жүреді. Сен одан қашасың — ол да сенен қашады.
Жауабы: Көлеңке
6) Бұл не?
Көкке қараған, жұлдыз санаған.
Жауабы: Телескоп
7) Бұл кім?
Энергияның сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Электр тогының жылулық әсерін анықтаған.
Жауабы: Джоуль
8) Бұл кім?
Лондон корольдік ғылым академиясының құрметті мүшесі. Атом құрылысын анықтаған. Радиоактивті процестерді зерттеген.
Жауабы: Резерфорд
9) Бұл кім?
Әскери инженер. Электрлік және магниттік өзара әсерлесудің негізгі заңдарын тағайындаған. Үйкеліс күшіне қатысты зерттеулерімен танымал.
Жауабы: Кулон
10) Бұл кім?
Шаруа адамының ұлы, аэроклуб курсанты. Саяхатқа аттанарда: «Ал, кеттік!» деген сөзімен есте қалған.
Жауабы: Гагарин
11) Бұл кім?
1643 жылы тәжірибені алғаш рет шәкірті Вивани жасаған. Ауаның салмағын есептеп, атмосфералық қысымды өлшеген.
Жауабы: Торричелли
12) Бұл не?
Шам мен плита жұмыс істей қалса, оның есептен-ақ «басы айналады».
Жауабы: Электр есептегіш
2-тур: «Полиглот»
Тілтаным сұрақтарыТөмендегі терминдердің қай тілден шыққанын таңдаңыз (A, B, C).
1) «Пробирка» — қай тілдің сөзінен шыққан?
- A) латын
- B) орыс
- C) француз
2) «Үтік»
- A) түрік
- B) қытай
- C) латын
3) «Гипотеза»
- A) түрік
- B) латын
- C) грек
4) «Ракета»
- A) қытай
- B) латын
- C) неміс
5) «Орбита»
- A) қытай
- B) латын
- C) неміс
6) «Инерция»
- A) түрік
- B) латын
- C) грек
7) «Потенциал»
- A) латын
- B) орыс
- C) француз
8) «Барометр»
- A) француз
- B) латын
- C) грек
9) «Электрон» гректің қай сөзінен шыққан?
- A) эбонит
- B) янтарь
- C) электр
10) «Конденсация» латынның қай сөзінен шыққан?
- A) қойылту
- B) сұйылту
- C) булану
3-тур: «Кім шапшаң?»
Есептер-
1) Орташа жылдамдық
Автомобиль жолдың бірінші жартысын 72 км/сағ жылдамдықпен, екінші жартысын 30 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жол бойынша орташа жылдамдықты анықтаңыз.
-
2) Күштің проекциясы
Массасы 500 кг дененің координатасы белгілі заңдылықпен өзгерсе, оған әрекет ететін күштің проекциясын табыңыз.
-
3) Газ қысымы
Газдың массасы 3 г, көлемі 50 л, молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с. Газ молекулалары ыдыс қабырғаларына қандай қысым түсіреді?
-
4) Зат массасын анықтау
Температурасы 70°C және қысымы 1,2 × 105 Па болатын, көлемі 6 × 10−2 м3 баллондағы NO3 азот қышқылының массасын анықтаңыз.
Қорытынды
Бұл сайыс оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, жылдам ойлау, талдау жасау және дәл жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталған. Турлардың алмасуы сабақ ырғағын серпінді етіп, пәнге қызығушылықты арттырады.