Тапқышбектер аялдамасы
Тақырыбы
«Білімді мыңды жығады»
Мақсаты
- Оқушылардың алған білімдерін жан-жақты дамыту.
- Ойлау қабілеті мен еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
- Өз ұлтының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын құрметтейтін азамат тәрбиелеу.
Түрі
Талаптылар, білімділер сайысы
Барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сайысқа 5–8 сыныптардан әр сыныптан бір оқушы қатысады. Мақсат — жан-жақты білімді, тапқыр оқушыны анықтау.
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу — алға қойған мақсат. Әрқашан да мектепте жақсы аты шығып жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
- А) Әділқазы алқасын тағайындау.
- Ә) Қатысатын оқушыларды таныстыру.
Сәт сапар тілей отырып, сайысымызды бастаймыз: өнер көрсетіңдер, жасқанбаңдар!
2) 1-тур: «Болашақ мектебім» — суретшілер аялдамасы
Әр оқушы берілген тақырып бойынша сурет салып, өз жұмысын таныстырып, идеясын қорғайды.
Бағалау бағыты
Идея, композиция, ұқыптылық, қорғау сапасы.
Нәтиже
Шығармашылық ойлау мен сөйлеу мәдениеті дамиды.
3) 2-тур: «Кім көп біледі?» — білімпаздар аялдамасы
Оқушылар салт-дәстүр мен тарихқа байланысты сұрақтарға жауап береді. Негізгі мақсат — ұлттық құндылықтарды тану және құрметтеу.
Бұл кезеңде жылдамдық, дәлдік және ойды жүйелі жеткізу маңызды.
4) 3-тур: «Өнерліге өріс кең» — өнерпаздар аялдамасы
Құлақтан кіріп, бойды алар —
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Оқушылар өз өнерлерін ортаға салады: ән айту, күй орындау, өлең оқу, сахналық көрініс және өзге де шығармашылық нөмірлер.
5) 4-тур: «Сен білесің бе?» — тапқырбектер аялдамасы
Математика пәні бойынша логикалық тапсырмалар орындалады. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
-
1) Бір санды 9 есе арттырғанда 27 шығады. Ол қандай сан? Жауабы: 3
-
2) 7 цифрымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық, 310-нан кем. Берілген санды тап. Жауабы: 307
-
3) Бөлмеде 6 үстелдің әрқайсысында 4 орындық, 4 үстелдің әрқайсысында 2 орындық және 3 үстелдің әрқайсысында 6 орындық бар. Барлығы неше орындық? Жауабы: 50
-
4) Самат кішкентай кенгурулерді мына ретпен бояйды: көк, жасыл, қызыл, қара, сары, көк, жасыл, қызыл… Осы ретпен жалғаса береді. 17-ші кенгурудің түсі қандай? Жауабы: жасыл
-
5) 360000 секунд қанша сағатқа тең? Жауабы: 100
6) 5-тур: «Жалғасын тап» — мақалшылар аялдамасы
Берілген мақалдардың жалғасын тауып, толық айтып шығыңыз:
1) Досы көпті жау алмайды, …
2) Білекті бірді жығар, …
3) Жеті жұрттың тілін біл, …
4) Отыз тістен шыққан сөз, …
5) Білгенің бір тоғыз, …
6) Екі жақсы қас болмас, …
7) Досыңды үш күн сынама, …
8) Бір елі ауызға — …
9) Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені, …
10) Екі кеменің басын ұстаған …
Қорытынды
Келгенде жанға бақ күліп,
Сайысқа жаңа жақты үміт.
Әрқашан алда жүріңдер,
Мектептің даңқын арттырып!
Соңында әділқазы алқасының шешімі жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.