Абайдың аудармалары
Сабақтың тақырыбы
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты
Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жүйелі мәлімет бере отырып, қазақ халқының жарқын болмысын ашу.
Сабақтың міндеттері
А) Білімділік
Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері туралы оқушылардың білімін кеңейту және толықтыру.
Ә) Тәрбиелік
Өскелең жас ұрпақты Абай армандағандай сегіз қырлы, бір сырлы, терең ойлай білетін, парасатты тұлға болып қалыптасуға тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық
Тақырып бойынша сызбамен жұмыс жүргізу, тарихи тілмен сөйлеу дағдысын жетілдіру мақсатында кестедегі оқиғаларды ауызша баяндату.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылардың қатысуын тексеру, сабаққа сәттілік тілеу.
- Үй тапсырмасын сұрау және бекіту.
- Жаңа сабақтың жоспарымен таныстыру.
- Бағалау талаптарын нақтылау.
- Шығармашылық тапсырма беру.
II. Үй тапсырмасы
- Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ыбырай Алтынсариннің табиғат лирикасына арналған өлеңдері қандай?
- Абай мен Ыбырай шығармаларында қандай үндестік бар?
III. Жаңа сабақтың жоспары
Негізгі бағыттар ақын тұлғасын жан-жақты ашуға құрылды: өмірі, ортасы, ой әлемі, қоғамдық қызметі.
- Ақынның балалық шағы.
- Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы.
- Абай — ұлы ақын, ойшыл, қоғам қайраткері, төбе би-шешен.
- Ақынның өмір сүрген ортасы.
- Абайдың саяси және тарихи көзқарастары.
- Абай және халық ағарту ісі.
- Аудармашылық қызметі.
- Абайдың Қазақстан тарихындағы орны.
- Қара сөздерінің мазмұны мен тәрбиелік мәні.
Қосымша бөлім
Абай өмірі (хронологиялық кесте).
Қосымша бөлім
Абайдың аудармалары.
Қосымша бөлім
Абай туралы даналық ой-пікірлер.
Абай туралы даналық ой-пікірлер
Абайдың мұрасы туралы айтылған бағалар оның қазақ руханиятындағы орнын айқындай түседі: ақын ғана емес, ұлт ойының темірқазығы.
«Қазақтың бас ақыны — Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».
«Абай деген — терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын оның түбіндегі маржандарын алу үшін қайта-қайта сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым».
«Абай әуелден-ақ “әкенің баласы” болмай, “адамның баласы” болуды армандағаны белгілі. Ол адам баласының бәрін дос санады. “Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос” деген сөздері — шын мәнінде ұлт болып ұюымыздың негізгі шарты. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».
«Өз Отанының сом алтыны».
«Қараңғы заманда шырақ жаққан шамшырақ».
«Әлемнің құлағынан әні кетпес кемеңгер».
«Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз-дара шыққан тау ағашы сияқты».