Қолдарыңа карандаш алып, түсініксіз сөздердің астын сызып отыруды ұмытпаңдар

ШҚО, Уржар ауданы

«Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Умбетова Эльмира Төлеуғазиновна

Тақырып: Қасым Аманжолов «Қазақстан»

Психологиялық дайындық

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қане, қонақтарымызбен амандасайық.

Сабағымызға келгендер,

Сәлем бердік бәріңе.

Ізгілікке сенгендер,

Сәлем бердік бәріңе!

Өз бақытын өзгемен

Тең бөлісе білгендер,

Сәлем бердік бәріңе!

— Мен де сендердің жүздерің ашық, көңілдерің көтеріңкі болуына тілектеспін. Рахмет, балалар, отыра қойыңдар.

Топқа бөліну

І топ

Абай

ІІ топ

Ыбырай

ІІІ топ

Шәкәрім

Ендеше, сөз асылын, тіл тазалығын сезіндіретін әдебиет сабағымызды бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру: «Жарқыраған жұлдыз»

Үй тапсырмасын бекіту үшін «Жарқыраған жұлдыз» ойынын ойнаймыз.

Әр сұраққа жауап берген сайын өз жұлдызымызды «жарқыратып» отырамыз. Сабақ тәртібін сақтаймыз: қол көтеріп қана жауап береміз.

Сұрақтар

  • Өткен сабақта кім туралы оқыдық?
  • Қайрат кім? Ол қандай адам?
  • «Қорқу», «сескену» сөздерін Қайрат қалай түсіндіреді?
  • «Қорқақтық» деген сөзді қалай түсіндіреді?
  • Ізденіс: Қайрат туралы тағы не білеміз?
  • Желтоқсан құрбандарынан тағы кімдерді білесіңдер?
  • Қайрат ақынның қандай жазбаларын білесіңдер?

Қорытынды

Жарайсыңдар, балалар! Бірлесе отырып, ең жарық, ең биік жұлдызды жақтыңдар.

Бүгінгі сабақтың ең жарық жұлдызы — Қайраттың жұлдызы. Ендеше, жұлдыздың бес тармағына Қайраттың бес қасиетін тізіп көрейік.

Жаңа тақырыпқа кіріспе

Ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз: «Қазақстан».

Бүгін біз Қасым Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңімен танысамыз.

Қасым Аманжолов туралы қысқаша мәлімет

Қасым Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген.

Өзі танысқан басқа авторларымыз сияқты, ол да мұғалімдік мамандықты таңдаған ақын.

Сонымен қатар, өзге тілдерде жазылған шығармаларды қазақ тіліне шабыттана аударған аудармашы.

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ақын.

1955 жылдың 18 қаңтарында ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болған.

Жаңа материалмен танысу: «Жаңа толқында»

1) Тыңдалым

Магнитофоннан «Қазақстан» өлеңінің үзіндісі тыңдалады.

Талқылау сұрақтары

  • Өлең ұнады ма?
  • Өлеңде не туралы айтылған?

2) Іштей оқу

Енді өлеңді өзіміз оқимыз. Қолдарыңа қарындаш алып, түсініксіз сөздердің астын сызып отырыңдар.

3) Кітаппен жұмыс

Әр шумақты оқушылар кезекпен дауыстап оқиды.

Сөздік жұмысы (дәптермен)

Балқаш
Балқаш өзені маңындағы өндірісті қала (картадан көрсету).
Қас тағдырдың қиқаны
Қиындықтың ауыртпалығы.

Оқушылар түсінбеген басқа сөздермен де қосымша жұмыс жүргізіледі.

Топтық жұмыс

1-топ: Абай

Талдау
  1. 1 «Бақытты қазақ баласы» деп өлеңнің қай шумағын айтуға болады?
  2. 2 Ақынның қуанышқа толы көңіл күйін білдіретін өлең жолдарын тауып, оқыңдар.

2-топ: Ыбырай

Сөз тіркесі

«Жеріміз» сөзімен сөз тіркестерін құраңдар

Қасиетті жеріміз, киелі жеріміз.

«Қазақпыз» сөзімен сөз тіркестерін құраңдар

Кең далалы қазақпыз. Кең пейілді қазақпыз.

«Намыс» сөзімен сөз тіркесін құраңдар

Ел намысы.

3-топ: Шәкәрім

Сөз тіркесі

«Азат» сөзімен сөз тіркестерін құраңдар

Азат жігіт. Азат қыз.

«Құл» сөзімен сөз тіркесін құраңдар

Құл емеспіз.

«Жанбыз» сөзімен сөз тіркесін құраңдар

Еркін жанбыз.

Нәтиже

Оқушылар өлең мазмұнын талдап, түсініксіз сөздерді анықтайды, сөз тіркестері арқылы негізгі ұғымдарды нақтылайды және топпен бірлесе жұмыс істеу дағдыларын нығайтады.