Туған жердің табиғаты

Сабақ тақырыбы

«Туған жердің ыстығы-ай»

Сабақ мақсаты

  • Қали Сапарбаевтың шығармашылығымен таныстыру.
  • Әңгіменің мазмұны мен негізгі идеясын ашу.
  • Жылдам оқып, жүйелі түрде мазмұндатып әңгімелету.
  • Жан-жақты ойлау қабілетін және әдеби көркем тілде сөйлеу дағдысын дамыту.
  • Оқушыларды Ұлы Отанын, туған елін, туған жерін шынайы сүйе білуге тәрбиелеу; тәуелсіз елдің заманауи талабына сай бәсекеге қабілетті, көкірегі ояу, көзі ашық, білімді әрі шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Көрнекіліктер

Слайдтар, карта, суреттер.

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, сұрақ-жауап, талдау.

Жұмыс түрі

Жеке және ұжымдық жұмыс.

Пәнаралық байланыс

Музыка Дүниетану

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін қысқаша таныстыру, оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа бағыттау.

2) Үй жұмысын тексеру

«Туған өлкем» тақырыбы бойынша 3–4 оқушы жатқа айтып береді. Оқушылар шығармашылық жұмыстарын оқып, салған суреттерін таныстырады.

3) Жаңа сабақ

Бүгін біз Қали Сапарбаевтың «Туған жердің ыстығы-ай» әңгімесімен танысамыз.

Ой толғау: «Туған жер» деп нені айтамыз?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Тақырыпты ашу үшін слайд көрсетіліп, туған жердің табиғаты бейнеленеді.

Музыка тыңдалады. Осы сәтте сұрақ қойылады: Қайрат Жұмаділов өлеңінің соңғы жолдары қандай әсерлі сөздермен аяқталады?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, сол өлең жолдары жаңа тақырыпқа арқау етіледі.

Одан кейін Қали Сапарбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Бағдарлау сұрағы: «Балалар, түйенің қандай түрлері болады?»

Оқушылар өздерінің көрген-білгенін, оқығанын айтады. Слайд арқылы түйе туралы қосымша мағлұмат ұсынылады.