Қан туралы білімдерін тексеру
Сабақ тақырыбы
Биология (8-сынып): Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуі.
Сабақтың мақсаты
- Адамның қанайналым жүйесінің мүшелерімен танысу.
- Жүректің құрылысы, жұмысы және оның реттелуін түсіну.
Тілдік мақсат (Language objective)
- Негізгі терминдерді есте сақтау.
- Сұрақтарға қазақ және ағылшын тілдерінде жауап беру.
- Ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамыту.
Оқу нәтижелері
Қанайналымның маңызын түсіндіреді.
Адам жүрегінің құрылымын сипаттайды.
Жүрек жұмысы туралы түсінік қалыптастырады.
Білімін күнделікті өмірмен байланысты тәжірибелерде қолданады.
Пәндік және тілдік мақсаттарға сай терминдер қорын кеңейтеді.
Негізгі идея
Сындарлы оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының белсенді қатысуын арттыру.
Оқыту әдіс-тәсілдері
- СТО (сыни тұрғыдан ойлау)
- Жас ерекшелік физиологиясына сай тәсілдер
- Диалог және топтық жұмыс
- АКТ (слайд, бейнематериал)
Ресурстар
Сілтемелер
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
- 8-сыныпқа арналған биология оқулығы
- YouTube бейнежазба
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру (Organization)
3 минут- Сәлемдесу: “Good morning, students!”
- Оқушыларды орындарына отырғызу: “Sit down!”
- Сабақты бастау: “We’ll start our lesson. Let’s go to the group.”
- Таратпа қағаз арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
10 минут«Миллион кімге бұйырады?» ойыны арқылы қан тақырыбы бойынша білімдерін тексеру.
III. Жаңа сабақты меңгеру (Mastering a new topic)
15 минутBrain attack (миға шабуыл): жүрек туралы бейнежазбаны көру (5 минут), сұрақтар арқылы тақырыпты ашу және негізгі ұғымдарды бекіту.
Кластер құру (топтық жұмыс): әр топ өз бағыты бойынша тірек-сызба дайындайды.
- 1-топ: Жүректің құрылысы
- 2-топ: Жүректің жұмысы
- 3-топ: Жүрек жұмысының реттелуі
- 4-топ: Қан тақырыбын қайталау
Тапсырмалар
- Топтық тапсырмалар
- Биологиялық диктант
- Тірек-сызба тапсырмасы