Көз алдарыңа жаз мезгілін елестеттіңдерме
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Пәні және сыныбы
Әдебиеттік оқу, 3-сынып
Тақырыбы
Ш. Құдайбердіұлы — «Жаз келер»
Сабақтың форматы
- Типі:
- жаңа білім беру
- Түрі:
- саяхат-сабақ
- Технологиясы:
- ДСОТ
Мақсаты (білімділік)
- Өлеңді мәнерлеп оқыту.
- Жаз мезгілі туралы толық мәлімет беру.
- Автор туралы қысқаша таныстыру.
Мақсаты (дамытушылық)
- Ой-өрісін, шығармашылығын дамыту.
- Жүйелі сөйлеуге баулу.
- Ойын нақты әрі түсінікті жеткізуге үйрету.
Мақсаты (тәрбиелік)
- Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
- Елін, жерін сүюге баулу.
- Ынтымақтастық пен сыйластықты қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер және байланыс
- Көрнекіліктер: таратпа материалдар, тақырыпқа сай слайдтар.
- Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.
Мотивациялық-бағдарлау кезеңі
Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сынып тазалығын қадағалау.
- Оқушыларды түгендеу.
- Құрал-жабдықтарын тексеру.
- Назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық: «Күн» және «Бұлт»
Оқушыларға күн және бұлт бейнеленген таратпа материалдары алдын ала беріледі. Көңіл күйі өте жақсы болса — күнді, ал жабырқау болса — бұлтты көтереді.
Қолдау сөздерінің үлгілері
- Күндей күлімсіре.
- Жаздай жадыра.
- Аспандай ашық бол.
- Жүрегің судай мөлдір, таза болсын.
Мұғалім қорытындылайды: «Енді осы жақсы көңіл күймен сабағымызды бастап, білмегенімізді үйреніп, жаңа жетістіктерге жетейік. Сәттілік!»
Жаңа сабақ
Жыл мезгілдері және жұмбақ
Бір жылда төрт мезгіл бар: көктем, жаз, күз, қыс.
Жұмбақ
Қойның толы жеміске,
Көк майсалы еңісте.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: жаз.
Тақырыпқа кіріспе
Бүгінгі жаңа тақырып — Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» өлеңі.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Шәкәрім Құдайбердіұлы — қазақтың аса көрнекті ақыны. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Семей өңіріндегі Абай ауданында туған. Ұлы Абайдан тәлім-тәрбие алған. Өз бетінше білім іздеп, ғылым-білімге ден қойған. Қажылық сапарына да барған.
Өлеңмен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
- Екі оқушының дауыстап оқуы.
- Мазмұнын талқылау.
- Сөздік жұмысын жүргізу.
Бекіту: «Жаз мезгіліне саяхат»
Өлеңді оқып болған соң, жаз мезгілін көз алдымызға елестетеміз. Бүгін біз жазға «саяхат» жасап, әр кедергіден өткен сайын бағаланып отырамыз.
Бағалау белгілері
- Көк дөңгелек — өте жақсы
- Қызыл шаршы — жақсы
- Сары үшбұрыш — қанағаттанарлық
Сюжеттік бастау
«Аспанға қараңдаршы: күлімдеген күн көрінбейді. Күнді бұлт басып қалыпты. Күннің қайтадан күлімсірегенін қалайсыңдар ма?» — Иә! Ендеше, тапсырмаларды орындап, күнге көмектесейік.
I деңгей: Күнге көмек
- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болатынын жаз.
- Жаз мезгілін елестетіп, ассоциацияны толтыр.
- Адасқан сөздерден жазға қатысты тіркестер құрастыр:
жаз жайдарлы шуақты көңілді бойыңды бормен сабақты
Нәтиже
Тапсырмалар орындалды — күннің көзі ашылды, саяхат жалғасады.
II деңгей: Гүлге көмектесу
Жаздың сәні — гүлдер. Жел күшейіп, гүлдің күлтелері ұшып кетіпті. Гүлді қалпына келтіру үшін тапсырмаларды орындаймыз.
1) Жаз туралы мақал-мәтелдер
- Жаздың бір күні — қыстың мың күнін асырайды.
- Қаз келсе, жаз келер.
- Қарға келсе, қатқақ келер.
- Шағала келмей жаз болмас, шаңқан келмей боз болмас.
- Жаз сайға қонба, қыс қырға қонба.
- 2) Жаз туралы білетін өлең шумақтарыңды оқып бер.
- 3) Өзің тұратын жердегі жаз мезгілінің суретін сал.
Нәтиже
Күлтелер табылды — гүл қайта жайнады. Саяхат әрі қарай жалғасады.
III деңгей: Көбелектер әлемі
Айнала жұпар иісті гүлдерге толы. Гүлге қонып-ұшқан әсем көбелектерді көру үшін соңғы тапсырмаларды орындаймыз.
1) Өлеңді ұйқаспен жалғастыр
Балақай-ау, балақай, Жаз келеді-ау, алақай. Жалаңаяқ жүреміз, Балақты да түреміз. Көлден балық сүземіз. … … …
Үлгі
Тау мен тасты кеземіз, Сан қызықты көреміз. Сайдан жидек тереміз, Алтыбақан тебеміз.
2) «Жарқын жаз» тақырыбына шағын эссе
Оқушылар жаздың ерекшеліктерін, табиғат көріністерін, демалыс қызықтарын сипаттап, қысқа мәтін жазады.
Мұғалім уәдесі
Тапсырмалар орындалса, көбелектер бейнеленген таратпа материалдары көрсетіледі.
Нәтиже
Оқушылар тапсырмаларды сәтті орындады — көбелектер көрсетілді.
Қорытынды және рефлексия
Бағалау
Сабақ барысында жиналған бағалау белгілері салыстырылып, санына қарай оқушылардың нәтижесі бағаланады.
Мұғалімнің қорытындысы: «Бүгінгі сабақ қызықты өтті. Білмегендеріңді үйреніп, білетіндеріңді көрсеттіңдер. Белсенділік жоғары болды».
Үй тапсырмасы
- «Жаз келер» өлеңін жаттап келу.
- «Жазғы демалыс» тақырыбына шығарма жазу.