Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше
Сабақ туралы мәлімет
- Мектеп
- №11 М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебі
- Пән мұғалімі
- Биология пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы
- Сабақтың тақырыбы
- Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
- Сабақтың мақсаты
-
Оқушыларды ас қорыту мүшелер жүйесінің құрылысы және зат алмасуда ас қорыту үдерісінің рөлімен таныстыру.
Ауыз қуысында, қарында және ішектерде тағамның қорытылуын толық талдату.
Оқушылардың салыстыра ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін арттыру.
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі емес
- Сабақтың типі
- Экспедиция сабағы
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру
Сабақ саяхат түрінде өтеді. Мақсат — «білім шыңына» жету. Ойын екі сатыдан тұрады:
- 1 Саяхатқа дайындық
- 2 Шыңға жету
II. Саяхатқа дайындық
A. «Ауа райы болжамы»
Сұрақтар мен тапсырмаларБірнеше «бұлт» бейнесінің артында сұрақтар жасырылған. Оқушылар жауап беріп, келесі кезеңге өтеді.
- Ағзаның өсуі, дамуы және тіршілігі үшін қажетті зат қандай?
- Минералды тұздардың тәуліктік мөлшері қанша?
- Қандай дәрумен жұқпалы ауруларға қарсы тұруға көмектеседі?
- Нәруыздың тәуліктік мөлшері қанша?
- Адам тәулігіне қанша литр су ішуі керек?
- Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
- Қандай тағамдардың құрамында нәруыз көп болады?
- Көмірсуларға қандай заттар жатады?
Ә. «Жолға не алу керек?»
ТерминдерЖол сөмкелерінде биологиялық терминдер жазылған қағаздар болады. Оқушылар әр терминге қысқаша түсінік береді. Дұрыс жауап берген оқушылар II сатыға өтеді.
III. Шыңға жету
Алдын ала шынығу кезеңі. Сынып 4 топқа бөлінеді: шыңға шығу жолы қиын болғандықтан, тәртіп, сергектік және ой ұшқырлығы қажет.
A. Тәртіп орнату
Топ ішіндегі рөлдер белгіленеді, жауап беру тәртібі мен уақыт регламенті бекітіледі.
Ереже
- Бір-бірінің жауабын бөлмеу
- Дәлелді жауап беру
- Топтық шешімді құрметтеу
Ә. «Ұйықтамай тыңда! Жауабын тап!» (Түсіну)
Төмендегі көп таңдаулы сұрақтарға дұрыс жауапты анықтаңдар.
-
1) Адамның асқазан безі бөлетін зат:
- а) шырын
- в) химозин
- с) птиалин
- д) күкірт қышқылы
- е) пепсин
-
2) Бауыр қақпасынан өтетіндер:
- а) сілекей безінің өзегі
- в) жүйкелер
- с) веналар
- д) өт жолы
- е) артериялар
-
3) Адамның күрек тістерінің саны:
- а) 2
- в) 4
- с) 6
- д) 8
- е) 10
-
4) Тілдің ұшы қандай дәмді сезеді?
- а) тұзды
- в) ащыны
- с) тәттіні
- д) қышқылды
- е) хош иісті
Б. «Ойлан, тап!» (Талдау)
Тақтада ас қорыту мүшелері құрылысының суреті беріледі. Әр топ қысқа сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді.
1. Мынау ауыз қуысы ма? Иә.
2. Жұтқыншақтың ұзындығы 11–12 см, бұлшықетті мүше ме? Иә.
3. Дәм сезу рецепторлары жұмсақ таңдайда орналасқан ба? Жоқ.
4. Ас қорыту және тыныс жолдары жұтқыншақта қиылыса ма? Иә.
5. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы 3–5 см ме? Жоқ.
6. Бауыр ас қорыту жүйесіне жата ма? Иә.
7. Ұлтабардың ұзындығы 5,5–6 м ме? Жоқ.
8. Соқырішектің ұзындығы 7–8 см ме? Иә.
Шыңға жеткен оқушылар «Нағыз альпинистер» атанады.
Жинақтау және қолдану кезеңдері
II. «Қарлы бұрқасын»
14 ұпайБірінші асудан өту: сәйкестендіру тесті.
Сипаттама
- Ас қорыту жолының ең көлемді бөлімі
- Ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі
- Ең үлкен ас қорыту безі
- Жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлім
- Қоректік заттарды сіңіретін негізгі бөлім
- Құрт тәрізді өсіндісі (аппендикс) бар бөлім
- Төменгі жағына өт қабы жалғасатын мүше
Жауап нұсқалары
- 1) Бауыр
- 2) Ұйқыбез
- 3) Жұтқыншақ
- 4) Өңеш
- 5) Тоқ ішек
- 6) Асқазан
- 7) Аш ішек
II. «Мұздық»
16 ұпайДұрыс тұжырымдарды белгілеңдер және дәптерге жазыңдар (нұсқалар бойынша).
I нұсқа
- Қоректік заттар ағзада энергетикалық және құрылыстық қызмет атқарады.
- Жұтқыншақ ас қорыту жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
- Асқазанның сілемейлі қабатында ішек сөлін бөлетін көптеген бездер бар.
- Аш ішек — ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі.
- Ұйқыбез тек сыртқы секреция безіне жатады.
II нұсқа
- Қарын қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан.
- Нағыз ауыз қуысында жұтқыншақ орналасқан.
- Жұтылған тағам жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді.
- Аш ішекте бадамша бездер орналасқан.
- Тоқ ішекте өте көп бактериялар болады, олардың бір бөлігі ағзаға пайдалы.
III нұсқа
- Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері — соқырішек деп аталады.
- Тіл бұлшықет талшықтарының бір бөлігі ұзына бойы, екінші бөлігі көлденең, үшіншісі тік бағытта орналасады.
- Тілдің екі жиегі тәттіні сезеді.
- Қарынның өңешпен және ұлтабармен жалғасқан жерлерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады.
- Аш ішектің сілемейлі қабықшасында бүрлер өте көп болады.
IV нұсқа
- Қарын — іші қуыс, қалың бұлшықетті мүше.
- Нағыз ауыз қуысының соңғы жағы аранмен шектеледі.
- Тағам құрамында нәруыз, майлар, көмірсулар болмайды.
- Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады.
- Өңештің ұзындығы 5,5–6 м болады.
III. «Тасты жартас»
«Микс» жаттығуы: барлық топқа берілген сөздерді қолданып, ас қорыту үдерісіне байланысты қысқа мазмұнды сөйлемдер немесе шағын мәтін құрастырыңдар.
Қорытынды
Сабақ соңында оқушылардың білімі бағаланады. Үздік жауап көрсетіп, «білім шыңына» жеткен оқушылар «Нағыз альпинистер» атанады.