Қаңқа Жүрек, өкпені қорғайтын қай сүйек

Сөзжұмбақтардың оқу үдерісіндегі тиімділігі

Дүниетану пәні бойынша құрастырылған сөзжұмбақтар оқушылардың сабаққа деген зейінін, белсенділігін, танымдық әрекетін, қызығушылығын және білім деңгейін арттыруға айтарлықтай ықпал етеді. Бір сарынды сабақтан гөрі оқушы әртүрлі әрекеттер мен тапсырмаларды орындағанды ұнатады.

Түрлі әдістер арқылы берілетін пәндік деректер мен тапсырмалар оқушыларға өз ойларын жүйелі жеткізуге, білімін толық көрсетуге мүмкіндік береді. Тақырып бойынша қажетті ақпаратты есте сақтай отырып, олар қосымша мәліметтерді де меңгереді. Сондай-ақ сөзжұмбақтар сабақ тақырыбын қорытындылауға өте қолайлы.

Қолдану мақсаты

  • Зейін мен белсенділікті арттыру
  • Танымдық қызығушылықты күшейту
  • Тақырыпты бекіту және қорытындылау
  • Тереңдетіп және жеделдетіп оқытуға жағдай жасау

Дүниетану бойынша сөзжұмбақ үлгілері

Төмендегі үлгілер оқу материалының негізгі ұғымдарын қайталап, терминдерді дұрыс қолдануға көмектеседі. Әр бөлімде сұрақтар мен жауаптар жұппен берілген.

1) «Адам ағзасы» сөзжұмбағы

Дене құрылысы, тірек-қимыл жүйесі және негізгі ұғымдар.

Дене тірегі не?
Қаңқа
Жүрек пен өкпені қорғайтын қай сүйек?
Кеуде
Жалпақ иілген сүйектер қалай аталады?
Қабырға
Адамның «бас қолбасшысы» не?
Ми
Ең бағалы мүше — миды қорғайтын не?
Бас
«Дене» сөзіне мағынасы жуық сөз.
Ағза
Шынықтыру мәдениетіне не жатады?
Жүзу
Кеуде қуысына қатысты сүйектердің бірі.
Омыртқа
Бұлшықеттер сүйекке қалай бекінеді?
Сіңір
Сүйектердің бір-бірімен жалғасатын жері.
Буын

2) «Жүрек» сөзжұмбағы

Қан айналым жүйесі және негізгі ұғымдар.

1. Сенің жүрегіңнің мөлшері қандай?
Жұдырық
2. Қай кезде жүрек соғысы жиілейді?
Жүгіргенде
3. Жүректен қан бүкіл мүшелерге қандай тамыр арқылы тарайды?
Артерия
4. Қан жүрекке қайтадан қандай тамыр арқылы құйылады?
Вена
5. Ағзадағы бактерияларды қандай жасушалар жояды?
Лейкоцит

3) «Тыныс алу жүйесі»

Ауа жолдары, мүшелер және жиі кездесетін ұғымдар.

Тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі не?
Өкпе
Тыныс алғанда ауа қай арқылы өтеді?
Көмекей
Тамақтан жұғатын ауру.
Баспа
Ауа көмейден кейін қай арқылы өтеді?
Кеңірдек

4) «Ас қорыту жүйесі»

Ас жолы, қоректік заттар және ас қорытуға қатысатын мүшелер.

Ас қайдан өтеді?
Ауыз
Тамақ түсетін негізгі мүше.
Асқазан
Тіршілік үшін адамға не қажет?
Тамақ
Қорытылмаған ас қандай ішек арқылы сыртқа шығарылады?
Тоқ ішек
Сілекей арқылы ауыз қуысында не кездесуі мүмкін?
Микроб
Ішектегі қоректік заттарды ыдыратуға қай бездің сөлі қатысады?
Ұйқы безі
Асты қабылдап, шайнауға қатысатын мүше.
Тіл
Организмдегі улы заттарды залалсыздандыратын мүше.
Бауыр

5) «Сезім мүшелері» сөзжұмбағы

Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және сезімтал жасушалар туралы сұрақтар.

Мұрынның ортаңғы бөлімінде қандай сезу жүйкелері орналасқан?
Иіс
Ерекше сезімтал мүшелер бас бөлігінің қай жерінде кездеседі?
Ерінде
Көру мүшесі не?
Көз
Құлақтың үш бөлімінің бірі.
Ішкі
Қандай кезде иісті сезе алмаймыз?
Тұмау
Иіс сезу мүшесі не?
Мұрын
Иіс сезу дабылын миға өткізетін не?
Жүйке
Көздің ортасында не болады?
Қарашық
Құлақ қандай мүше?
Есту
Дәм сезу мүшесі не?
Тіл
Ақпаратты қабылдайтын қандай жасушалар?
Сезімтал
Көру жүйкесі арқылы бейнені миға өткізетін қандай қабық?
Торлы
Тұмаудың әсерінен мұрындағы кілегей қабықшалар не істейді?
Ісінеді