Көктем мен Жаңа күн мерекесі

«Наурыз-думан» — қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамының мәнін түсіндіруге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге және оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге арналған мерекелік әдеби-музыкалық кеш.

Мақсаты

  • Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы мазмұнды түсінік беру.
  • Ұлттық салт-дәстүрді бойға сіңіру арқылы тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру.
  • Қоғамдық бірлік, сыйластық, ізгі тілек мәдениетін нығайту.

Мазмұны

Табиғаттың түрленуі мен жаңаруы, көктемнің келуі, береке-бірлік идеясы ашылады. Мейрамның қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.

Көрнекілігі

  • Киіз үй жабдықтары
  • Ұлттық тағамдар
  • Алтыбақан және басқа ұлттық атрибуттар

Кештің түрі

Мерекелік сазды әдеби-музыкалық кеш.

Бағдарлама құрылымы

I. Қонақтарды қабылдау

Қонақтарды қарсы алу, мерекелік көңіл күй қалыптастыру.

II. Шақыру

Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз думанын тамашалауға шақырады.

III. «Жыл басы — Наурыз» мерекесінің жүру бағдарламасы

  1. 1 Қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдары туралы түсінік беру.
  2. 2 Халық әндері мен билерін тамашалау.
  3. 3 Қыдыр атаны қарсы алып, бата сұрау.
  4. 4 Ұлттық ойындар (күрес, кіртас көтеру, аударыспақ) және Наурыз көже ішуден сайыстар.
  5. 5 «Достығымыз жарасқан» — ұлттық билер сайысы (әр ұлт өкілдерінің киімін киген бозбала мен бойжеткендер өнер көрсетеді).

Жүргізушінің құттықтауы

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі де келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Наурыз — «жаңа күн» деген сөз. Бұл — ата-бабамыз мыңдаған жылдар бойы мерекелеп келе жатқан жыл басы. Ұлыстың ұлы күнінде еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

Наурызым қайта оралды, аты аңыз, Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз. Үй — дастархан, даламыз — сахнамыз, Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз! Көктем жетті көл-көсір шуақ құрып, Қыс та ұзап барады жылап тұрып. Шатырында үйлердің Наурыз да жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым! Бүгін — Ұлыстың ұлы күні, ата сөзімен айтқанда, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз — көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін қасиетті шақ.

«Қош келдің, әз Наурыз!» атты думанды ашып беру үшін сөз кезегі мектеп директоры Шоқанов Әлібек Төкенұлына беріледі.

Шашу және бата

Шашу

Шашу, шашу, көп шашайық шашуды, Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, жинап ал несібеңді, Рызығың бола берсін көл-көсір!

Шашу шашылады

Бата сұрау

Ұлыс күні қазан толса, Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, Сонда олжалы жол болар.

Қыдыр ата батасы

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын. Ұлыстың ұлы күніңде, Ұлың оңға қонсын. Менің берген бұл батам, Алланың құлағына шалынсын! Әумин!

Сүндет тойға арналған ақжарма тілек

Құрметті ағайындар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі ұлы тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сүндет той — ұрпақтың ата жолына түсіп, дәстүрге адал болсын деген игі ниеттің нышаны.

Мұсылмандық — ұлы міндет, Құтты болсын бұл сүндет! Өмір жолы — ұзақ жол, Ұзақ жолда талмағын. Еңбек, өнер, ғылымда Қатарыңнан қалмағын, Биік болсын талғамың. Халқың сыйлар адам бол, Орындалсын арманың. Мұсылмандық — ұлы міндет, Құтты болсын бұл сүндет!

Молданың батасы

Бисмилла ир-рахман ир-рахим! Мұсылмандық — ұлы міндет, Құтты болсын бұл сүндет! Әумин!

Жүргізушінің жыры

Ал, балақан, балақан! Саған елді қаратам. Ерке болып еліңе, Балпаңдаған балапан. Пышақ тиіп теріңе, Талтаңдаған балапан. Жиналған жұртқа таңданып, Жаутаңдаған балапан. Сүндеттеліп сәтімен, Сен де болдың мұсылман. Қыдыр бабаң қыдырып, Кетпей жүрсін тұсыңнан! Ал, халайық, халайық, Балапанға қарайық. Дінімізді құрметтеп, Мұсылманға санайық!

Әжесі ортаға шығып, «жолым мен жасымды берсін» деген ниетпен сөлкебайын үзіп алып, сүндет қоржынға қыстырып, баланың иығына іледі де, немересін сүйіп, ақ тілегін арнайды.

Қорытынды: ән, би, Наурыз көже

Той думанға келіңіз, Тамашалап көріңіз. Би билейік бәріміз, Қол соғайық бәріміз! Арда өсіп, адал емген ақ уызың, Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін. Көк бөрілі байрағын желбіретіп, Көк түріктер тойлаған Наурызым!

Дәмге шақыру

Баршаңызды Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз. Мереке құтты болсын!

Осымен мерекелік кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!