Тасмола мәдениеті

Сабақтың тақырыбы

Үйсіндер

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: Үйсіндердің орналасқан жері, жазба деректері, қоғамдық құрылымы, мүлік теңсіздігі, шаруашылығы, салт-дәстүрі және діни нанымдары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздығын дамыту; өздігінен жұмыс істеу, салыстырмалы талдау жасау, ойын жүйелі әрі нақты жеткізу дағдыларын жетілдіру; тарихи ойлауын қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа тәрбиелеу; өткенін біліп, келешегін болжай алатын саналы ұрпақ қалыптастыру.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі
Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс
Пәнаралық байланыс
География, бейнелеу өнері, технология
Көрнекіліктер
Карта, тірек-сызбалар, суреттер

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа назар аударту.
  2. Үй тапсырмасын тексеру: «Кім жүйрік?» сұрақ-жауап.
  3. Жаңа сабақ: үйсіндердің орналасуы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы, кәсібі, салт-дәстүрі мен діни нанымдары.
  4. Бекіту: балама тест (иә/жоқ).
  5. Қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасы: §21 оқу, үйсіндер туралы қосымша ізденіс.

Үй тапсырмасын сұрау: «Кім жүйрік?»

Тақырып: Солтүстік Қазақстанның табиғаты, шаруашылығы және сақ дәуірі ескерткіштері.

Сұрақтар (1–8)

  1. Солтүстік Қазақстанға қай аймақтар жатады? Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстік бөлігі.
  2. Ертеден қандай шаруашылықпен шұғылданған? Балық аулау, егіншілік және мал шаруашылығы.
  3. Қысқы жайылымдар қай аймақтарда орналасқан? Оңтүстікте.
  4. Тұрғындары кімдер болған? Савроматтар, аргиппейлер, исседондар.
  5. Геродот тұрғындардың өмір салтын қалай сипаттады? Қыста ағашты қалың ақ киізбен жауып, соның астына паналайды; оларды әулие тұтып, ешкім тиіспейді деп жазады.
  6. Солтүстік Қазақстан халқының мәдениеті қай тайпаның мәдениетіне ұқсас? Сақтардың мәдениетіне.
  7. Мал бағудың ерекшеліктері қандай болды? Қой көп, жылқы басты орында; жазда жайлауда, қыста тебінде жайылды; қар қалың түскенде ұзақ жайыла алмады; ауа райының күрт өзгеруі тіршілікті қиындатты.
  8. «Жұт» дегеніміз не? Жерді мұз басып, мал шөп таба алмай аштан қырылатын жағдай.

Сұрақтар (9–16)

  1. Жұт қанша жылда қайталанып тұрған? 6–8 немесе 10–12 жыл сайын.
  2. Жұтқа қарсы қалай күресті? Мұзды бұзу үшін жылқы табындарын айдап өткізу; малды басқа жаққа көшіру; жайылымды күреп тазалау.
  3. Жайық пен Ертіс арасында сақ үлгісіндегі мәдениеттің қалыптасуына не әсер етті? Тасмола мәдениеті.
  4. Ұлыбай атрабының ескерткіштері қандай оба? Тасмолаға ұқсас мұртты обалар.
  5. Бұл өңірде жақсы зерттелген қандай ескерткіштер бар? Бірлік, Алыпқаш, Покровка, Бектеңіз.
  6. Қарлыға, Бөркі, Кеңөткел қоныстарынан не табылды? Қыш ыдыс қалдықтары, қола пышақтар, жебе ұштары, қанжарлар, бүйірлі керамикалық ыдыстар.
  7. Темір бұйымдардың мерзімі көрші аймақтармен салыстырғанда қанша ғасыр ертерек? 2–3 ғасыр ертерек.

Жаңа сабақ: Үйсіндер

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ерте темір дәуірінде сақтардан кейін Жетісу жерінде үйсін тайпалары мекендеді. Үйсіндер — Орта Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі.

Олар Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстанда және Тарбағатай бөктеріндегі далалы өңірлерде тарихи із қалдырды. Үйсіндер шамамен б.з.б. III ғ. пен б.з. V ғ. аралығында өмір сүрді. «Үйсін» атауы қытай жазбаларында б.з.б. II ғасырдан бастап кездеседі.

Қытай деректерінде олар «ат жақты, аққұба, сары шашты» деп сипатталады. Үйсіндердің ордасы — Қызыл Аңғар (Чигу) қаласы — Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасқан.

Жетісу өңіріндегі үйсін қорымдарынан алынған бас сүйектер антропологиялық тұрғыдан еуропеоидтық сипатта болғанымен, бет пішіндерінде монғолоидтық белгілердің бар екені анықталған.

Ежелгі қытай деректеріне сай, «үйсіндер шөбі мен суы мол жерлерді таңдап, малмен бірге бір орыннан екінші орынға көшіп жүреді». Өкінішке қарай, үйсіндердің мәдениеті, тілі мен жазуы туралы толық дерек сақталмаған.

Деректерде «Үйсіндерде 120 мың отбасы, 630 мың тұрғын, 188 800 жауынгер болған» деп көрсетіледі.

