Армысыздар әжелерім, аналарым
Көктемнің алғашқы мейрамы және аналарға құрмет
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Армысыздар, әжелерім, аналарым! Ақ көңіл, мейірбан даналарым, көктемнің алғашқы мерекесімен сіздерді балаларыңыз құттықтайды!
Міне, көктемнің гүлі мен жұпар лебімен бірге, анамыздай аймалаған мереке де келді. Көктемнің алғашқы күндерімен қатар аналарымыздың да мейрамы жетті.
Көрініс: «Бақытты іздеу»
Қыз бала (көңілсіз)
— Сәлем бәріңе. Сендер кімсіңдер?
Балалар: — Біз «Ертөстік» тобының балаларымыз.
Қыз: — Сендер бақыттың қайда екенін білмейсіңдер ме?
Алибаба (ортаға шығады)
— Сәлем бердік бәріңе. Мен Алибабамын. Бақытты неге іздеп жүрсің? Кел, бізге қосыл: бірге ұрлық жасаймыз, тонаймыз, алтын көп болады. Ақшаң көп болса — бақыттысың. Тойып алып билейсің — міне саған бақыт!
Жүргізуші: — Балалар, Алибабаның айтқаны дұрыс па?
Балалар: — Дұрыс емес.
Жүргізуші: — Алибаба, сен бізбен бірге бол. Сонда бақыттың не екенін түсінесің.
Алибаба: — Жарайды. Мүмкін, бақыт ән айтуда шығар. Қане, балалар, бірге ән айтып көрейік.
Ән
«Ана тілім»
Алибаба: — Жарайсыңдар, балалар! Керемет ән екен. Бірақ ән айтқанда да бақытты көре алмадым… (көңілі түседі)
— А-а-а, таптым! Мүмкін, би билесек, бақытты көрермін.
Би
«Бананамама»
— Көңілді би екен! Сендерге ұнады ма? Маған да ұнады. Бірақ бақытты тағы да көре алмадым…
Жүргізуші: — Ендеше, Алибаба, біздің топтың ертегі қойылымын тамашалап көр. Мүмкін көңілің көтеріліп қалар.
Ертегі қойылымы
«Қызыл телпек пен қасқыр»
Алибаба: — Жарайсыңдар! Қойылымды көріп отырып, сендермен ойын ойнағым келіп кетті.
Ойын: «Бірдей гүлдерді тап»
Шарты: Алибаба көрсеткен гүлдердің түсіне сәйкес дәл сондай гүлдерді табу керек.
Би
Өзбек биі
Алибаба: — Керемет би екен! Бұл топтың балаларының бәрі өнерлі екен.
Шешім: Бақыттың шынайы мәні
Қыздың анасы ортаға шығып: — Қызым, мен сені іздемеген жерім жоқ. Қайда жүрсің, ботақаным, қошақаным, құлыным? — деп қызын құшақтайды.
Қыз: — Мен бақытты барлық жерден іздедім, таба алмадым. Сізді көріп қатты қуандым. Анашым, сен менің бақытым екенсің!
Алибаба: — Балалар, мен түсіндім: бақыт деген — біздің анамыз екен. Біз тек анамыздың жанында бақыттымыз. Енді мен анама барайын, қуантайын, сағынышын басайын. Мен анамды жақсы көремін. Ал сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: — Біз анамызды жақсы көреміз.
Алибаба: — Мен анамды қуантқалы, мерекесімен құттықтағалы кеттім. Сау болыңдар, балалар. Рахмет сендерге!
Аналарға арнау
Жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды, қияға қиялменен қарыштайды. Балғындар шын жүректен тебірентіп, аналарға әндерін бағыштайды.
Ән
«Анаға сыйлаймыз»
Талшынның өлеңі
Ана, сен бақыттысың, бақыттысың,
Менмін ғой бақшаңдағы бақыт құсың.
Қазірдің бөбегімді өсіре бер,
Ақ сүтіңді ақтаймын — уақыт туса.
Ана деген — бәйтерегі өмірдің,
Ана деген — қуанышы көңілдің.
Ана деген — әрбір үйдің жылуы,
Ана деген — гүлі тұнған өмірдің.
Негізгі ой
Бұл қойылымның түйіні — бақытты сырттан іздемей, ең жақын, ең қымбат жаннан табу. Ана — мейірімнің де, жылылықтың да, өмірдің де тірегі.