Мұхтар Әуезов кім
Сабақтың тақырыбы
Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі (слайд арқылы).
Білімділік
- М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын тереңірек таныстыру.
- Саналы, мәнерлеп және дұрыс оқу дағдысын жетілдіру.
- Шығармадағы негізгі ойды табуға үйрету.
Дамытушылық
- Дамыта оқытуға негізделген шығармашылық қиялды дамыту.
- Жүйелі ойлау қабілетін қалыптастыру.
- Сөздік қорды молайтып, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік
- Дана жазушының ұлылығы мен кемеңгерлігін дәріптеу.
- Оқушыларды өз еліне, туған жеріне, табиғатына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың форматы мен ресурстары
Түрі, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ.
- Әдіс-тәсілдер
- СТО стратегиялары: ой қозғау, мағынаны ажырату, кубизм, топтық жұмыс.
- Ұйымдастыру формасы
- Топтық.
- Пәнаралық байланыс
- Әдебиет, математика, қазақ тілі.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
Көрнекіліктер
- Карточкалар
- Постер
- Суреттер
Құрал-жабдықтар
- Компьютер
- Проектор
- Электронды оқулық
- Маркерлер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Психологиялық тренинг.
- Топқа бөліну: I топ, II топ, III топ.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесі бойынша мәтінді бөлімдерге бөлу және талдау.
Мәтін бөлімдері
- 1Жалғыз жаяу.
- 2Қасымның әжесінен айырылып, қаралы күйге түсуі.
- 3Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.
- 4Тау ішіндегі қорқыныш.
- 5Ағашқа қатып қалған бала.
Талқылау сұрақтары
- Негізгі кейіпкер кім? Қасым.
- Қасымның тағдыры неге қиын болды?
- Әңгіме неліктен «Жетім» деп аталған?
- Жетім деп кімдерді айтамыз? Көз алдыңызға кімдер елестейді?
«Жетім» ұғымын ашу
Оқиға желісі
Қасымның өмірде көрген қиыншылықтарынан басталады.
Шиеленіс, аяқталуы
Қорқыныштан жүрегі жарылған Қасымның қазасымен аяқталады.
Идеясы
«Жетім көрсең, жебей жүр» деген ойға сай: қорғансызға қолдау көрсету, қамқор болу.
Бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы.
Жаңа сабақ
I. Қызығушылықты ояту
Ребус арқылы сабақ тақырыбына шығу.
«Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі-өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға да, бәрімізге де Абайдың өлеңі мен қара сөзін үйрете бастады», — деп жазады Ахмет Әуезов.
Бұл — Ахмет Әуезовтің «Бала Мұхтар» естелік кітабынан алынған үзінді. Онда Мұхтардың балалық шағы сөз болады. Үзіндіні жазған — Мұхтардың тетелес інісі Ахмет Әуезов.
Ахмет Әуезов туралы қысқаша мәлімет
Ахмет Әуезов (1897–1974) — Мұхтар Әуезовтің тетелес інісі (аралары шамамен 15 күн). Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден Омархан (Мұхтардың әкесі), ал кіші әйелі Сақыштан Арынбек, Қасымбек, Ағзам және Ахмет дүниеге келеді. Олар бірге өсіп, атасы Әуездің тәрбиесін бірге көреді.
Алғаш ауылда хат танығаннан кейін, Қасымбектің ұйғарымымен Семейдегі бес сыныптық орыс мектебінде, одан соң оқытушылар семинариясында оқиды. Ахмет әртүрлі қызмет атқарады. 1920–1930 жылдардағы саяси ахуалға байланысты Қазақстанның оңтүстік өңіріне қоныс аударып, өмірінің соңына дейін сонда тұрады.
1917 жылы Абайдың Ойқұдықтағы ауылында Әйгерімнің екі отауын біріктіріп, Әуезов режиссер әрі суфлер болған «Еңлік–Кебек» қойылымында Еңліктің рөлін сомдайды.
Кейін оның «Әсердің әсері бар» (1967, 24 қараша), «Сұлу да шырқау үнді жазушы» (1967, 9 желтоқсан), «Бала Мұхтар» (1967) сияқты естеліктері жарияланады.
Үй тапсырмасы (алдын ала берілген)
Ахмет Әуезов пен Мұхтар Әуезов туралы қосымша мәлімет дайындап келу.
II. Мағынаны тану (ой қозғау)
Топтық жұмыс (5 минут):
I топ
М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша түсінік беру.
II топ
Абайды әлемге танытқан Мұхтар.
III топ
Ұлы адамдар туралы естеліктердің мәні.
III. Деректі фильм бойынша талқылау
Мұхтар Әуезов туралы деректі фильмнен кейін жауап берілетін сұрақтар:
- Мұхтар Әуезов кім?
- Қай жылдар аралығында өмір сүрген?
- Кімнің тәрбиесінде болған?
- Қандай шығармалары бар?
IV. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді іштей оқу
(5 минут)
Кубизм стратегиясы
Мәтінді әр қырынан талдау.
Суреттеңіз
- Бала Мұхтар неге «Қоңыр қозы» атанған?
Зерттеңіз
- Мұхтарды кішкентай кезінде кім деп атаған?
- М. Әуезов бала кезінен нені оқып-үйренді?
- Атасының аты кім?
- Атасы қандай жырлар мен ертегілер айтып берген?
Салыстырыңыз
- Тақырып кім туралы?
- Мазмұнын кім әңгімелейді?
- Кейіпкерлер кімдер?
Қолданыңыз
- Естігенді ұмытпау үшін оқушы қандай қасиеттерге ие болуы керек?
- Мәтін мазмұнын өз сөзіңізбен әңгімелеу.
- Мұхтар Әуезовтің шығармаларын атау.
Уақыт белгілеу
Оқулықпен жұмыс: 5 минут.
V. Дәптермен жұмыс
(3 минут) Топтық тапсырмалар:
1-топ
Мұхтарға үйретілген Абайдың қара сөзінен үзінді тауып, дәптерге жазу.
2-топ
Мұхтар тыңдаған жырлардың атауларын тауып жазу.
3-топ
Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер жазу.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.
Бекіту тапсырмалары
(5 минут) Постер қорғау:
1-топ: Мұхтарға мінездеме
- Мінезі жұмсақ.
- Өте ұқыпты.
- Жазуға сауатты.
- Ұлы жазушы тұлғасы қалыптасқан.
2-топ: «5 жолды өлең» (Мұхтар)
Кім? Мұхтар
Қандай? Ұқыпты, сауатты
Не істеді? Тәрбиеленді, жазды, оқыды
Сезімді білдіретін сөйлем: Мұхтар Абайдан тәрбие алды.
Синоним: жазушы
3-топ: Жоспар құру
- AАбай ауылында.
- ӘАтамның тапсырмасы.
- БЕстігенді ұмытпау.
- ВАбайдың қара сөздері.
- ГАуыз әдебиеті.
- ДМұхтардың шығармалары.
VI. Қорытындылау
Сабақ соңында оқушылар жаңа мәліметті жинақтап, топтық жұмыстардың нәтижесін қорғайды және негізгі түйіндерді бекітеді.