Ертедегі үйсіндердің дүниетанымында өлген адам қайта тіріледі деген сенім болған. Сондықтан жерлеу кезінде марқұмға о дүниеде қажет болады деп есептеген заттарды қоса көмген. Үйсіндер жаратушы күшке сеніп, құрбандық шалған.

Сабақтың негізгі бағыттары

  • 1. Үйсіндердің орналасқан жері
  • 2. Қоғамдық құрылысы
  • 3. Шаруашылығы
  • 4. Кәсібі (қолөнері)
  • 5. Салт-дәстүрі мен діни нанымдары

Үйсіндердің қоғамдық құрылысы

Билік жүйесі

  • Басшысы: Гуньмо
  • Бағынғандар: тайпа көсемдері, ұсақ ру басылары
  • Қоғам құрамы: тайпа-ру басылары, ауқатты адамдар, жасауылдар, абыздар және бұқара халық

Әлеуметтік жіктелу

Теңсіздік

Үйсін қоғамында мүліктік теңсіздік қалыптасты.

Байлар

  • 4–5 мың жылқыға дейін иелік еткен.
  • Балшықтан, тастан, сондай-ақ алтын және мыс мөрлері болған.
  • Жібек, биязы жүн және матадан тігілген киім киген.

Меншік және еңбек

Жеке меншік

  • Жылжымалы мүлік: мал.
  • Жылжымайтын мүлік: жер мен су.

Құлдар

Соғыста түскен тұтқындар. Негізінен үй шаруашылығында еңбек еткен.

Қарапайым адамдар

Жүннен тоқылған, былғарыдан және қой терісінен тігілген киім киген.

Үйсіндердің шаруашылығы және тұрмысы

Мал шаруашылығы

Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Жетісудың табиғаты көп мал ұстауға мүмкіндік берді.

Олар Мойынқұм мен Балқаш өңірлерінде қыстап, жаз жайлауға көшкен. Жайлау мен қыстау арасы шамамен 20–100 км болған.

Өсірген түліктері

Қой, жылқы, сиыр, қос өркеш түйе, ешкі.

Егін шаруашылығы

Үйсіндердің бір бөлігі егіншілікпен де айналысқан. Бұл қазба жұмыстары кезінде табылған тас кетпендер, орақтар және дәнүккіштер арқылы дәлелденеді.

Егіншілік түрлері

  • Суармалы егіншілік
  • Тәлімді егіншілік

Бау-бақша және дәнді дақылдар өсірген.

Баспана

Тұрақты қоныс

Үйсіндер тұрақты үйлерде тұрған.

Қысқы үйлердің құрылысы

Шикі кірпіштен, тастан және балшықтан қаланған. Едені балшықпен сыланып, қақ ортасына жер ошақ салынған.

Кәсіпшілік және қолөнер

Былғары өңдеу

  • Ыдыстар
  • Аяқ киім
  • Тері шалбар, бешпет
  • Әртүрлі киім-кешек

Сүйек, ағаш, саз, тас

Сүйектен

Пышақ саптары, жебе ұштары, түймелер.

Ағаштан

Астау, табақ, тостаған, ожау ойып жасалған.

Саз балшықтан

Қыш құмыралар.

Тастан

Кетпен, диірмен, келі, қайрақ, тас ұршықбас; асыл тастардан моншақтар.

Темір өңдеу

  • Балта
  • Орақ
  • Пышақ
  • Біз, шеге
  • Қазан
  • Қару-жарақ

Бекіту сұрақтары: балама тест (иә/жоқ)

Төмендегі тұжырымдардың дұрыстығын белгілеңіз.

Тұжырымдар (1–8)

  1. Үйсіндер темір дәуірінде өмір сүрген.
  2. Үйсіндер Жетісуды мекендемеген.
  3. «Үйсін» атауы қытай жазбаларында б.з.б. II ғасырдан бастап кездеседі.
  4. Үйсіндер б.з.б. III ғасыр мен б.з. V ғасыр аралығында өмір сүрген.
  5. Үйсіндердің ордасы Қызыл Аңғар (Чигу) емес.
  6. Үйсіндер антропологиялық жағынан еуропеоидтер.
  7. Олардың бет пішінінде монғолоидтық белгілер жоқ.
  8. Чигу қаласындағы үйсіндердің халқы 630 мың, әскері 188 800 жауынгер болған.

Тұжырымдар (9–15)

  1. Үйсіндердің басшысын «бек» деп атаған.
  2. Қарапайым бұқара халық егіншілер мен малшылардан тұрған.
  3. Үйсіндерде жеке меншік болмаған.
  4. Үйсіндер мал және егін шаруашылығымен айналыспаған.
  5. Үйсіндерде қолөнер кәсібі дамыған.
  6. Үйсіндер жаратушы күшке сенбеген.
  7. Үйсіндер түсінігі бойынша өлген адам қайта тіріледі деп сенген.

Үй тапсырмасы

Міндетті

§21 оқу.

Қосымша

Үйсіндер туралы қосымша деректер тауып, қысқаша мәлімет дайындап келу.