Астана күнінеҚайырлы күн құрметті қонақтар, ата - аналар

Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ата-аналар!

Бүгін біз алты алаштың айнасы, елдігіміз бен бірлігіміздің бейнесі, мемлекетіміздің кіндігі — Астана қаласының туған күніне арналған «Толағай» бұқаралық спорттық іс-шарамыздың ашылуына жиналып отырмыз.

Жер бетіндегі әсемдік пен әдеміліктің, сәулет пен тыныштықтың символындай қазақ елінің мақтанышына айналған Астана мерекесі баршаңызға құтты болсын!

Сыры мен сымбаты ұқсамайтын басқаға, Болашағы жарқын қала — жас қала. Мақтанышы болып әркез елімнің, Асқақтай бер, алтын тұғыр — Астана!

Салауатты өмір салты — ортақ құндылық

Салауатты өмір салты — қоғамның да, әр адамның да өмір сапасын айқындайтын маңызды ұстаным. Бүгінгі таңда халық денсаулығы — жалпыұлттық мәселе. Спорт пен дене тәрбиесі қозғалысы — салауатты өмір салтын насихаттаудың тиімді жолы.

Осы мақсатты көздеген спорттық шарамыздың ашылу салтанатындағы алғашқы құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Достанова Әсел Жангелдіқызына беріледі.

Командаларды қарсы алайық

Ал, қанеки, қонақтар, ортаға назар салайық! Ойыншылар келеді — қол соғып қарсы алайық!

«Астана» командасы

«Айгөлек» тобының ата-аналарынан құралған.

«Салауат» командасы

«Балапан» тобының ата-аналарынан құралған.

«Бәйтерек» командасы

«Еркетай» тобының ата-аналарынан құралған.

Әнұран ойналады. Спорттық мерекемізге арнайы келген қонағымызға құттықтау сөз кезегін ұсынамыз.

Музыкалық номер.

Әділқазылар алқасы

Сайыс болған соң, жүзден жүйрік пен мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазылар құрамы болуы керек. Ендеше, әділқазылар алқасымен таныс болайық:

Диярова Айгүл Қабиқызы

Аудандық аурухана, фтизиатр дәрігер.

Өксікбаев Ғизат

Спорт мектебінің жаттықтырушы-тренері.

Бисенбаева Айгүл

Аудандық аурухана, Салауатты өмір салты орталығының медбикесі.

Сайыс тәртібі мен кезеңдері

Сайыс шарттары бойынша «Сөз анасы — сәлем» демекші, ең алдымен сәлемдесу рәсімі өтеді:

  • Командалар өздерін таныстырады.
  • Барша қатысушылар спорт алаңына шақырылады (музыка ойналады).

1) «Жалаушаны тез жеткіз»

Жалаушаны алып жүгіріп, келесі ойыншыға бересіз. Ол да жүгіріп жалғастырады — ойын осылай кезекпен өтеді.

2) «Үңгірден өту» (тоннель)

Қатысушылар тоннель арқылы өтіп, белгіленген межеге дейін жылдамдық пен ептілікті көрсетеді.

3) Қапшықпен жүгіру

Қапшықпен секіріп жүгіру арқылы тепе-теңдік пен төзімділік сыналады.

4) Доппен секіру

Үлкен доппен секіріп барып, кері қайтарда допты жай алып қайтасыз.

5) «Пингвин»

Допты екі аяқтың ортасына қысып алып жүгіресіз. Ең бастысы — допты түсіріп алмау.

6) «Мергендер»

Ыдысқа доп жинау арқылы дәлдік пен жылдамдық бағаланады.

7) Скакалкамен жүгіру

Скакалкамен жүгіріп барып, белгіленген нүктеден кері жүгіріп қайту.

8) «Шелекті түсірме» (қорытынды кезең)

Бос шелекті басқа қойып, межеге дейін жүгіріп бару. Тепе-теңдікті сақтап, шелекті түсірмей жеткізу қажет.

Қорытынды және марапаттау

Қорытынды сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Марапаттау рәсімі өткізіледі.