Қанның қанайналым шеңберімен ағатынын ашқан ағылшын ғалымы
Еркіндік жалпы орта білім беру мектебі
Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К.Ж.
Пәні: Биология · Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі.
Сабақтың түрі
Білімді меңгерту, шығармашылық сабақ.
Пәнаралық байланыстар
Химия, ағылшын тілі, салауаттану, экология.
Көрнекіліктер
Компьютер, интерактивті тақта, тыныс алу мүшелерінің макеті, модельдері, суреттер, слайдтар.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім беру, түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау, есте сақтау дағдыларын жетілдіру; пәнге қызығушылығын арттыру; ізденіс пен шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Жауапкершілікке, адамгершілікке және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Қайталау және білімді тексеру.
III. Жаңа сабақ
Тыныс алудың маңызы мен мүшелер жүйесі.
II кезең: Үй тапсырмасын сұрау
Қайталау1-кезең: «Көкпар»
Сұрақтар- Қанайналым жүйесі дегеніміз не? Оған қандай мүшелер жатады?
- Қантамырлары неше топқа бөлінеді?
- Жүрек неше қуысты? Қабырғасы неше қабаттан тұрады?
- Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады? Оны қалай анықтауға болады?
- Қанның қанайналым шеңберімен ағатынын анықтаған ағылшын ғалымы кім?
- Мына белгілер қандай ауруға тән: бас ауыруы, жүрек айну, құлақтағы шу, тәбеттің төмендеуі, жүрек соғысының бірде жиілеп, бірде бәсеңдеуі?
2-кезең: «Полиглот»
Терминдер- Ешбір техникамен алмастыруға болмайтын, «мотор» қызметін атқаратын мүше?
- Көптеген ұлпалардың жиынтығынан не құралады? Мысалы, бұлшықет және дәнекер ұлпасынан тұратын қанайналым жүйесі — ...?
- Жүрек кемістігі (порок) жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болатын жүрек-қантамыр жүйесінің ...?
- Дәнекер ұлпасының сұйық түріне, яғни ағзаның ішкі ортасына не жатады?
- Жүректің сол жақ қарыншасынан басталып → дене жасушаларына таралып → жүректің оң жақ жүрекшесінде аяқталатын қанайналым шеңбері қалай аталады?
- Жүректің оң жақ қарыншасынан басталып → өкпеге барып → жүректің сол жақ жүрекшесінде аяқталатын қанайналым шеңбері қалай аталады?
- Лейкоциттердің шамадан тыс көбеюінен қан түзілу жүйесінде пайда болатын, емдеуде рентген сәулесі мен радиоактивті элементтер қолданылатын ауру қалай аталады?
- Қай қантамыр оттекке бай қанды тасымалдайды? Неліктен? Біз қандай газбен тыныс аламыз?
- Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газы, зат алмасу өнімдері, гормондар және т.б. заттарға қаныққан қанды жүрекке жеткізетін қантамыр қалай аталады?
- Кез келген аурудың алдын алу үшін әр адам нені сақтап, нені ұстануы қажет?
III кезең: Жаңа сабақ
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
Тыныс алудың маңызы
Ағзаның энергия алмасуы мен тіршілік әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Мүшелердің құрылысы
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің өзара байланысын және құрылымдық ерекшеліктерін қарастырады.
Мүшелердің қызметі
Оттекті қабылдау және көмірқышқыл газын шығару үдерістерін түсіндіреді.
1-слайд: Анықтама
Тыныс алу — ағза мен сыртқы орта арасындағы газ алмасу үдерісі: оттектің ағзаға енуі және көмірқышқыл газының сыртқа шығарылуы.
Негізгі формула
O2 кіреді → CO2 шығады
Газ алмасу