Бүгінгі Ұстаз болу - жүректің батырлығы тақырыбында өткізгелі отырған кездесу кешіне қош келдіңіздер
Ұстаз болу — жүректің батырлығы
Армысыздар, құрметті ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Ұстаз болу — жүректің батырлығы» тақырыбындағы кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Бәріңізге Ұстаз күні құтты болсын!
Апайлар, денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Отбасыңыз аман болып, бала-шағаңыз шаттықта өссін,
Жастарға мызғымастай бақыт қонсын.
Құттықтау жыры
Сәлем бердік, ұстаздар, баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамыз да.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар —
Білім алған сіздердің арқаңызда.
Бүгінгі күн құшақтарыңыз гүлге толсын,
Дендеріңіздің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттеріңіз,
Төл мереке, ұстаздар, құтты болсын!
Ардагер ұстаздарға ақ тілек
Ардагер ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға береке, бірлік пен қуаныш тілейміз. Балаларыңыздың жақсылығын көріп, немерелеріңіздің маңдайынан сипап, аман-есен жүре беріңіздер!
Күлімдеген, күнім деген, қамқор болған ұстазым.
Жаны жайсаң, жайдары жан, ұғындырған сөз сазын.
Осы кешті ашу үшін сөз ..................................... беріледі.
Арнау
Құрметті Күлзағира апай, Жұмакүл апай, бұл ән сіздерге арналады.
Ардақтысыз, ардагерім, ұстазым,
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын —
Ұстазыма арналады бұл әнім.
Ән: ...........................................
Орындайтын: ......................................................
Шәкірттер сізді айтып мақтанады,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз —
Үмітіңіз бен сеніміңіз ақталады.
Би: ...........................................
Мың бұрала билейтін қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар.
Оқушылардың арнауы
Иә, ұстаздарымызға қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, оқушылардың ұстаздарға арнаған тақпақтарын тыңдайық.
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Арта берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпен ұсынамыз сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан.
Сөз ардагер ұстаз Фатима апайға беріледі. Көп-көп рахмет! Апай, мына ән сізге арналады.
Ән: ....................................
Орындайтын: .....................................................
Ұстаз күні ұмытылмас ешқашан,
Қадірлі де құрметті ғой әрқашан.
Жүрсін адам ұстаздарын аялап,
Жүрсін адам ұстаздарын мадақтап.
Ән: ..........................................
Орындайтын: ...........................................................
Шәкірттердің тыңдап жауап сұрағын,
Жас санаға төгіп білім шуағын.
Хат танытып, жол сілтеген өмірге —
Барша жанға құрметті жан мұғалім.
Құрметті апай, енді оқушыларға ақыл-кеңесіңізді айтып, сауалдарын тыңдасаңыз.
Ұстазға құрмет — ұлтқа құрмет
Ұстаз болу — жүректің батылдығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу — мінездің күншуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Би: .........................................
Көрмедік артық күліп, артық жүріп,
Шәкірттерді баулуға тәртіпті қып.
Құттықтайық біз бүгін ұстаздарды,
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.
Хор: «Ұстазыма»
Хан бол, мейлі қара бол,
Дарын бол, мейлің дара бол —
Өтетін бәрі алдыңнан,
Ұстаздар — бейне сара жол.
Ұстаздар — ұлттың тірегі,
Ұстаздар — мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тірегі.
Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс!»
Апай, сізден бата сұраймыз.