Ертегілерде кездесетін жағымсыз кейіпкер

Ертегілер елінде

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер. Ертегі тыңдамаған адам жер жүзінде жоқ шығар. Ертегі — адамзатпен бірге жасап келе жатқан көркем мұра, халықтың қиялы мен ақыл-ойының, арман-тілегінің айнасы.

Мақсаты

  • Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту.
  • Ойлау, еске түсіру және қайта жаңғырту арқылы қиялдауға үйрету.
  • Ертегілер арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақтадағы слайдтар.
  • Ертегі макеті.

Қиялдан шындыққа

Бір кездері ата-бабаларымыз ұшқыш кілем, Көлтауысар, Саққұлақ, Желаяқ, алыстан хабар алғызатын діллә тас, тез тамақ пісіретін сиқырлы ағаш секілді қиял-армандарын оқиғаға айналдырып, ертегі етіп айтқан. Ал бүгін сол «қол жетпес» көрінген ойлардың талайы шындыққа айналып отыр: телефон, радио, интернет және күнделікті тұрмыстағы көптеген құралдар — қиялдың жүзеге асқан бейнесі.

Шындық көзге шұқиды қашанда,
Шыбын жанның шындықтан қаша алған ба?
Ар- ақиқат үкілі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.

Ертегі жанрлары туралы

Ертегі — фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ол халық прозасының дамыған, көркемделген түрі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тарап, кейін жазба әдебиетте де өркендеді.

Хайуанаттар туралы ертегілер

Көне мифтер мен тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болған. Адам мінезі мен қоғамдағы қарым-қатынастар жан-жануар бейнесі арқылы аллегориялық түрде беріледі.

Қиял-ғажайып ертегілер

Табиғат сырын тануға ұмтылған халық қиялы мен арман-тілегінен туған. Онда ғажайып оқиғалар, сиқырлы заттар, ерекше қаһармандар жиі кездеседі.

Тұрмыс-салт ертегілері

Оқиғасы қарапайым адамның өмірін, еңбегін, тіршілігін, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге құрылады. Қоғамдық қатынастар, таптық ұғымдар да астарлап көрінеді.

Әдеби ертегілер

Ертегілердің бір саласы — әдеби ертегілер. Мұнда авторы белгілі болады, сондықтан «әдеби» деп аталады. Көбіне ел ішінде ауызша айтылып келген аңыз-әңгімелердің негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде жазылады. Олар еңбек адамын қадірлеуді, туған елді сүюді, биік адамгершілікті, әділеттілікті насихаттайды.

Мысал

Әбділдә Тәжібаев — «Толағай».

Үзінді

«Керқұла атты Кендебай» шығармасынан үзінді.

Ертегі туралы ой қозғайық

Төмендегі сұрақтар ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, мазмұнын тереңірек түсінуге көмектеседі.

Сұрақ-жауап

  1. 1) Еркек қойды қоздатып, хан сынағынан мүдірмей өткен аңыз кейіпкері кім?

    Жауап: Жиренше.

  2. 2) Ер Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздық иесі кім?

    Жауап: Шойынқұлақ.

  3. 3) «Аяз би» ертегісінде Мадан ханның шыққан тегі қандай?

    Жауап: Наубай.

  4. 4) «Ер Төстік» ертегісінде Кежекейді жар басындағы лашыққа шақырған кім?

    Жауап: Перінің қызы Бекторы.

  5. 5) «Алдар көсе» аңызында бай кімнің атын өлтірген?

    Жауап: Өзіңіз (Алдардың аты).

  6. 6) Өмірде болмайтын нәрселер жайлы әңгімеленетін ертегі түрі қалай аталады?

    Жауап: Қиял-ғажайып ертегілер.

  7. 7) «Аяз би» ертегісі қай түрге жатады?

    Жауап: Шыншыл ертегі.

  8. 8) «Аяз би» ертегісінде Жаманға Меңді сұлу қандай заттар жібереді?

    Жауап: Гауһар тас, пышақ, тәрелке, қайрақ.

  9. 9) Уәзірлер не үшін «шөптің жаманы» деп шеңгелді алады?

    Жауап: Өзі тікенді; арасымен жүрсе киім жыртады; мал жемейді — сондықтан «шөптің жаманы» деп есептейді.

  10. 10) Ертегілерде жиі кездесетін жағымсыз кейіпкер кім?

    Жауап: Мыстан кемпір.

  11. 11) Мергенбай батыр қай ертегінің кейіпкері?

    Жауап: «Керқұла атты Кендебай».

  12. 12) Дәу қай ертегінің кейіпкері?

    Жауап: «Қаңбақ шал».

Қорытынды

Енді «Әтеш, қоян және түлкі» ертегісін тамашалайық. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!