Өлеңді оқушылардың оқуы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Тасымал. «Өз Астанам – өз ордам»
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, ой қозғау, баяндау, логикалық ойындар
- Көрнекіліктер
- Суреттер, Астана қаласының фотосы, бейнетаспа, карта
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану, музыка
Сабақтың мақсаттары
1) Білімділік
Оқушыларға тасымал туралы түсінік қалыптастыру; сөздерді буынға бөлуге, буындардан сөз құрауға; сөздің буынға бөлінетін бөлігінен тасымалдауға болатынын меңгерту; өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін және пәнге қызығушылығын дамыту.
3) Тәрбиелілік
Оқушыларды отансүйгіштікке, туған елін және туған жерін қадірлеуге тәрбиелеу; туған өлкенің табиғатын қорғауға баулу.
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Ана тілі — сөз өнері,
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық,
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасақ уайым қып,
Тығылмайық қуысқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық.
I. Бағдарлау-мотивациялық кезең
«Бәйге» ойыны
Мақсаты: өткен тақырыптарды қайталау және білімді пысықтау.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Жуан дауыстыларды ата.
- Жіңішке дауыстыларды ата.
- Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата.
- Буын дегеніміз не?
- Еліміздің рәміздерін ата.
- Әнұранның авторлары кімдер?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсін сипаттап бер.
- Қазақстан Республикасының Елтаңбасын сипаттап бер.
- Ақын Өтепберген Ақыпбекұлының Әнұран туралы өлеңін мәнерлеп оқы.
Жаңа сабақ
Оқушыларға пойыз билеттері таратылады. Билеттің қай қалаға сатылғанын анықтау үшін, балаларға жұмбақтарды шешу тапсырмасы беріледі.
Жұмбақтар
- Түнде жерге жарық береді, ал күндіз жоғалып кетеді. (Ай)
- Сырт-сырт етеді, құлағыңнан өтеді. (Сағат)
- Тастамайды бір елі, үйін сүйреп жүреді. (Тасбақа)
- Қолыма иіріп атқаным не? (Асық)
- Күнде жейміз, тәтті дейміз, қадір тұтып құрметтейміз. (Нан)
- Өзі қызыл, өзі тәтті, татқан жанды таңырқатты. (Алма)
Түйін
Жауаптардың алғашқы әріптерін қосып оқығанда, Қазақстан Республикасының астанасының атауы шығады. Одан кейін елордамыз Астананың әсемдігі бейнетаспадан және суреттерден көрсетіледі.
Негізгі ұғым
Тасымал — сөзді буынға бөліп, келесі жолға көшіру.
II. Орындаушылық кезең
89-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқы: «Өз Астанам – өз ордам»
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі: Бәйтерек туралы
Астана қаласының нышандарының бірі — Бәйтерек. Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан «Астана–Бәйтерек» монументі аспанға ұмсына бой көтерген. Монументтің биіктігі 97 метр. Ұшар басында күн нұрына бөленген жер шары бейнеленген.
Аңыз бойынша, ежелде Самұрық атты киелі құс болыпты. Ол ұясын биік теректің ұшар басына салып, жыл сайын бір алтын жұмыртқа табады екен. Балапандары өсе келе ерікті, айбарлы қыранға айналыпты. Сондықтан қазақ танымында терек — бақыт пен берекенің, ал қыран — еркіндік пен тәуелсіздіктің белгісі.
Тапсырмалар (өлең мазмұны бойынша)
- Өлеңде Астана туралы не айтылады?
- Астана жайлы сен не білесің?
- «Астана» сөзін жазып келе жатқанда жолға сыймаса, қалай жазасың? Тасымалдап жазамыз.
Ереже
Сөз жолға сыймаса, буынға бөлінетін жерінен тасымалданады: буын аяқталған тұстан кейін сызықша (-) қойылып, қалған бөлігі келесі жолға жазылады.
Сергіту сәті
Аспанға қарап жарқыраған ай көрдік,
Төменге қарап кең байтақ жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
90-жаттығу
ЖазылымСөздерге тасымал белгісін қойып, көшіріп жаз.
Үлгі
Ас-та-на, Аста-на
- бо-ла-шақ
- бе-ре-ке
- бос-тан-дық
91-жаттығу
ТоптастыруСөздердегі зат атауларын неше рет тасымалдауға болатынына қарай екі бағанға бөліп жаз.
Сөздер
- түйе
- жолбарыс
- арыстан
- жарқанат
Ескерту
Әр сөзді буынға бөліп көріп, тасымал санының қанша болатынын анықта.
III. Рефлексия және бағалау
1) «Жоғалған буын» ойыны
- Ас – _ _ _ – нам
- Оқу – _ _ – лар
- Бәй – _ _ – рек
- Ел – _ _ _ – ба
- Ке – _ _ – ге
2) Әріптері орын ауыстырылған сөздер
Берілген әріптерден сөз құрастыр.
- ә, і, р, п — ________
- б, ы, у, н — ________
- т, с, м, а, л, а — ________
- д, б, ы, с, ы — ________
3) Қорытындылау және бекіту (сұрақтар)
- Еліміздің астанасы қай қала?
- Буын дегеніміз не?
- Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- «Астана» әнін орындау.
4) Үй тапсырмасы
- «Өз Астанам – өз ордам» өлеңін мәнерлеп оқу.
- Ережелерді жаттау.
5) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының толықтығына қарай бағаланады.