Ақпан Өлең шумағын жалғастыр, кімнің өлеңі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / Сынып

Әдебиеттік оқу, 2-сынып

Сабақтың тақырыбы

М. Дулатов — «Қыс»

Модульдер

  • Сыни тұрғыдан ойлау
  • Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану

Әдіс-тәсілдер

  • Диалогтік оқыту
  • Ментальді карта
  • Ой қозғау
  • «Түртіп алу»

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың М. Дулатов туралы жинаған білімін толықтыру, «Қыс» мәтінінің мағынасын ашу арқылы сыни ойлауға баулу.

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушылармен жылы амандасады, сыныпты үш шағын топқа бөледі.

Ынталандыру өлеңі

Білем деме, балам,

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам,

Дүниеде жоқ шығар.

Үй тапсырмасын және өткенді қайталау (топтық жұмыс)

I топ

  • «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген?
  • «Тілім менің» өлеңінің бір шумағын айтып бер.

II топ

  • Бөлімдегі М. Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады?
  • «Отан» — кімнің мекені жақсы? Не туралы?

III топ

  • Күләш Ахметованың «Астана» өлеңінің 1 шумағын айт.
  • Туған жер туралы мақал айт.

Қорытынды: берілген тапсырмалардың барлығы туған жер тақырыбына қатысты. Бүгін жаңа тарауды бастаймыз: қыста да талай қызық бар.

Ой қозғау: жұмбақтар арқылы тақырып ашу

Жұмбақ 1

Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.

Жұмбақ 2

Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.

Жұмбақ 3

Отқа жанбас, суға батпас.

Талқылау сұрақтары

  • Мәтіндегі ерекше түспен белгіленген «аяз» сөзі жылдың қай мезгілімен байланысты?
  • «Мұз», «қар» сөздерін оқығанда қай дыбысты созып оқыдыңдар? Неге?
  • Осы сөздерді естігенде көз алдыңа не елестеді?
  • Дыбыстық талдау жасаңдар.

Қорытынды: сөзжұмбақтың шешіміне сүйене отырып, М. Дулатовтың «Қыс» әңгімесімен танысамыз.

Жаңа білім: М. Дулатов және «Қыс» мәтіні

М. Дулатов кім?

Оқушылардың бұрынғы білімін толықтыру: автор туралы мәліметтерді еске түсіру және ментальді картаға түсіру.

Оқу тапсырмалары (топтарға бөлу)

  • I топ

    Мәтінді мәнерлеп оқиды.

  • II топ

    Мәтінді тізбектей оқиды.

  • III топ

    Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасайды.

Түсіндірмелі сөздік

Бапсыз
жайсыз
Бек қиын
өте қиын
Жалтаң аяз
үскірік, суық аяз
Қарыған
үсірген, үсіткен

Қыс туралы шағын өлең (талдау үшін)

Шаңғыменен сырғанап,

Боран болып уілдейміз.

Қар болып жапалақтап,

Бұршақ болып түсеміз.

Талдау және сұрақ-жауап

Сұрақтар

  • Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?
  • Адамдар суықтан қалай қорғанады?
  • Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз?
  • Мәтінде үй жануарлары туралы не делінген? (тауып оқы)
  • Жылқышының еңбегі туралы айтып бер.

Топтық тапсырмалар: қыс айлары

I топ — Желтоқсан

  • Қысқы ойын түрлерін атау.
  • Тақырып бойынша сурет салу.

II топ — Қаңтар

  • «Күз — дәнімен көрікті, Қыс — қарымен көрікті» мақалын түсіндіріп, мағынасын ашу.
  • Қысқы еңбек түрлері туралы айту.

III топ — Ақпан

  • Өлең жолын жалғастыру: «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды…»
  • Бұл — кімнің өлеңі екенін анықтау.

Бекіту сұрақтары

  1. М. Дулатов кім? Қай жылы туған?
  2. «Бек қиын» сөзін қалай түсінесің?
  3. Қыс айларын ата.
  4. «Көлге жапқан қақпақ, Сіресіп тұр — қатты-ақ» деген жолдар нені білдіреді?

Рефлексия және бағалау

Сабақ соңында оқушыларға парақшалар таратылады. Әр топ өз жұмысын бағалап, «Бүгінгі сабақ қалай өтті?» деген сұраққа қысқаша жауап береді.