Оқушыларды бір - біріне құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы

«Күмбір күйдің шебері» (Тұяқберді Шәмеловтың туғанына 67 жыл)

Оқыту мақсаттары

  • Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
  • Музыкалық сауаттылықты дамыту.
  • Қарапайым музыкалық материалдарды жатқа, тосыннан қосылып ән айту және ойнау.

Құндылықтар мен байланыс

  • Құндылық: оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
  • Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.

Күтілетін нәтиже

  • Барлық оқушылар:

    Ән айтады және музыкалық іс-әрекеттің кез келген түрінде ұжыммен бірге белсенділік танытады.

  • Оқушылардың көпшілігі:

    Музыкалық іс-әрекетте ұжыммен де, жеке де белсенділік танытады.

  • Кейбір оқушылар:

    Ұжымдық және жеке жұмыста жоғары белсенділік танытып, өзгелерге көмектеседі.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы мен терминологиясы

дикция дирижер қол көрсетілімі әнді бірге бастау бірге аяқтау тыңдарман динамикалық белгілер екпін мимика әртістік шеберлік

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Қандай шығарманың әуен жолдары берілген?
  • Берілген ырғақ қай музыкалық шығармалардан алынған?
  • Вокалдық-әншілік талаптарды қалай жақсартуға болады?
  • Сен неліктен осы музыкалық шығарманы тыңдадың?

Сабақтың барысы

Кіріспе бөлім

Оқушылар сыныпқа күй әуенімен кіреді. Сабақ басында мұғалім оқу ортасын жылы атмосфераға бағыттайды.

Мектептің әдемі ғой әр сабағы,
Қызық-ау, әсіресе ән сабағы.

  • Топқа бөлу және күйшілер туралы қысқаша бағыт беру.
  • Домбыра мен қобыздың құрылыстарын постер арқылы таныстыру.
  • Үйренген әндерді қайталау.
  • Сүйікті әндерді жекелеген оқушылардың орындауы.
  • Ән айту ережелерін үнемі еске салып отыру.
  • «Біздің оркестр» орындауы (балалардың қатысуымен).

Негізгі бөлім

Тұяқберді Шәмеловтің өмір жолы толық баяндалады. Бұл бөлімді мұражай қызметкері жүргізеді.

Оқулықтағы сұрақтар негізінде сұрақ–жауап ұйымдастырылып, оқушының өз ойын айтуына мүмкіндік беріледі.

Көптілділік элементі

«Күйші» сөзін қазақша, орысша және ағылшынша айтып үйрету (айтылым дағдысын дамыту).

Дауыс жаттықтыру

Қысқа жаттығулар арқылы дыбысты дұрыс қою және дикцияға назар аудару.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс арқылы зейінді шоғырландыру және тыныс алуды реттеу.

Ән үйрену

«Ауылымды сағындым» (Т. Шәмелов). Ән көңілді, жай екпінде орындалады. Әуені мен мазмұны өзара үйлесім тапқан.

Оқушылар әннің мазмұнын түсініп, ой қорытады: туған жер — алтын бесік екенін сезінеді.

Музыкалық сауат

Динамикалық белгілермен танысу: forte, piano.

Қорытынды бөлім

Тыңдалым

Сабақ соңында Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрінің орындауында Т. Шәмеловтың «Толғау» күйі тыңдалады (видео).

Назар аударатын тұстар

  • Динамика (forte/piano) өзгерістері.
  • Ырғақ пен екпіннің мінезі.
  • Күйдің образдық мазмұны (ой-толғаныс, әсер).

Шығармашылық жұмыс

Әр топқа тыңдалған күй бойынша шығармашылық тапсырмалар беріледі. Оқушылар музыкадан алған әсерін айтып, тақырыпқа сай бейнелеу арқылы ойларын бекітеді.

Суреттеу

Күйдің көңіл күйін сөзбен сипаттау.

4 жол өлең

Қысқа шумақ арқылы әсерді жеткізу.

Сурет салу

Музыка тыңдай отырып тақырыпқа сай бейнелеу.

Сабақты өткізгендер

Музыка пәнінің мұғалімі

Алмурзина Рита Жоламановна

Жәңгір хан атындағы ЖББОМ

Мұражай кешенінің қызметкері

Абулхайрова Гульзада Нұрболатқызы

Бөкей Ордасы мұражай кешені

Тақырып: «Күмбір күйдің шебері» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл).