Сабақтың тегі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Райымбек ауданының білім бөліміне қарасты Ақтасты орта мектеп (мектепке дейінгі шағын орталығы бар) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырбекова Гүлбақыт.

Сынып және тақырып

8-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары.

Тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау

Сабақтың типі

  • Тегі: қайталау, жинақтау сабағы
  • Түрі: саяхат-сабақ

Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік

  • Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, шығармашылық ізденіс, шығарма жазу, ойтолғау
  • Кітаптар, Астананың әсем ғимараттары (слайд), электронды оқулық, карточкалар

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Сөйлем мүшелерін еске түсіру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту және білімді бекіту.

Дамытушылық

Өз бетінше ізденуге ықпал ету, ойлау қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге баулу, сөйлемді талдау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу; мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың рухани байлығын дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейінін аудару.
  • Сыныпты 2 топқа бөлу.
  • Сабақтың ерекшелігін түсіндіру, мақсатымен таныстыру.

II. Саяхат-сабаққа кіріспе

Мұғалім оқушылармен сұхбат жүргізеді: «Алдымызда қандай мереке келе жатыр?»

Тәуелсіздіктің маңызы айтылады: биыл еліміздің тәуелсіздігіне 24 жыл толуы — білім арқылы мерейтойға үлес қосудың бір жолы. 2016 жылы Тәуелсіздігімізге 25 жыл толатыны атап өтіледі.

Негізгі идея: Өркендеген Астана — Қазақстанның шыңға шарықтаған бәйтерегі. Бүгінгі сабақта еліміздің рухани орталығына, мәдени мекеніне айналған айшықты қала — Астанаға саяхат жасаймыз.

1-аялдама: Ақорда

Елордадағы басты ғимараттардың бірі — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда. Ғимараттың ұзындығы 600 метр, ені 20 метр.

Тапсырма

«Ақордадан келіп түскен шұғыл хатқа жедел жауап берсеңдер, саяхатымызды жалғастырамыз».

Топтық тапсырмалар

I топ

  1. Сөйлем мүшелерінің үш белгісін ата.
  2. Бастауыш нені білдіреді? Дара бастауышқа мысал келтір.
  3. Толықтауыштың байланысу түрі қандай?

II топ

  1. Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
  2. Баяндауыш нені білдіреді? Күрделі баяндауышқа мысал келтір.
  3. «Оқушылар Астанаға саяхат жасады» сөйлеміндегі асты сызылған сөз тіркесінің байланысу тәсілі мен түрі қандай? «Астанаға» сөзі қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?

Қорытынды

«Жақсы, балалар, саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық!»

2-аялдама: Пирамида (Бейбітшілік пен келісім сарайы)

Көлемі

28 000 м²

Биіктігі

62 м

Концерт залы

1500 орын

«Кім тапқыр?» тапсырмасы

Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, сөйлем мүшелеріне талдау жаса.

  1. 1) Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
  2. 2) Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.
  3. 3) Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.
  4. 4) Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.

3-аялдама: Хан шатыр

Астана қаласындағы ең биік ғимараттардың бірі — Хан шатыр. Алаңы 10 гектар жерді алып жатыр. Ішінде қалалық парк, кинотеатр, көрме және концерт залдары, дүкендер, тіпті аквапарк та бар.

Тапсырма

56-жаттығуда берілген «Сыйрақ — өз Отанының ұлы патриоты» мәтініне талдау жаса. Талдау — табыс кілті.

I топ

Қарамен жазылған сөздердің сөйлем мүшесі ретінде қызметін анықтап, талдау жаса.

II топ

Сыйрақтың айтпақ ойын аяқта; оның ерлігіне қатысты қорытынды пікір білдір.

4-аялдама: Бәйтерек

Енді болашағымыздың символындай Сарыарқаға сәулет берген Астана — Бәйтерек монументіне де таяп қалдық. Биіктігі — 97 метр.

Жетекшілер сайысы (Иә/Жоқ)

I топ жетекшісі

  1. Шылау сөйлем мүшесі бола алады. (Жоқ)
  2. Бастауыш кім? не? сұрағына жауап береді. (Иә)
  3. Анықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (Жоқ)
  4. -ның, -нің — ілік септігінің жалғауы. (Иә)
  5. «Биылғы күз салқын» — құрмалас сөйлем. (Жоқ)
  6. -у — тұйық етістік жасаушы жұрнақ. (Иә)

II топ жетекшісі

  1. Бастауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (Иә)
  2. Мен, сен, ол, біздер — жіктеу есімдіктері. (Иә)
  3. «Келе жатыр» — үйірлі баяндауыш. (Жоқ)
  4. Сөйлем мүшелері құрылысына қарай 3-ке бөлінеді. (Иә)
  5. Сөйлем мүшелерін тіл білімінің морфология саласы зерттейді. (Жоқ)
  6. Толықтауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (Жоқ)

5. Үй тапсырмасы

  • «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» тақырыбына шығарма жазу.
  • Адамгершілік, имандылық туралы даналық сөздер жаттау.

6. Бағалау және қорытынды

Оқушылар білімі бағаланады, сабақ қорытындыланады.

Есілдің жағасына қонған қалам,

Жүрегі қазағымның болған қалам.

Күн санап ертегідей өскен қалам,

Жайнашы, жасай берші, нұрлы Астанам.

Сабақтың қорытынды ойы: сөйлем мүшелері бойынша білімді жинақтау арқылы оқушылар нұрлы қала — Астанаға символдық саяхат жасады. Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, алда елордаға талай сапар күтіп тұр.

Қосымша

Толық нұсқасын жүктеу (материалдар, слайдтар және тапсырмалар жинағы).