Сырым батыр бастаған көтерілістің аумағы

Қысқа мерзімді жоспар 8-сынып Тарих

Бұл жоспар Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісті оқытуға арналған. Сабақта көтерілістің мақсаты, барысы, негізгі кезеңдері мен тарихи маңызы талданып, оны қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары ретінде түсіндіру көзделеді.

Оқу мақсаты

  • Отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін және тарихи маңызын ашу.
  • Көтерілістің Ресей халықтарының азаттық үшін күресінің бір бөлігі екенін және қазақ қоғамы мен патша үкіметі арасындағы қайшылықтардың салдары болғанын түсіндіру.
  • Оқушыларды тақырыпты түсініп оқуға баулу, тілін және сөздік қорын дамыту арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже

Білім

Оқушылар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуы туралы білімдерін толықтырады.

Дағды

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады және тарихи деректерді талдауға үйренеді.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру.
  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  3. Әр топқа бағалау парағын тарату.
  4. Оқушыларды түрлі түсті стикер арқылы 3 топқа бөлу.

Білу

Үй тапсырмасын тексеру үшін «Көпір» әдісі қолданылады. Сұрақтар өткен тақырып пен жаңа тақырыптың логикалық байланысын ашуға бағытталады.

Сұрақтар

  1. Қазақстандықтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы туралы не білесің?
  2. Қазақтарды Жайықтың ішкі жағына жіберу туралы жарлықты түсіндір.
  3. Бұл жарлық қай жылы шықты?
  4. Шекара шебіндегі қазақ балаларын шоқындырудың себептері қандай болды?
  5. Соғыс жылдарында қазақтар қандай көмек көрсетті?
  6. Бородино шайқасында ерлік көрсеткен қазақты ата.
  7. Хорунжий шенін алған қазақтар кімдер?
  8. М. И. Кутузовтың қолынан награда алған шоқынған қазақ кім?

Негізгі бөлім: түсіну

«Ойлан, топтас, талқыла» (топтық жұмыс)

Оқушылар оқулық мәтінін топта талқылайды, негізгі ойларды плакатқа түсіреді. Кейін «Галерея» әдісі арқылы постерлерін қорғайды.

I топ

Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.

II топ

Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты.

III топ

Көтерілісшілердің Қырғызстан аумағындағы қимылдары.

Жұптық жұмыс

«Пилот — навигатор» әдісі

Оқушылар жұппен жұмыс істейді: біреуі тапсырманы орындау бағытын ұсынады (пилот), екіншісі дәлелдеп, тексеріп отырады (навигатор). Тапсырмалар деңгейлер бойынша беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар

A деңгей

  1. Кенесары қашан хан сайланды? (1841 ж.)
  2. ХІХ ғасырдың 20–30 жылдарында Хиуа хандығы қандай руларға қысым көрсетті? (Шекті, Табын, Төртқара, Байұлы)
  3. Отаршылдық қанауға қарсы қазақтардың күресін кім басқарды? (Абылай ханның немересі, сұлтан Саржан Қасымұлы)
  4. Кенесары Қасымұлы көтерілісі қашан басталып, қай аймақты қамтыды? (1837–1838 жж., бүкіл Қазақстанды қамтыды)
  5. Көкшетау өңірінен көтеріліске қатысқан сұлтандарды ата. (Шеген, Қанқожа, Уәлиұлы, Таны, Тортайұлы; сондай-ақ Айғаным ханым)

B деңгей: «Даталар сөйлейді»

  1. 1803, 1805, 1841 жылдар — Кенесары қолы Ташкентті алды.
  2. 1838 жыл — Кенесары отряды Ақмола бекінісіне тұтқиылдан шабуыл жасады.
  3. 1835 және 1842 жылдар — Сібір әскери шебінен жіберілген Сотников тобы Кенесары жасақтарына қарсы шабуыл бастады.
  4. 1843 жыл, тамыз — Ор бекінісін қайтарып алды.
  5. 1844 жыл, 20–21 шілде түні — Кенесары Қасымұлы ірі жеңіске жетті.

C деңгей: кесте толтыру

Баған Жауап
Көтерілістің басталу себептері Оқушы толтырады
Көтерілістің мақсаты Оқушы толтырады
Көтерілістің басты қозғаушы күші Оқушы толтырады
Көтеріліс қамтыған аймақ Оқушы толтырады
Көтерілістің тарихи маңызы Оқушы толтырады

Қорытынды бөлім: талдау және жинақтау

«Өзіңді тексер»: сөзжұмбақ

Тақырыпты бекіту үшін «Кенесары» тақырыбында сөзжұмбақ орындалады.

  1. Абылай ханның ісін жалғастырған ұлттық батыр тұлғаны ата.
  2. Сырым батыр бастаған көтерілістің аумағы.
  3. Кенесары көтерілісін қолдаған рулар.
  4. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Ақ мешін» апаты қандай әннің тууына себеп болды?
  5. Кенесары тобы Ұлы жүзге қай жақтан келді?
  6. Көкшетау өңірінен көтеріліске қатысқан ханым.
  7. Туған жерді азат етуге біріккен қазақ батырларының бірі.
  8. Патша үкіметі отарлауды жалғастыру үшін қай өзендердің бойына бекіністер салды?

Ескерту

Қажет болған жағдайда жоспардың толық нұсқасын жүктеу/ұсыну қарастырылады.