Сөйлемдерді толықтыр

Дүниетану (4-сынып): Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Бұл сабақта оқушылар шөл және шөлейт аймақтардың табиғатын танып, ондағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілікке бейімделу ерекшеліктерін түсінеді.

Сабақ мақсаттары

  • Барлық оқушылар: мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді.
  • Көптеген оқушылар: шөл аймағындағы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін атайды, ерекшеліктерін сипаттай алады.
  • Кейбір оқушылар: дала мен шөл аймағы өсімдіктері мен жануарларының бейімделуін салыстырып, өз ойын дәлелдеп жеткізеді.

Құндылықтар және байланыстар

Құндылықтарды дарыту:

Отанды сүюге, табиғатты қорғауға, жанашыр болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Биология, география.

Жетістік критерийлері

Түсініп оқиды

Мәтінді іштей оқып, негізгі ойды анықтайды.

Жұппен оқиды

Мазмұнын талқылап, бір-бірін толықтырады.

Тізбектеп оқиды

Сөйлеу дағдыларын дамыта отырып, кезекпен оқиды.

Тілдік мақсаттар

  • Қазақстанның физикалық картасынан шөлді аймақтарды көрсетеді.
  • Шөл ұғымын түсінеді және дұрыс қолданады.
  • Құмды, сортаңды, тақыр, сазды және тастақты шөлдерді ажыратады.
  • Шөл өсімдіктері мен жануарларының түрлерімен танысады.

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал

Оқушылар шеңбер құрып, хормен қайталайды:

Қайырлы күн, достым,

Сәттілікке толсын!

Бүгінгі алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

Ұйымдастыру және тексеру

  • Сабаққа дайындықтарын тексеру.
  • Үй тапсырмасын сұрау (оқушыларды «Сиқырлы сандықша» арқылы таңдау).

Алдыңғы білімді өзектендіру

Сөйлемдерді толықтыр

  1. Даланы ____ ірі жануарлар мекендейді.
  2. Ақбөкен далада ____ болып жайылып жүреді.
  3. Дала зонасының көп бөлігі ____ болып келеді.
  4. Құстардың ішінде ____ жыртқыш құстар қатарына жатады.
  5. Далалы жер негізінен ____ жыртылады.

Тест

1) Дала дегеніміз не?

  • a) Ормансыз алқап
  • b) Шөлді аймақ
  • c) Тау бөктері
  • d) Құрлық жер

2) Тез құрғап кететін даланың түрі:

  • a) Шалғынды дала
  • b) Қуаң дала
  • c) Егістік
  • d) Жазық

3) Дала жануары:

  • a) Арқар
  • b) Бақа
  • c) Ор қоян
  • d) Қоңыр аю

4) Қызыл кітапқа енген, даланы мекендейтін бағалы жануар:

  • a) Ақбөкен
  • b) Қасқыр
  • c) Түлкі
  • d) Қоян

5) Дала өсімдігі:

  • a) Бөріқарақат
  • b) Шеңгел
  • c) Итмұрын
  • d) Жауқазын

Қорытындылау

Сұрақ–жауап арқылы өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдарды қайталау.

Сабақтың ортасы

Жұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа шығу

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

Жауабы: Түйе

Түйеге қысқаша сипаттама беру арқылы шөл жағдайындағы тіршілікке бейімделу туралы әңгіме өрбітіледі.

Жаңа білімді меңгерту

  • Видеокөрініс арқылы шөл табиғатының ерекшеліктерін түсіндіру.
  • Оқулықпен жұмыс (Жигсо әдісі): мәтінді 4 топқа бөліп оқу, түсіну, өзара түсіндіру.
  • Дәптермен жұмыс: тақырыпты жазып, негізгі түрлерді белгілеу.

Дәптерге жазу үлгісі

Күні: 3 ақпан

Тақырып: Шөл өсімдіктері мен жануарлары

Өсімдіктер

  • Селеубояу
  • Жүзгін
  • Сексеуіл
  • Кермек

Жануарлар

  • Сарышаян
  • Қосаяқ
  • Қарақұйрық
  • Сұр келес
  • Құлақты кірпі

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Бекіту тапсырмасы: сөйлемдерді толықтыр

  1. Шөл және шөлейт жерлер — суға тапшы аймақ.
  2. Жүзгін бұтасы 2 метрге дейін биік болып өседі.
  3. Барлық шөл өсімдіктерінің емдік қасиеті бар.
  4. Жылан жемін түнде аулайды.
  5. Шөл жануарларына өсімдіктің бойындағы ылғалдың өзі жеткілікті.

Ескертпе

Мұғалімнің аты-жөні: Қасымқан Ж. Б.

Материал: «Шөл өсімдіктері мен жануарлары» (жүктеу үшін мектептің/сыныптың ортақ платформасын пайдаланыңыз).