Зат есімнің көптік жалғауын ата

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырыбы

Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі.

Түрі

Топтық сайыс сабақ.

Көрнекілігі

Сөзжұмбақ, сызбалар.

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Зат есім туралы білім деңгейін көтеру, білімді тереңдету.

Тәрбиелік

Мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру, оқушыны еркін сөйлеуге үйрету. Бала бойына сүйіспеншілік пен жылылық ұялату, еліне және жеріне деген құрметті күшейту.

Дамытушылық

Есте сақтау, оқу, жазу, ойлау және тыңдай білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

Сынып екі топқа бөлінеді: І топ — «Қазына», ІІ топ — «Білім». Сұрақтар кеспе қағаздар арқылы беріледі: І топқа — көк, ІІ топқа — сары түсті.

Топтық сұрақтар

І топ — «Қазына»

Көк кеспе қағаздар
  1. Зат есім деген не? (мысал келтір)
  2. Негізгі зат есім деген не? (мысал келтір)
  3. Дара зат есім деген не? (мысал келтір)
  4. Деректі зат есім деген не? (мысал келтір)
  5. Жалқы есім деген не? (мысал келтір)
  6. Зат есімнің көптік жалғауларын ата.

ІІ топ — «Білім»

Сары кеспе қағаздар
  1. Зат есімнің түрлерін ата.
  2. Туынды зат есім деген не? (мысал келтір)
  3. Күрделі зат есім деген не? (мысал келтір)
  4. Дерексіз зат есім деген не? (мысал келтір)
  5. Жалпы есім деген не? (мысал келтір)
  6. Зат есім жасайтын жұрнақтарды ата.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы жаттығулардың орындалуы тексеріледі.

Жаңа сабақ: зат есімнің тәуелденуі

Негізгі ұғым

Қазақ тілінің ерекшеліктерінің бірі — зат есімдердің тәуелді тұлғада жиі қолданылуы. Тәуелденудің арнайы жалғаулары бар.

Анықтама

Зат есімнің жалғаулар арқылы түрленуін зат есімнің тәуелденуі дейді.

Тәуелденудің жүйесі

Жақ

Үш жақта беріледі

І жақ, ІІ жақ, ІІІ жақ.

Сан

Екі түрде қолданылады

Жекеше және көпше.

Қорытынды

Тәуелдік жалғау — мағынаны нақтылайды

Заттың иесін көрсетіп, сөйлем мазмұнын айқындай түседі.