Екінші қыз
Пәні мен сыныбы
- Пән
- Қазақ әдебиеті
- Сынып
- 8-сынып
- Мұғалім
- Қайрақбаева Алмагүл Базарбаевна
- Сабақтың тақырыбы
- Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Сабақ мақсаты
Білімділік
Шәкәрімнің өмірбаянына қатысты қосымша мәлімет беру, ақын өміріне қысқаша шолу жасау, поэманың тақырыбы мен идеясын ұғындыру.
Дамытушылық
Поэманың композициясы мен сюжеттік дамуын, жанрлық сипатын және көркемдік ерекшелігін сұрақтар мен тапсырмалар арқылы талдату; оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Салт-дәстүрді тануға және құрметтеуге, адалдық пен достыққа беріктікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Психологиялық ахуал
- «Анадан алғаш туғанда» әні арқылы оқушыларды топқа бөлу.
- Сәлемдесу: оқушылар бір-біріне гүл шоғы арқылы тілек білдіреді.
- Сабаққа жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Топқа бөліну
Түстер арқылы топқа бөлу: қызыл және сары гүлдер.
Топ 1
Қызыл гүл
Топ 2
Сары гүл
Оқу әрекеттері (деңгейлер бойынша)
Білу
АКТ: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы.
Түсіну
Кітаппен жұмыс, «Миға шабуыл»: «Қалқаман – Мамыр» поэмасы.
Әдістер
СТОҮ, диалогтық оқыту, «Кемпірқосақ» тәсілі.
Қолдану
Поэма мазмұны бойынша тапсырмалар орындау.
Қолдану тапсырмалары
I. Салт-дәстүр көріністері
- Жақыннан қыз алмау
- Уәдеге беріктік
- Қалың мал беру
- Құда түсу
- Бастаңғы жасау
- Бата беру
II. Заман шындығын сұрыптау
- Теңсіздік
- Жастардың бас бостандығы
- Қалың мал мәселесі
- Оққа байлау
- Жесір дауы
III. Жер-су атаулары
Поэмада кездесетін жер-су атауларын теріп жазу.
Оқушы жазбасы үшін орын
Сергіту сәті
«Сілку» және «Лапша» тренингі арқылы оқушылардың тұла бойын сергітуге жағдай жасау.
Талдау
Поэма бойынша талдау
- Композиция, сюжет, кейіпкерлерге мінездеме.
- Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Шәкәрім шығармашылығы
- Шәкәрімнің өмірі мен шығармаларын топтастыру.
- «Махаббат» ұғымын талдау (мәні, құндылығы, көрінісі).
Жинақтау
Рөлдік ойын (көрініс)
Көрініс 1
Әнет баба ойланып отыр.
Олжай: О, қасиетіңнен айналайын, Әнет бабам! Қапы қалдық.
Әнет: О, Құдайым, өзің сақтай көр. Жүрісің суыт, не хабармен келдің?
Олжай: Қиын шаруа болып тұр. Балам Қалқаман Мамырды алып қашып келді. Тобықты жақыннан қыз алмаушы еді. Нендей ақыл бересің, баба?
Әнет: О, Құдайым! Бір сорға душар қылайын дегенің бе? Түсімде жаман түс көріп едім, жорымын білмей отыр едім. О, тоба! Қателесесің-ау. Бітіспейтін бір іске кез болдым-ау, балам. Көкенайдың мінезі қатал еді. Кешіре алар ма екен?
Әнет: Уа, Олжай, болар іс болды. Тобықтыға хабар қыл. Малын аямасын. Мәмбетейдің көмейін малмен тығындасын.
Олжай: Құп болады, баба! Айтқаныңды қалың Тобықтыға жеткіземін.
Көрініс 2
Мамыр қыз-келіншектермен келе жатады.
Бірінші қыз: Мамыр-ау, ауылға да келіп қалдық. Мына қырдың асты — сенің ауылың.
Екінші қыз: Иә, ауылыңды да сағынған шығарсың.
Мамыр: Иә, сағындым ғой. Қайран менің туған ауылым. Самал желіңді сағындым-ау. Жұпар аңқыған көк шөбіңді сағындым.
Жеңгесі: О, жасаған! Мына келе жатқан — Еркежаным ба? Құдай-ау, сені де көретін күн болады екен-ау!
Мамыр: Иә, жеңеше. Туған жердің қадірін ұзатылған қыз білмегенде, кім білсін. Сағындық қой туған жердің қасиетті топырағын.
Жеңгесі: Иә, қарағым-ай… Қайтсін-ай, енді. Жүре ғой, қарғам, үй жаққа.
Шиеленіс
Сол кезде қара киімді Көкенай шығады.
Көкенай: Әй, қойшы бала, анау келе жатқан топ кімдер? Айт, жаныңның барында!
Қойшы: Ол — Мамыр көкем ғой, төркіндеп келе жатқан.
Көкенай: Ах, жүзіқара! Ұялмай ауылға келе жатқанын қара! Сенің құның — бір оқ қана. Әй, ессіз малғұндар, кетіңдер ана жүзіқараның қасынан! Былай тұрыңдар, егер өлгілерің келмесе. Қазір атамын, атаңа нәлет жүзіқараны!
(Мамыр жүрегін ұстап құлайды.)
Мамыр: О, Алла жаным! Көкенай, қарғамаймын сені. Ақтық сөзімді тыңда. Менің ісім — ақ. Жазығым тек Қалқаманды сүйгенім. Сенен өлер алдындағы ақтық тілегім: Қалқаманды өлтіре көрме. Обалыма қалма, жазықсыз жанның… Мойныңа бір қан жүктегенің жетер. Өлтіре көрме Қалқаманды. Қалқаман, қош, аман бол!
(Сахна жабылады.)
Бағалау
«Ыстық орындық» әдісі
Әр оқушыға бағалау парағы таратылады. Оқушы өз жауабын қорғайды, сынып сұрақ қояды және кері байланыс береді.
Рефлексия
«Өрмекші торы» әдісі
Тақырып бойынша қорытынды ой: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы және «Қалқаман – Мамыр» поэмасының идеялық мәні.
Үй тапсырмасы
Мәтінмен жұмыс
«Қалқаман – Мамыр» поэмасының толық нұсқасын жүктеп, мазмұны бойынша қысқаша жоспар құру.
Қосымша материал
Сабақ слайдын жүктеп, негізгі ұғымдар мен салт-дәстүр атауларын қайталау.