Химия пәнінің мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені.

Химия пәнінің мұғалімі: Темиралиева Аяжан Джигеровна

Сыныптан тыс жұмыс «Алтын қақпа» интеллектуалды-танымдық ойыны 10-сынып

Мақсаты

Жалпы химиядан алған білімді жинақтап, жүйелеу; өз бетімен еңбектенуге дағдыландыру және практикалық іскерліктерін арттыру. Сұрақ-тапсырмалар, сөзжұмбақ шешу, есеп шығару және тәжірибе көрсету арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, пәнге қызығушылығын күшейту.

Білімділік пен дамытушылықты ұштастыра отырып, оқушыларды жылдамдыққа, ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Біліммен ашасың жол ғылымға,
От боп лаула, су боп кейде құйыл да.
Домалақ жер, аспан көгі, өзен де —
Айтылған ақындардың жырында.

Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз —
Ол болмаса, келіспейді, жетіспейді күйіміз.
Ішсек дәрі, тірі ағзада құбылыс —
Бәрі-бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға.

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Жаратылыстану — өмір тану, табиғаттың сырын табу» тақырыбындағы жаратылыстану пәндері онкүндігі аясында 10-сынып оқушылары арасында өткізілетін «Алтын қақпа» интеллектуалды-танымдық ойынына қош келдіңіздер!

Ойынның жоспары

  1. I

    Тас қақпа

    Химиялық сөзжұмбақ шешу

  2. II

    Темір қақпа

    Ғалымдардың химия саласындағы жетістіктері (таныстырылым)

  3. III

    Күміс қақпа

    Қызықты тәжірибелер

  4. IV

    Алтын қақпа

    «Сен білесің бе?»

  5. V

    Алтын сандық

    «Кім жүйрік?»

  6. VI

    Химиялық би

    Көрермендермен сергіту сәті

  7. VII

    Қорытынды

    Нәтижелерді шығару

Әділқазылар алқасы

Сайысымыздың өту барысын бақылап, әділ бағасын қоятын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1

Химия пәнінің мұғалімі

Хайрекеева Гүлнафис Қанатқызы

2

Биология пәнінің мұғалімі

Канаев Ерболат Құлмырзаұлы

3

11-сынып оқушысы

Нармухамедова Асия

Жүргізуші сөзі

Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Біреуінің қатты істейтін миы бар.

Ендеше, келесі кезең — сөзжұмбақтарды шешу.

I кезең: Тас қақпа

Тас қақпаны ашу үшін сөзжұмбақ сұрақтарына жауап беру қажет. Сөзжұмбақ әр топқа жеке плакат түрінде беріледі. Тапсырманы топ болып орындайды. Бірінші әрі дұрыс шешкен топ жоғары балл алады.

Формат

Топтық жұмыс • Жылдамдық + дәлдік

Сөзжұмбақ сұрақтары (I топ)

  1. 1-сұрақ Көміртектің түрөзгерісі, өте қатты минерал — алмаз.
  2. 2-сұрақ Тұңғыш рет жасанды органикалық зат алған неміс химигі — Велер.
  3. 3-сұрақ Химиялық қосылыстарды анықтайтын ұғым — валенттік.